Балық майынәлім балығынан алынады. Балық майы– балық (треска, тағы басқа) бауырынан алынатын сұйық май. Мөлдір қызыл күрең түсті, өзіне тән иісі бар сұйықтық. Құрамында А және D витаминдері көп болғандықтан мешел, авитаминоз, остеомаляция, остеопороз, тыныс алу, асқазан, тері және көз ауруларын емдеуге пайдаланады. Балық майынан таза күйінде сәбилерге ішкізеді, инъекция жасайды, кейде басқа дәрілердің құрамына енгізіледі.

Капсуладағы балық майы

Балық майында адамға керекті витамин заттары көп. Мысалы, балық майында А және Д витаминдері көп болады. Балық майын жас балалар рахитқа шалдықпау үшін береді және сол ауруды емдеу үшін қолданады.

Бала рахитпен ауырса, қаны азайып жүдесе, не болмаса тамағының безi шошынса, онда ол балаға балық майын ішкізуге болады. Сонымен бірге сүйектің сынған жерінің тез бітуі үшін де балық майын пайдаланады. Сондай-ақ, балық майын дененің күйген, үсінген жеріне жағып емдеу үшінде қолданады.

Балық майын бес-алты айлық сәбилерге ішкізуге болады, жарты шай қасықтан бастап бір шай қасыққа дейін күніне екі рет, екі -бес жастағы балаларға екі шай қасық мөлшерімен күніне екі рет ішкізген орынды. Ал он жастан жоғары балаларға ас қасықпен күніне екі-үш рет ішкізеді.

Балық майын аузы жақсы жабылатын ыдысқа құйып, қараңғы және салқын жерде сақтау керек. [1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ энциклопедиясы


  NODES