Католицизм (көне грекше: καθολικόςжалпыға ортақ, ғаламдық), католик шіркеуі, католиктер – христиан дініндегі үш тармақтың (православие және протестанттықпен қатар) бірі. Католиктердің діни сенімі православиелік діни сеніммен көп жағынан үндес келгенімен, айтарлықтай айырмашылығы да бар. Католиктік шіркеу басшысы Рим папасы болып табылады.

Оның негізгісі

өңдеу

Православие ағымында киелі рух тек Құдай-Әкеден жіберіледі делінсе, католиктердің сенімі бойынша, киелі рух тек Құдай-Әкеден емес, Құдай-Ұлдан (Иисустан) да жіберіледі. Христиан діндарларының Нике (325) және Константинополь (381) жиындарында христиан дінінің негізгі рәмізі етіліп қабылданған бұл наным христиандар сеніміндегі Құдай-Әке мен Құдай-Ұлды (Иисусты) тең дәрежеге қойды. Бұл теңестіру “филиокве” (“және Ұлдан”) деген терминдік атауға ие болды. “Филиокве” түсінігі алғаш рет христиан діндарларының Толед (589) жиынында ереже ретінде қабылданып, 11 ғасырда христиан шіркеуінің “Шығыс шіркеуі” және “Батыс шіркеуі” болып бөлінуіне себеп болды. 9 ғасырда Рим папасының қарсылығына қарамастан “Қасиетті Рим империясының” императоры Карл (Ұлы Карл) “филиокве” ережесін бүкіл “Батыс шіркеуіне” күштеп ендірді. Содан бері “Батыс шіркеуді” бейнелеуші ресми атау ретінде қалыптасты. “Шығыс шіркеуінің” христиандары “филиокве” ережесін дінбұзарлық іс деп қабылдады. Католиктер мен православие сенімі арасындағы бұл көзқарас қайшылығы осы күнге дейін жалғасуда. Статист. мәліметтер бойынша, қазіргі таңда әлемде шамамен 600 – 850 млн. адам христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Бұл адамзаттың 15%-ы. Латын Америкасы халқының 90%-ы, Солт. Америка халқының 25%-ы, Еуропа халқының 40%-ы, Африка халқының 13%-ы, Азия халқының 2,5%-ы католиктік сенімді ұстанады.

Дереккөздер

өңдеу


  NODES
os 1