Басты пиязпияздың ең көп тараған түрі. Оның түйнегі мен жапырақты сабағы болады. Түйнекте ақуыз, клетка қабығы және минералды тұздар болады. Басты пияздың сорттары ащы, шала ащы және тәтті болып бөлінеді. Пияздың ащы болуы оның құрамындағы эфир майларының түріне байланысты. Пиязда С витамині мол. Тәтті пияздар нашар сақталынады. Толық піспеген пиязды жинағанда оны кептіреді. Пиязды ауаның температурасы 0—30°С аралығында, ал салыстырмалы ылғалдылығы 70—75% жерде сақтаған жөн. Пияздың ащы сорттары егер жақсылап кептірілген болса қыс бойы қалыпты үй температурасында да ұзақ уақыт сақталынады. Пияздың сыртқы құрғақ қабаты қалың әрі тығыз болса соғұрлым ұзақ сақталынады.[1]

Басты пияз

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Дара жарнақтылар
Сабы: Asparagales
Тұқымдасы: Amaryllidaceae
Кіші тұқымдасы: Allioideae
Тайпасы: Allieae
Тегі: Allium
Түрі: A. cepa
Екі-есімді атауы
Allium cepa
L.

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.—Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1


  NODES
Idea 1
idea 1