Жанашырлық[1] — бір адамның қиын жағдайға тап болған өзге адамға, ет жақын туған-туыстарына, тілектес, ниеттес, сыйлас кісілеріне деген ерекше көңіл күйі, қамқорлығы. Үлкен зиян шегіп, шығынға ұшыраған немесе қайғы-қасіретке душар болған, сондай-ақ, қандай да бір ауыр қиындыққа тап болған адамдарға жанашырлық көрсету, оларға қолдан келгенінше көмектесу — адамгершіліктің белгісі болып табылады. Қиналған жанға нәсіліне, дініне қарамастан жанашырлық таныту, әсіресе, қазақ халқына ерекше тән ұлттық қасиет болып табылады.[2]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6
  2. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  NODES