Ауыз қуысы

(Ауыз бетінен бағытталды)

Ауыз қуысы (лат. cavum oris) — ас (азық) корыту жүйесі бас бөлімінің аддыңғы бөлігі. Ауыз қуысының сүйектік негізін: тұмсық сүйек, жоғарғы жақ сүйек, таңдай сүйек, төменгі жақ сүйек, тіл асты сүйек құрайды. Ауыз қуысының жоғарғы және төменгі еріндер аралығындағы кіреберіс тесігін — ауыз саңылауы, ал оның тіл түбірі мен жұмсақ таңдай аралығындағы жұтқыншаққа шығатын тесігін — есін деп атайды. Ауыз қуысының алдыңғы сыртқы қабырғасын — жоғарғы және төменгі ерін, ішкі қабырғасын — күрек тіс пен қызыл иек, екі бүйірінің сыртқы қабырғасын — оң және сол ұрт, ішкі қабырғасын — оң және сол жақтағы азу тістер мен қызыл иек, төбесін — қатгы және жұмсақ тандай, ал төменгі жақаралық кеңістікте орналасқан ауыз қуысының түбін тіл құрайды. Ауыз қуысы ағзаларына аталған мүшелерден басқа қабырғалық (интрамуральды) майда сілекей бездері (ерін, тіл, таңдай, ұрт сілекей бездері) және ауыз қуысы қабырғасынан тыс жатқан ірі (экстрамуральды) сілекей бездері (қүлақ түбі, төменгі жақ және тіласты жүп сілекей бездері) жатады. Ауыз қуысы екі бөліктен: ауыз қуысының кіре берісінен және негізгі ауыз қуысынан тұрады. Ауыз куысында ас (азық) механикалық өңдеуден өтеді: ол шайналады, ұсақталады, сілекеймен араласып жібиді, жүтуға дайындалады. Сілекей құрамындағы ферментгердің әсерінен ас (азық) құрамындағы крахмал қорытыла бастайды (глюкозаға ыдырайды).[1]

ӨкпеҚабырғаМұрын қуысыТанауАуыз қуысыЖұтқыншақКөмейКеңірдекБронхыБронхиолаДиафрагма
Дем алу жүйесі

Жалпылама

өңдеу

Астың өңделіуі ауыз қуысынан басталады. Ол екі бөлімнен тұрады. Олар: ауыз кебіргісі және нағыз ауыз қуысы. Астыңғы және үстіңгі жақсүйетері ашпай, тістетініп тұрғанда, ауыз кіреберісі айқын көрінеді. Ауыздың сәл ашылуы ауыз қуысы болып саналады. Ауыз кіреберісі жағынан еріндер және ұртпен, ішкі жағынан тістер мен қызылиекпен шектеледі. Ұрттың сыртқы жағын бұлшықттер қаптайды және ұрт еріндерімен ұласады. Ауызды кең ашқанда нағыз ауыз қуысы көрнеді. Нағыз ауыз қуысы астыңғы және үстіңгі жақсүйектерде орналасқан тістермен басталып, соңғы жағы аранмен шектеледі. Ауыз қуысының үстіңгі жағында, қатты таңдай сүйегі жұмсақ таңдай жалғасып, таңдай ең жұмсақ таңдай ауыз қуысын кеңсіріктен бөліп тұрады. Ауыз қуысында 3 жұп сілекей бездерінің өзегі ашылады. тағам алдымен ауыз қуысында шайланып ұсақталады әрі сілекеймен араласып, жұтылады. Тамақты жұту күрделі физиологиялық үдеріс.

Дереккөздер

өңдеу
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9
  NODES