Баба (физик)
Бхабха Хоми Жиһангер (30.10.1909, Мумбаи, Британдық Үндістан - 24.01.1966, Монблан, Франция) - үнді физигі, Үндістандағы атом ғылымы мен техникасын ұйымдастырушы.
Баба | |
Бхабха Хоми Жиһангер (Homi Jehangir Bhabha) | |
Бхабха Хоми Жиһангер | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Мумбаи, Британдық Үндістан |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Монблан, Франция |
Азаматтығы | |
Ғылыми аясы | |
Жұмыс орны |
Бангалордағы Үндістан университеті, |
Альма-матер | |
Ғылыми жетекші | |
Марапаттары |
|
1930 ж. Кембридж университетін бітірген. 1945 ж. Бабаның бастауымен Мумбаида Тата күрделі ғылыми-зерттеу институты құрылды. Баба Үндістанның Атом қуаты жөніндегі комитетінің төрағасы (1947 ж.), өзі негізін қалаған Тромбей атом орталығының директоры (1957 ж.) болды. Баба ғарыш сәулелерінің физикасымен, мезондар және жоғары спинді элементар бөлшектер теориясымен айналысқан. Ол В.Гейтлермен бірге (1937 ж.) ғарыш сәулелеріндегі электрон нөсерінің каскадтық теориясын жасады.
Баба - ірі қоғам қайрвткері. Атом энергиясын бейбіт мақсатқа пайдалану жөніндегі 1955 ж. Женевада өткен тұңғыш конференциясының төрағасы болды, таза және қолданыстағы физиканың Халықаралық одағы Президиумын бірнеше жыл басқарды. Көптеген шетел ҒА-сы мен ғылыми қоғамдардың құрметті мүшесі [1].
Негізгі жұмыстары
өңдеуҒылыми журналдардағы 60-тан астам мақаланың авторы, арасында ең белгілері:
- H.J. Bhabha, W. Heitler. The Passage of Fast Electrons and the Theory of Cosmic Showers
- H.J. Bhabha. On the Penetrating Component of Cosmic Radiation
- H.J. Bhabha. On the Theory of Heavy Electrons and Nuclear Forces
- H.J. Bhabha, S. K. Chakrabarty. Calculations on the cascade theory with collision loss
- H.J. Bhabha. Relativistic Wave Equations for the Elementary Particles
- H.J. Bhabha, S. K. Chakrabarty. Further Calculations on the Cascade Theory
- H.J. Bhabha. On the Postulational Basis of the Theory of Elementary Particles
- H.J. Bhabha. An equation for a particle with two mass states and positive charge density
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том