Карел Тейге (чех. Karel Teige, 13 желтоқсан 1900 жыл, Прага – 1 қазан 1951 жыл, сонда) – чех жазушысы, аудармашы, әдебиет сыншысы, публицист, суретші-графикашы, кітап безендіруші, өнер теоретигі, сондай-ақ сәулет өнерімен, суреттермен және киномен айналысқан. Шығыс еуропа авангардындағы ірі тұлға. Деветсил (1920-1930 жылдар) атты авангардтық көркемдік топтың негізін салушылардың бірі. 1934-1938 жылдары «Чех сюрреалисттер тобының» мүшесі. Француз тілінен Бодлер, Лотреамон, Верхарн, Аполлинер, Мальролардың, орыс тілінен И.Эринбургтің шығармаларын аударған. «Фильм» (1925), «Кеңес мәдениеті» (1927) атты кітаптардың, «Архипенко» (1923), «Маяковский» және орыс футуризмі (1936) туралы монографиялардың авторы.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. "Surrealist situation of the object" in Breton André Manifestoes of Surrealism — University of Michigan Press, 1972. — ISBN 0472061828., p256


  NODES