Говард Шульц (1953жылы 19 шілдеде өмірге келді) - американдық бизнесмен, халыққа көбінесе Starbucks директорлар кеңесінің төрағасы және CEO [1] деген лауазымымен белгілі.

Говард Шульц
Howard Schultz
Starbucks Директорлар Кеңесінің төрағасы және CEO
Starbucks Директорлар Кеңесінің төрағасы және CEO
Туған күні

19 шілде 1953 (1953-07-19) (71 жас)

Туған жері

Бруклин, Нью-Йорк, АҚШ

1975 жылы жоғарғы оқу орнын бітіріп, Солтүстік Мичиган Университетінен бакалавр дәрежесін алып шықты.

Шульц 1982 жылы Starbucks компаниясына жұмысқа тұрды. Ал 1985 жылы Il Giornale компаниясының негізін қалады. Сондағы мақсаты сол кездегі Sturbucks-тың негізгі саласы кофе дәндерін сатумен шектеліп қана қоймай, итальяндық тәрізде үздік қызмет көрсететін кофеханалар желісін ашу еді.

2 жылдан кейін Starbucks бұрынғы басшылығы жұмыс орнын ауыстыруды және Peet’s Coffee & Tea-ге көшуді жөн көрді. Starbucks болса Говард Шульц пен Il Giornale-ге сатылды.

Шульц Il Giornale-ні Starbucks-қа өзгертіп агрессивтi өктемдiк жолымен құрама штаттардың барлық аумағында Starbucks маркасымен кофеханаларының желiсiн кеңейттi .

2006 жылы Forbes журналы Говард Шульцті АҚШ-тағы 354-ші аса бай адам деп жариялады, ал оның қаражаты 1.1 миллиард долларға бағаланады.[2]

Сыртқы сілтемелер

өңдеу

Дереккөздер

өңдеу
  1. Franchisebusiness.com Мұрағатталған 11 мамырдың 2008 жылы.. URL last accessed тамыз 16, 2007.
  2. [1].
  NODES
Done 1