Жөтел – тыныс алу жүйесі ауруларының ең жиі кездесетін белгілерінің бірі. Жөтел өкпе қабынуы, туберкулез, тыныс жолының (көмекей, кеңірдек, т. б.) қабынуы кезінде, сондай-ақ тыныс жолдарына шаң-тозаң, улы газ, темекі түтіні енгенде, суға шашалғанда, негізінен, тыныс органдарының ішкі қабатына орналасқан сезімтал жүйке талшықтарының тітіркенуінен болады. Жөтел кезінде тыныс жолдарына жиналған қақырық сыртқа шығады. Қақырықты және қақырықсыз (құрғақ) Жөтел болады. Жиі және қатты Жөтел кезінде кеудеге шаншу қадалып, адамның тынысы тарылуы, ұйықтай алмауы мүмкін. Фарингит, трахеит, ларингит аурулары кезінде қақырықсыз Жөтел, бронхит, пневмониямен ауырғандарда қақырықты Жөтел болады. Жөтелді тоқтату үшін алдымен соған себеп болған негізгі ауруды емдейді және оны тоқтауға көмектесетін дәрі-дәрмек беріледі. [1]

Сілтеме

өңдеу
  1. Қазақ энциклопедиясы, 4 том;
  NODES