Бүргелер (лат. Aphaniptera) — жылықандылардың — құстар мен сүткоректі жануардың — қанын соратын ұсақ паразит насекомдардың бір отряды. Аузы шағуға, соруға икемделген, көзі екеу, кейбіреуі соқыр, қанатсыз, денесі түкті, жұмыртқа күйінде—12, дернәсіл түрінде — 8—100, ал қуыршақ қалыбында — 6—220 күндей болып, 965 күнге дейін тіршілік етеді. Хайуандардың, адамның қанын сорады. Оба таратқыш өте қауіпті мақұлық. Бұған жататындар: адам бүргесі мен егеуқұйрық бүргесі. Қос қанатты және катты қанаттыларга жақын. Ұзындығы 1-6 мм(еркектері ұргашыларынан үсақ) денесі бүйірінің екі жағынан сығымдалган шаш және жануарлар жүні мен құстар кауырсыны арасында жақсы козгалуға бейімделген. Екінші қайтара қанатсыздар. Көпшілік түрінде бір жүп қарапайым көздері бар(кейбіреулері көзсіз). Ауыз аппараты кесіп-тесіп-соруга бейімделген. Аяқтары әсіресе артқылары жақсы жетілген секіруге бейімделген. Толық өзгеріспен дамиды. Дернәсілдері құрт тәріздішіріген жануар қалдықтарымен қоректенеді. Піллэ ішінде куыршактанады. 3 жылға дейін өмір сүреді. 1000 түр белгілі, кең таралған; KCPO 400 түр. Б. адам және жылы канды жануардың сыртқы тоғышарлары оның ішінде адам бүргесі (Pulex irritans), ит бүргесі (Ctenocephalides canis), егеуқұйрық бүргесі (Ceratophyllus fasciatus), алақұрт түрлері бар. Бүргелер оба егеуқұйрық бөртпе сүзек аурулар қоздырушыларын тасымалдап гельминттердін аралық иелері болып келеді.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
  • Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев


  NODES