Интервенция
Интервенция (лат. interventio қол сұғу, араласу) — бір не бірнеше мемлекеттің басқа мемлекетке әскери басып кіруі, оның егемендігін бұза отырып ішкі істеріне қол сұғуы. БҰҰ жарғысына сәйкес интервенция халықаралық құқық бұзушылық болып саналады. Интервенцияның саяси немесе экономикалық түрлері де бар.
Әр мемлекеттің саяси тәуелсіздігі мен аумақтық дербестігіне қарсы қарулы қауіп төндіру, т.б. араласу халықаралық құқықты және БҰҰ жарғысын бұзу болып табылады. 1965 ж. БҰҰ бір мемлекеттің басқа мемлекеттердің ішкі істеріне қол сұқпауы туралы Декларация қабылдады. [1]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|