Акула (лат. Selachioidei; көне норвегше haccal — балық) — тақтажелбезектілер класы тармағына жататын балық.

Акула
Қазбалық ауқымы: Соңғы Девон — Ағымда
Carcharhinus amblyrhynchos
Carcharhinus amblyrhynchos
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Animalia
Жамағаты: Chordata
Кіші жамағаты: Vertebrata
Табы: Шеміршекті балықтар
Кіші табы: Elasmobranchii
Ұлы сабы: Selachimorpha

Казіргі таңда акуланың 450-ден астам түрі бар: олар 6 отрядқа, 20 тұқымдасқа бөлінеді. Акула барлық теңіздер мен мұхиттарда кең тараған, тұщы суларда да (Амазон, Ганг) кездеседі.

Сипаты

өңдеу

Денесінің ұзындығы 15 см-ден 20 м-ге дейін болады, салмағы 14 т-ға дейін тартады. Дене пішіні сүйірлеу, тұмсығы ұзын, аузы алқымға таяу орналасқан. Құйрық қанатының үстіңгі қалақшасы астыңғысынан үлкен болып келеді. Қаңқасы шеміршекті, тістері өткір, торсылдағы және желбезек қақпағы болмайды, басының екі жағында 5-7 жұп желбезек саңылаулары бар. 2 қатарлы 1500-2000 -ға жуық тістері бар.

Тірлік жағдайы

өңдеу

Акуланың көру қабілеті жақсы жетілмеген, ал иіс сезу қабілеті өте жақсы жетілген және судың майда дірілін бүйір сызығы арқылы сезе алады. Жемін аулауы осы екі қасиетіне негізделген. Олардың көпшілігі ірі жануарларды аулайды. Ең ірілері кит акуласы (15 метрге дейін) мен алып акула (20 м-ге дейін) планктонмен қоректенетіндер тобына жатады. Акула іштей ұрықтанады, көпшілігі ірі мүйіз қабығы бар жұмыртқа салады, кейбіреуі ұрпағын тірі туады. Акуланың 50-дей түрі қатерлі жыртқыш болып саналады. Олар көп жағдайда күндіз адамдар көп шомылатын тропикалық суларда жағаға жақын жерлерге келіп, шабуыл жасайды. Кейбір түрлерінің кәсіптік маңызы бар.

Акуланың көпшілігі тропикалық сулардан ауланады, бауырынан май алынады, етінен тағам, қаңқасынан желім жасалынады, терісін де пайдаланылады. Қазақстанда акуланың қазба қалдықтары бор кезеңінен бастап кездеседі, кең тараған уақыты — палеоген кезеңі.[1][2]

Тістері

өңдеу

Акулалардың тістері үлкен немесе кішкентай, үшкір немесе доғал, кетілген немесе біркелкі болады. Тістерінің пішіні мен өлшемдері олардың қоректеріне байланысты. Акулалардың жақтарында бірнеше тіс қатарлары болуы мүмкін. Тістері осы қатарлардағы қызыл иектерге бекітілген. Егерде бір қатар тістерінен айырылса, келесі қатарын қолдана береді. Акулалардың кейбір түрлері өмір бойы тістерін ауыстырып жүреді, олар өмірлерінде шамамен 30 000 тіске дейін ауыстырып үлгереді.

Қызықты деректер

өңдеу
  • Ең ірі теңіз балығы — китпошымды акула.
  • Ақ акула — каркарадон — теңіз етқоректі балықтарының ең үлкені.
  • Акула 1000 л суда ерітілген 1 г қанды сезе алады.

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3


  NODES
os 3