Агломерация
Агломерация, елді мекендер агломерациясы – экономикалық, мәдени және тұрмыстық жағынан бір-бірімен тығыз байланысты елді мекендердің (әсіресе қалалардың) шағын аумаққа топтануы, шоғырлануы. Урбандалу процестерінің бірі және негізінен индустралдық аймақтарға ғана тән құбылыс. Агломерация көбінесе жеке ірі қаланың (ядроның) төңірегінде қалыптасады; кейде бірнеше ядролы Агломерация да болады.[1] Агломерация өнеркәсіп өндірісі мен еңбек ресурсының аумақтық шоғырлануын сипаттайды, яғни мұнда өнеркәсіп, инфрақұрылым, ғылым және білім беру ісінің салалары қатар дамиды, соған байланысты халық тығыз қоныстанады. Агломерация өзінің төңірегіндегі аймақтың экономикалық және әлеуметтік жағынан өркендеуіне үлкен ықпалын тигізеді. Еліміздегі ірі елді мекендер Агломерациясы – Алматы, Қарағанды, Шымкент, Қостанай – Рудный, Павлодар – Ақсу қалалары. [2]
Сілтемелер
өңдеуДереккөздер
өңдеу- ↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
- ↑ 1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |