Ескендір бей, Георгий Кастриоти (алб. Skënderbeu, Gjerdj Kastrioti; 6 мамыр 1405 жыл17 қаңтар 1468 жыл) — албан халқының османлы басқыншыларына қарсы азаттық күресінің басшысы, Албанияның ұлттық қаһарманы.

Ескендір бей
Skënderbeu
Ескендір бей
Уффици мұражайындағы бетсуреті
Лауазымы
Кастриоти князі
28 қараша 144317 қаңтар 1468
Ізашары I Гьон
Ізбасары II Гьон
Өмірбаяны
Діні Христиандық және ислам
Дүниеге келуі 6 мамыр 1405 (1405-05-06)
Дибра, Кастриоти княздігі
Қайтыс болуы 17 қаңтар 1468 (1468-01-17) (62 жас)
Лежа, Венеция Республикасы
Жерленді Лежа
Династия Кастриоти
Туған кездегі есімі Георгий Кастриоти
Әкесі I Гьон
Анасы Воисава Трипальда
Жұбайы Доника Арианити
Балалары II Гьон
Ескендір бей Ортаққорда

Өмірбаяны

өңдеу

Османлы сұлтан II Мехметке қарсы күресте даңқы шықты. 1443 жылдың қарашасының орта шенінде 300 сарбазымен османлы әскери шатырын тастап, Дибраға келді. Ерікті шаруалардан әскери жасақтарын құрды. Круяға келіп кірді де, 28 қарашада Кастриоти князьдігінің басшысы болып жарияланды. Петреля, Стелюши, Торчан бекінісінен османлы гарнизондарын қуды. Халық жасақтарынан тұрақты әскер құрып, албан феодалдарын біріктіру жолына күрескен болатын. Ескендір бейдің басшылығымен албан халқы өз үстемдігін қайта орнатпақ болған османлыларға 24 жыл бойы тойтарыс берді. Дарынды мемлекет қайраткері Ескендір бей Венеция мен Рим Папасының пайдақорлық саясаты мен албан феодалдарының алауыздығынан туған ішкі және сыртқы саяси зор қиыншылықтарды жеңе білді.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ совет энциклопедиясы, 6 том / М.Қ.Қаратаев
  NODES