Жорық, жортуыл

  1. әскери бөлімдер мен құрамалардың белгілі бір бағытты бетке алып, көлікпен немесе жаяу ұйымдасқан түрде саппен қозғалуы. Бейбіт уақытта жауынгерлік даярлық жүргізу мақсатымен, соғыс кезінде әскери тапсырманы орындау үшін ұйымдастырылады. Жағдайға байланысты майданнан тылға қарай немесе майдан бойлай жүргізіледі. Жорық шеру тізбегінен тұрады және алдағы ұрыс қимылдарына сай әскерлердің тез арада алғы шепке жетуін қамтамасыз етеді. Жорық тәртібі жаумен кезігіп қалу мүмкіндігін және алдағы ұрыстың мақсатын есепке ала құрылады. Жаудың кенет шабуыл жасауынан сақтану үшін Жорықта келе жатқан әскерлер жан-жаққа қорғау бөлімдерін (алдынғы жақтан, бүйірден, тылдан қорғайтын бөлімдер) жібереді. Жорық жылдамдығы әскерлердің жаттықтырылуына, көлік, техникалық мүмкіндіктеріне, жолына, ауа райы мен жыл мезгіліне және сол ауданның радиациялық немесе химиялық улану жағдайына байланысты болады;[1]
  2. әскери құрамалардың немесе әскери-теңіз күштерінің алыс өңірге жасаған шабуылдары да Жорық деп аталады. Мысалы, Жебе мен Субедей жасағының Кавказ бен Еділ бойына жорығы, кресшілер жорықтары, Ресейдің Тынық мұхиты эскадрияларының 1904 – 05 жылдардағы жорықтары[2]
АҚШ жаяу әскері выполняют жорығы

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл
  2. Қазақ энциклопедиясы, 4 том;
  NODES