Ағылшын тілі
Ағылшын тілі (ағылш. English, English language) — Үнді-Еуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аралдарының аумағын ежелде басып алған Англосаксондардың тілі, бірақ жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.
Ағылшын тілі | |
Өз атауы: |
English, English language |
---|---|
Айтылуы: |
/ˈɪŋglɪʃ/ |
Елдер: |
Аустралия, Канада, Үндістан, Ирландия, Ямайка, Кения, Либерия, Малайзия, Жаңа Зеландия, Нигерия, Филиппин, Оңтүстік Африка Республикасы, Сингапур, АҚШ, Ұлыбритания т.б. елдер |
Ресми күйі: |
Көп қолданатын: Антигуа және Барбуда, Барбадос, Белиз, Ботсвана, Бруней, Доминикан Республикасы, Гамбия, Гренада, Гвинея, Ямайка, Либерия, Багам аралдары, Құрама Патшалық (de facto), Америка Құрама Штаты (de facto), Аустралия (de facto) |
Сөйлеушілер саны: |
400 млн – ана тілі |
Рейтинг: |
2-ші, 3-ші |
Классификация | |
Санаты: |
Еуразия тілдері |
Жазуы: | |
Тіл коды | |
МЕСТ 7.75–97: |
анг 45 |
ISO 639-1: |
en |
ISO 639-2: |
eng |
ISO 639-3: |
eng |
Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика |
Қолданылуы
өңдеуАғылшын тілі — халықаралық тіл (де-факто - лингва франка). Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай және испан тілінен кейінгі халық саны бойынша ана тілі ретінде ең көп пайдаланылатын тіл. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады.
Таралуы
өңдеуАғылшын тілі — БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады. Ағылшын тілі — дүние жүзіне ең кең таралған тіл. Үнді-Еуропа тілдерінің батыс герман тілдеріне жатады. Ағылшын тілі құрылымы жағынан флективті. Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Жаңа Зеландияның мемлекеттік тілі болып табылады. Канадада (француз тілімен қатар), Ирландияда (ирланд тілімен қатар) мемлекеттік қос тілдің бірі. БҰҰ-да қабылданған ресми алты тілдің негізгісі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді.
Қазақстанда мамандар дайындау
өңдеуҚазақстанда да 20 ғасырдың 50-жылдарынан бастап Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, өзге де жоғары және орта оқу орындарында Ағылшын тілі оқытылып, мамандар дайындалады. Жеке пән түрінде мектеп бағдарламаларына енгізілген.
Тарихы
өңдеуАғылшын тілінің түп-төркіні 5-6 ғ-да құрлықтан Британ аралына қоныс аударған англ, сакс, ют тайпалары мен аралдағы байырғы кельт (бриттер) тайпаларының тілі болып саналады. Ағылшын тілінің даму тарихы ежелгі ағылшындық (7-11 ғ.), орта (12-15 ғ.) және жаңа (15 ғ-дан бері) дәуір болып үш кезеңге бөлінеді.
Жазуы
өңдеуАғылшын тіліндегі жазба ескерткіштер 7–8 ғасырлардан белгілі. Ол уақытта ағылшындар руна жазуын пайдаланып, тасқа, ағашқа, сүйекке ойып жазған. 6–7 ғасырларда ағылшындар арасында христиан дінінің таралуына байланысты руна жазуы қолданыстан шығып, латын әліпбиі қолданыла бастады. Ағылшындар латын әліпбиін ілгері дамытып, оған W, J және V әріптерін қосты. 1066 жылы Англияны нормандар басып алды да, мемл. тіл — француз тілі болып, Ағылшын тілі қарапайым халықтың сөйлеу тілі есебінде сақталды. 1476 жылы Англияда ағылшын тілінде кітап басып шығару басталды. Бұл жағдай Лондон диалектісі негізінде ағылшынның жазба әдеби тілін қалыптастырды. Ағылшын жазуы – герман тілдері тобына жататын ағылшын тілінің жазуы. А.ж. ежелгі герман (ют, сакс, ағыл.) тайпаларының руна жазуы түрінде пайда болған. V–VII ғасырларда латын және руна жазуының таңбалары араласып жүрген.
Ағылшын-қазақ транскрипциясы
өңдеуӘріптер бойынша
өңдеуОрфография | RP-да айтылу | Қазақша беріледі | Пайдаланған кезде | Мысал |
---|---|---|---|---|
a | [eɪ] | эй | ашық буында | Avery → Эйвери Lake [leɪk] → Лэйк |
[æ] |
екі жүйе бар: |
жабық буында |
сәйкесінше: | |
[ɑ], [ɑː] | а | Bath [bɑːθ] → Бат | ||
[ə] | а, е | өңделмеген | Alabama [æləˈbæmə] → Алабама
Дәстүрлі: | |
[ɪ], [iː] | і, и | әдетте соңында -age, -ate | Village [ˈvɪlɪʤ] → Виллидж | |
[ɔ], [ɔː] | o | w-дан кейін | Warren [ˈwɔrən] → Уоррен | |
ae, æ | [iː] | и | Aegis [ˈiːʤɪs] → Иджис | |
[æ] | ә | Caedmon [ˈkædmən] → Кәдмон | ||
[ɑː] | а | Caerleon [kɑːˈliːən] → Карлион | ||
ai, ay | [eɪ] | эй | Aidan [ˈeɪdən] → Эйдан Clay [kleɪ] → Клэй | |
[ɪ], [iː] | и | соңында болады -ain | Newquay [ˈnjuːkiː] → Ньюки Sunday [ˈsʌndɪ] → Санди Mountain View → Маунтин-Вью | |
ai | [ə] | е буын алдында l және n, басқа жағдайларда алынып тасталды |
New Britain [njuː ˈbrɪt(ə)n] → Нью-Бритен | |
— | ||||
air, aire, ayr | [ɛə] | эр (ер қатаң дауыссыз және л-дан кейін) | Fairhall [ˈfɛəhɔːl] → Фэрхолл | |
al (+дауыссыз) | [ɔː] | о | ||
[ɔːl] | ол | Albany [ˈɔːlbənɪ] → Олбани | ||
[æl] | ал немесе әл | |||
ar, are | [ɑː] | ар | Carnaby [ˈkɑːnəbɪ] → Карнаби | |
[ær] | aр или әр | Carrie [ˈkærɪ] → Кәрри | ||
[ɛə], [ɛər] | эр (ер қатаң дауыссыз және л-дан кейін) | Delaware [deləwɛə] → Дэлавэр | ||
au, aw, augh(e) (қазіргі ағылшын тілі) | [ɔ], [ɔː], [оː] | о | Law [lɔː] → Ло | |
b | [b] | б | Selby [selbɪ] → Сэлби | |
— | не б, не қарастырылмайды | әдетте сөз соңында | Lamb [læm] → Лам | |
c | [s] | с | көбінесе e, i, y алдында | City [ˈsɪtɪ] → Сити |
[k] | к | Carn Brea → Карн-Бри | ||
[ʃ] | ш (-cia → -шия) | Phoenicia [fɪˈnɪʃɪə] → Финишия | ||
ch | [ʧ] | ч | Churnet [ˈʧɜːnɪt] → Чөрнет | |
[ʤ] | дж | әдетте -wich-пен үйлесімде | Woolwich → Вулидж | |
[k] | к | кірме сөздерде | Christopher → Кристофер | |
[ʃ] | ш | француз тілінен және ia, io алдында | Chardon → Шардон | |
[x] | х | шотланд тілінен | Loch [lɔx] → Лох | |
ck | [k] | к (кк емес, тіпті дауысты дыбыстар арасында!), морфемалардың түйісуінен қоспағанда | Pickering → Пикеринг бірақ: Mackenzie → Маккензи | |
d | [d] | д | Dick → Дик | |
— | қалдырылады | Wednesday → Уэнсди | ||
e | [iː] | и (бірақ е латын атауларында) | әдетте ашық буында | Eden [ˈiːdən] → Иден бірақ: Cordelia → Корделия |
[e], [ə] | э е |
Benson [ˈbensən] → Бэнсон | ||
[ɪ] | и немесе і | екпінді | English River → Инглиш-Ривер | |
[ɪ] | е немесе и, і | екпінсіз | Dorset [ˈdɔːsɪt] → Дорсет Report → Рипорт | |
— | сөздің соңында қалдырылады (және күрделі сөздің бөліктер), сондай-ақ s алдында; басқа жағдайларда е арқылы беріледі |
Russel [rʌsl] → Рассел | ||
ea | [iː] | и | Keats → Китс | |
[ɪ] | е немесе и | Binstead → Бинстед | ||
[e] | э | Breasted → Брэстед | ||
[eɪ] | эй | Breakspear [ˈbreɪkspɪə] → Брэйкспир | ||
[ɪə] | ие, иа | Galatea [gæləˈtɪə] → Галатиа | ||
ear | [ə] | эр (ер дауыссыз және и-ден кейін) | Earl → Эрл | |
[ɛə] | эр (ер дауыссыз және и-ден кейін) | Bear → Бэр | ||
[ɪə] | ир | Dearne [dɪən] → Дирн | ||
ee | [iː] | и | Lee → Ли | |
eer | [ɪə] | ир | Geer → Гир | |
ei | [iː], [ɪ] | и | Neil → Нил | |
[aɪ] | ай | әдетте неміс тегінде | Reilly [ˈraɪli] → Райлли | |
[eɪ] | эй | Leiston → Лэйстон | ||
eigh | [aɪ] | ай | Heights → Хайтс | |
[eɪ] | эй | |||
eir | [ɪə] | ир | Weir → Уир | |
eo | [iː] | и немесе е | Peopleton [ˈpiːpltən] → Пиплтон | |
[ɪ] | е немесе и[~ 1] | Pigeon [ˈpɪdʒɪn] → Пиджен | ||
[e] | э | Meolse [mels] → Мэлс | ||
[ə] | е немесе о | Surgeon [ˈsɜːdʒən] → Сөрджен | ||
er | [ɜː], [ə] | эр (өр дауыссыз және и-ден кейін) | Erdington → Эрдингтон | |
[ɑː] | ар | Clerkenwell → Кларкенуэлл | ||
ere | [ɪə] | ир | Mere → Мир | |
eu, ew | [juː], [ju] | ю (ью дауыссыздан кейін) | Ewell → Юэлл Beulah → Бьюла | |
[uː] | ү | Shrewsbury → Шрүсбери | ||
ewe | [ju], [juə] | ю (ью дауыссыздан кейін) | ||
[ouə] | оуэ | |||
ewer | [ju], [juə] | юр (ьюр дауыссыздан кейін) | Sewer ['sjuə] → Сьюр | |
[ouə] | оуэр | Sewer ['souə] → Соуэр | ||
ey | [iː], [ɪ] | и немесе і | Keyford → Кифорд | |
[eɪ] | эй | Heywood → Хэйвуд | ||
f | [f] | ф | Fridge → Фридж | |
[v] | ф, в | |||
g | [g] | г | Gull → Галл | |
[ʤ] | дж | әдетте e, i, y алдында | Georgia → Джорджия | |
[ʒ] | ж | кірме сөздерде | Baton Rouge → Батон-Руж | |
— | қалдырылады | |||
gg | [g] | гг | Jagger → Джаггер | |
[ʤ] | дж | |||
[ʒ] | жж | кірме сөздерде | ||
gh | [f] | ф | сөз соңында | Brough [brʌf] → Браф |
[gh] | гх | негіздердің түйіскен жерінде болады | Springhill → Спрингхилл | |
— | қалдырылады | Dwight [dwaıt] → Дуайт | ||
h | [h] | х | Househill → Хаусхилл Henry → Хэнри | |
— | қалдырылады | көбінесе сөздердің соңында және дауыссыз дыбыстардан кейін: lh, rh және т.б. | Rhodes [rəudz] → Родс | |
i | [aɪ] | ай | әдетте ашық буында және nd алдында | Line [laɪn] → Лайн |
[ɪ], [iː] | и | әдетте жабық буында | Kidd [kɪd] → Кидд | |
ia | [aɪə] | айа (айя сөз соңында) | Giant → Джайант | |
[ɪə] | иа (ия сөз соңында) | Victoria → Виктория | ||
iar | [aɪə] | айар | Friar [fraɪə] → Фрайар | |
ie | [aɪə] | айе | Society → Сосайети | |
[ɪ], [iː] | и немесе ір | -ies, -ied жиі соңында | Leith → Лит | |
ier | [aɪə], [aɪər] | айер | ||
[ɪə], [ɪər], | ир немесе ір (иер или ьер в безударной позиции) | Pierce → Пирс Colliers → Коллиерс Whittier → Уиттьер | ||
igh | [aɪ] | ай | Dwight [dwaıt] → Дуайт | |
[ɪgh] | игх | негіздердің түйіскен жерінде болады | Brighouse [brɪghaus] → Бригхаус | |
io | [ə] | е | ||
— | е (-tion → -шен, [ʃn] деп айтылса да) | |||
[aɪə] | айо | Lion → Лайон | ||
басқаша | ио | |||
ir | [ɜː] | эр (өр дауыссыз және и-ден кейін) | ||
[ɪə] | ир немесе ір | |||
ire | [aɪə] | айр | Ireton → Айртон | |
[ɪə] | ир немесе ір | Lancashire → Ланкашир | ||
irr | [ɪr] | ирр немесе ірр | ||
j | [ʤ] | дж | ||
k | [k] | к | ||
— | қалдырылады | көбінесе бастапқы комбинацияда kn | Knighton → Найтон | |
l | [l] | л (кейбір сөздерде дауыссыздар алдында ль) | Carleton → Карлтон но по традиции: Albert → Альберт, Donald → Дональд и т. п. | |
— | қалдырылады | көбінесе дауыссыз дыбыстың алдында | ||
ll | [l] | лл (в географических названиях л перед согласными, географиялық атауларда л дауыссыз дыбыстардың алдында, бірақ әрқашан Валлий атауларында лл;) |
||
m | [m] | м | ||
— | қалдырылады | сөздің басында mn тіркесімінде болады | ||
mpb | [mb] | мпб | Campbell → Кәмпбелл | |
n | [n], [ŋ] | н | ||
ng | [ŋ] | ң | ||
o | [ou], [əu] | о, оу | ||
[ɔ], [ɔː], [ə], [o], [ʌ] |
о | London [lʌndən] → Лондон | ||
oa | [ou], [əu], [ɔː] | о, оу | Oakland [əuklənd] → Окленд Oaks [əuks] → Оукс | |
oar | [ɔː], [ə], [ɔəː] | ор | Boardhills [bɔːdhɪlz] → Бордхилс | |
oe, œ | [iː] | и | Phoenix → Финикс | |
oi, oy | [ɔɪ] | ой | Droitwich → Дройтуич | |
oo | [u], [uː] | у | Goole [guːl] → Гул | |
[ʌ] | а | Floodwood [flʌdwud] → Фладвуд | ||
oor, oore | [ɔː], [ɔəː] | ор | Doors → Дорз | |
[uə] | ур | Highmoor [haɪmuə] → Хаймур | ||
or | [ɔː], [ə] | ор | Morton [mɔːtən] → Мортон | |
[əː] | эр (өр дауыссыздан және и-ден кейін) | |||
ore | [ɔː], [ɔəː] | ор | Dore [dɔː] → Дор | |
ou | [ʌ] | а | Country → Кантри | |
[ou], [əu]; бірқатар диалектілерде [o] |
оу | Boulder [bouldə] → Боулдер | ||
[au] | ау | Louth [lauθ] → Лаут | ||
[ə] | о е |
Aldous → Олдос Dangerous → Дэйнджрес | ||
[u] | у | Louis → Луис | ||
ough | [au] | ау | ||
[ʌf] | аф | Brough [brʌf] → Браф | ||
[ɔh], [oh] | ох | кельт атауларында кездеседі | Loughrea → Лохрей | |
our | [ɔː], [ə], [ɔəː] | ор | Bournville → Борнвилл | |
[auə] | аур | Flourmille → Флаурмилл | ||
[ɜː] | эр (өр дауыссыздан кейін) | Bourke → Бөрк | ||
ow | [ou] | оу | Maslow → Маслоу | |
[au] | ау | Brownville → Браунвилл | ||
[ɔː] | о | |||
ower | [auə] | ауэр | Bower [bauə] → Бауэр | |
[ouə] | оуэр | Lower [ləuə] → Лоуэр | ||
p | [p] | п | ||
— | қалдырылады, бірақ міндетті емес, әсіресе классикалық тілдерден болса; mpb → мпб |
бұл сөздің басында pn, ps, pt-де болады | ||
ph | [f] | ф | грек атауларында кездеседі | Phil [fɪl] → Фил |
[ph] | пх | морфемалардың түйіскен жерінде | Upholder [ʌphəuldə] → Апхоулдер | |
q | [k] | к | ||
qu | [k] | к | Mosquito [mɔsˈkiːtəu] → Москито | |
[kw] | ку | Queenstown [ˈkwiːnstaun] → Куинстаун | ||
r | [r] | р | ||
— | р (қалдырылмайды) | Peter [ˈpiːtə] → Питер | ||
s | [s] | с | ||
[z] | с немесе з | Isidora → Изидора Parsons → Парсонс немесе Парсонз | ||
[ʃ] | ш | әдетте «дауыссыз + si, su + дауысты» тіркесімінде | Sugarloaf [ˈʃugəlouf] → Шугарлоф | |
[ʒ] | ж | әдетте «дауысты + si, su + дауысты» тіркесімінде | Treasure [ˈtreʒə] → Трэжер | |
— | қалдырылады | Island [aɪlənd] → Айленд | ||
sh | [ʃ] | ш | Shepshed [ʃepʃəd] → Шэпшед | |
[sh] | сх | күрделі сөздерде | Grasshopper → Грассхоппер | |
ss | [s] | сс | ||
[z] | з | Possession → Позешен | ||
t | [t] | т | ||
[ʃ] | ш (-tion → -шен)[~ 2] | |||
[ʧ] | ч (-ture → -чер) | |||
— | қалдырылады, tch-ны қоспағанда | Newcastle [njuːkɑːsl] → Ньюкасл | ||
tch | [ʧ] | тч | ||
th | [t] | т | ||
[θ] | т (с тек ерекшелік ретінде) | Jonathan [ʤɔnəθən] → Джонатан бірақ дәстүрлі: Galsworthy → Голсуорси | ||
[ð] | т немесе д (з тек ерекшелік ретінде) | Heather [ˈheðə] → Хэтер немесе Хэдер бірақ дәстүрлі: Rutherford → Резерфорд | ||
[th] | тх | буындардың шекарасында болады | Pothole [pɔthəul] → Потхол | |
ts | [ts] | тс (ц емес) | Keats → Китс | |
tz | [ts] | ц (тц емес) | Fitzgerald → Фицджеральд | |
u | [ju:] | ю (ью дауыссыздан кейін) | Utah → Юта | |
[u], [uː] | у | Bush [buʃ] → Буш | ||
[ʌ] | а | Augusta → Огаста | ||
[ə] | у | тексерілмеген күйде | Titus [taɪtəs] → Тайтус | |
— | қалдырылады (-gue → -г, -que → -к) | кейде дауыссыздан кейін, негізінен g мен q | Guardian [gɑːdɪən] → Гардиан | |
[ɪ] | и | валлий атауларында кездеседі | Llandudno → Лландидно | |
ue | [e] | э | Guest [gest] → Гэст | |
басқа дыбыс (біреу) | u сияқты айтылуы бірдей | |||
екі дыбыс | жеке-жеке беріледі | |||
— | қалдырылған (-gue → -г, -que → -к) | кейде g мен q-ден кейін | ||
ui | [ɪ] | і, и | Empire State Building [ˈbɪldɪŋ] → Эмпайр-стэйт-билдиң | |
басқа дыбыс (бір) | u сияқты айтылуы бірдей | |||
екі дыбыс | жеке-жеке беріледі | |||
ur | [ɜː], [ə] | эр (ёр дауыссыздан кейін және и)[~ 3] | Turner [ˈtɜːnə] → Тернер | |
v | [v] | в | ||
— | қалдырылған | |||
w | [w] | у (бірақ в, егер келесі әріп у болса, немесе W екі дауысты арасында дифтонг құрмайды, сондай-ақ аты-жөндер мен атауларында) |
Whitefield → Уайтфилд Wood → Вуд Delaware → Делавэр Highwind → Хайвинд | |
[v] | в | ағылшын емес есім мен атауларда | ||
— | қалдырылған (көбіне сөздің басында болады) | Wright [raɪt] → Райт | ||
wor | [wɜː] | уэр | Worthing → Уэртиң | |
x | [ks] | кс | Oxford → Оксфорд | |
[gz] | гз | Alexander → Алегзандер | ||
[z] | з | Xerox → Зирокс | ||
y | [ɪ] | і | Lynn → Лінн | |
[aɪ] | ай | Tyne → Тайн | ||
[j] | й (ь дауыссыздан кейін дауысты алдында: йа, йэ, йи, йо, йу орнына дауыссыздан кейін жазылады ья, ье, ьи, ьо, ью; сөздің басында және дауыстыдан кейін йа, йу орнына жазылады я, ю, бірақ йи мен йо үйлесімі сақталады және әдетте йэ сақталады) |
Yellowstone ['jeləustəun] → Йеллоустон | ||
yr | [əː] | эр (ө дауыссыздан кейін және и) | Byrd → Берд | |
z | [z] | з | ||
[ts] | ц | есім мен атаулар неміс және итальян тегінен |
Zuckerberg → Цукерберг | |
[s], [θ] | с | есім мен атаулар испан тегінен |
La Paz → Ла-Пас |
Фонема бойынша
өңдеуФонема | Негізгі аударма нұсқасы | Баламалы аударма нұсқасы | Қосымша аударма нұсқасы | қажет жағдайда |
---|---|---|---|---|
[iː] | и | |||
[ɪ] | и | і | е, (э) | e, eo |
[e] | э | е | ea, eo | |
[æ] | ә | а | ||
[ɑː] | а | |||
[ɔ] | o | |||
[ɔː] | o | ор | or | |
[u] | у | |||
[uː] | ү | |||
[ʌ] | а | о | o | |
[əː] | ер, (эр) | транслитерация | ||
[ə] | транслитерация | е о |
u ou | |
[aɪ] | ай | |||
[aɪə] | 1-ші кестеде | транслитерация | ||
[au] | ау | |||
[auə] | аур | ауер | ауэр | ower |
[eɪ] | ей, (эй) | |||
[ɛə] | эр | |||
[ɪə] | ир | ия | ia | |
[ou] | о | оу | оу | ou, ow |
[ɔɪ] | ой | |||
[uə] | ур | |||
[b] | б | |||
[d] | д | |||
[ʤ] | дж | |||
[f] | ф | |||
[g] | г | |||
[h] | х | |||
[j] | йотация: [ja], [je], [ji], [jɔ], [ju] — ья, ье, ьи, ьо, ью (я, е, йи, йо, ю)) | |||
[k] | к | |||
[l] | л | |||
[m] | м | |||
[n] | н | |||
[ŋ] | ң | нк (н) | nc и nk (nk) | |
[p] | п | |||
[r] | р | |||
[s] | с | |||
[ʃ] | ш | |||
[t] | т | |||
[ð] | т, д | |||
[θ] | т | |||
[ʧ] | ч | тч | tch | |
[ts] | тс | ц | tz | |
[v] | в | ф | f | |
[w] | у | в | [u] алдында | |
[z] | з | с | s (сөздің соңында немесе дауыссыз дыбысқа жақын) | |
[ʒ] | ж |
Диалектілері
өңдеуАғылшын тілі британдық және американдық болып екі түрге бөлінеді. Британдық Ағылшын тілі өз ішінде шотландиялық, солтүстік, батыс, шығыс, оңтүстік диалектілерге жіктеледі. 7-11 ғ-да англо-саксон тілінде 4 диалект болған: нартумбриялық, мерсиялық, уэссек және кент.
Ағылшын тілінің басты ерекшеліктері:
а) фонетика жүйесінде дыбыстарының көпшілігі біресе созылыңқы, біресе қысқа айтылады. Осыған орай, Ағылшын тілінде сөз мағынасы бірсыдырғы өзгеріске түсуі мүмкін;
б) морфол. саласындағы өзгешелік: сын есім мен сан есімнің барлық жалғаулары, яғни септіктері, сондай-ақ, зат есім мен етістік аффикстерінің көбі бұл күнде тарихи өзгерістерге түскен. Соған орай Ағылшын тілінде сөз бен сөзді байланыстыратын предлогтар, артикльдер, сондай-ақ көмекші етістік сияқты жаңа тұлғалар, формалар (морфемалар) пайда болған. Ағылшын тілінің жазу ережелері мен сөздердің айтылуында айырмашылықтар бар. Орфографиялық ережелер бойынша бұрынғы және қазіргі ағылшын тіліндегі дыбыстардың өзгерістері жазуда қатаң сақталады.[1]
Ағылшын әліпбиі
өңдеуАғылшын әліпбиі 26 әріптен құралады:
A | B | C | D | E | F | G | H | I | J | K | L | M | N | O | P | Q | R | S | T | U | V | W | X | Y | Z |
a | b | c | d | e | f | g | h | i | j | k | l | m | n | o | p | q | r | s | t | u | v | w | x | y | z |
Ағылшын тілін қолданатын негізгі елдер
өңдеуАғылшын тілі көптеген елдерде қолданады. Олардың қатарында негізгі осы елдер бар:
Дереккөздер
өңдеу- ↑ “Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 - том
Дереккөз қатесі: "~" деп аталған дереккөз тобында <ref>
тегі бар, бірақ тиісті <references group="~"/>
тегі табылмады, немесе </ref>
жабу тегін қажет етеді