Корей соғысы (кор. 한국 전쟁) — 1950 жылдың 25 маусымынан 1953 жылдың 27 шілдесіне дейін (дегенмен соғыстың ресми түрде тоқтағаны туралы жарияланған жоқ) созылған Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея арасындағы қақтығыс. Негізінен бұл соғысты қырғи қабақ соғыс кезеңіндегі АҚШ-пен ҚХР және КСРО одақтас елдері арасындағы жанама соғыс деп те атайды.

Корей соғысы
кор. 한국 전쟁
Негізгі қақтығыс: Қырғи Қабақ Соғыс
Сағат тілі бойымен: АҚШ теңіз әскерлері қытай сарбаздарын тұтқынға алуды; B-26 бомбалау үстінде; Оңтүстік корейлік қашқындар; Инчхонға АҚШ күштерінің түсірілуі; БҰҰ күштері Пхеньяннан ашып, 38-ші параллельді қиып өтуде
Сағат тілі бойымен: АҚШ теңіз әскерлері қытай сарбаздарын тұтқынға алуды; B-26 бомбалау үстінде; Оңтүстік корейлік қашқындар; Инчхонға АҚШ күштерінің түсірілуі; БҰҰ күштері Пхеньяннан ашып, 38-ші параллельді қиып өтуде
Дата

25 маусым 195027 шілде 1953

Орын

Корей түбегі

Себеп

Ким Ир Сеннің Кореяны өз билігінің астына біріктіру әрекеті

Нәтиже

Кореяның Оңтүстік және Солтүстік болып екіге бөлінуі. Татуласу.

Аумақтық
өзгерістер

Корея арасындағы шекараның өзгеруі

Қарсыластар

Антикоммунисттік күштер:

Коммунисттік күштер:

Қолбасшылары

Оңтүстік Корея Ли Сын Ман
Біріккен Ұлттар Ұйымы Дуглас Макартур
Біріккен Ұлттар Ұйымы Мэтью Риджуэй
Біріккен Ұлттар Ұйымы Марк Кларк

Корей Халық Демократиялық Республикасы Ким Ир Сен
Корей Халық Демократиялық Республикасы Пак Хон Ён[1]
Қытай Мау Зыдоң
Қытай Чэнь Гэн
Қытай Пэн Дэхуай

Тараптар күші

төменгі жақтан қараңыз

төменгі жақтан қараңыз

Шығындар

 БҰҰ
өлгендер саны: 40 670
жараланғандар саны: 104 280
тұтқынға түскендер және із-түссіз жоғалғандар саны: 9931
Оңтүстік Корея
өлгендер саны: 137 899
жараланғандар саны: 450 742
тұтқынға түскендер және із-түссіз жоғалғандар саны: 32 838[2]
төменгі жақтан қараңыз

Корей Халық Демократиялық Республикасы(АҚШ бағалаулары):
өлгендер саны: 112 мың
жараланғандар саны: 303 мың
тұтқынға түскендер және із-түссіз жоғалғандар саны: 120 мың[3]
Қытай(ҚХР бағалаулары):[4]
өлгендер саны: 60 мың
жараланғандар саны: 383,5 мың
ауруханаға жатқызылғандар саны: 450 мың
із-түссіз жоғалғандар саны: 4 мың
тұтқынға түскендер саны: 21 мың
(АҚШ бағалаулары):[3]
өлгендер саны: 400 мыңнан астам
жараланғандар саны: 486 мың
тұтқынға түскендер саны: 21 мың
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
өлгендер саны: 282 [5]
Барлығы: 1 545 822—1 648 582

төменгі жақтан қараңыз

Солтүстік коалиция құрамына: Солтүстік Корея және оның қорғаныс күштері: қытай әскері (ҚХР бұл қақтығыста ресми түрде қатыспағандықтан, қытай әскері «қытай халықтық еріктілер» тобына бірікті). Кеңес Одағы да соғысқа ресми түрде қатыспағанымен, ол соғысты қаржыландыруды және қытай әскерлерін жабдықтандыруды өз мойнына алды. Оңтүстік жақтан соғысқа Оңтүстік Корея, АҚШ, Ұлыбритания және басқа да БҰҰ Қарулы күштерінің құрамындағы елдер қатысты.

Атауы

өңдеу

Ағылшын тілінде корей қақтығысы дәстүрлі түрде «Корей соғысы» (ағылш. Korean War) деп аталады, алайда АҚШ-та бұл қақтығыс соғыс емес, «полициялық операция» (ағылш. Police action) болып саналған. Корей соғысы қарсаңында АҚШ-тың президентіГарри Трумэн болған.

Оңтүстік Кореяда бұл қақтығыс әрекеттің басталу мерзімі бойынша «25 маусым оқиғасы», Югио сабён (кор. 육이오 사변?, 六二五 事變?) немесе «Корей соғысы» Хангук Чонджэн (кор. 한국전쟁?, 韓國戰爭?) деген атаулармен танымал. 1990-шы жылдардың басына шейін «25 маусым бүлігі», Югио ран (кор. 육이오란?, 六二五亂?) деп аталып келді.

КХДР-нда соғыс атауы — «Азаттық Отан соғысы», Чогук Хэбан Чонджэн (кор. 조국해방전쟁?, 祖國解放戰爭?).

Ал Қытайда болса «Корей халқын қолдау мақсатындағы Америкаға қарсы соғыс» (қыт. 抗美援朝) немесе «жұмсағырақ» «Корей соғысы» (қыт. 朝鲜战争/朝鮮戰爭) деп аталады. Қытай тіліндегі басқа танымал атауы — «韩战/韓戰», «Корей соғысы» сөзінің аббревиатурасы

Тарихи алғышарттар

өңдеу
 
Кореяның бөлінуі
Толық мақаласы: Корея - Жапония отары

Корея 1910 жылдан бастап Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғына шейін Жапония отары болды. 1945 жылдың 5 сәуірінде Кеңес Одағы Жапонияға шабуыл жасамау Пактісін бұзды, яғни денонсациялады, ал 6 тамыз күні АҚШ-пен жүргізілген келісім-шартқа сәйкес Жапония империясының соғысын жариялады. Кеңес әскері Кореяға солтүстіктен, ал америкалықтар Корей түбегіне оңтүстіктен келді.[6]

1945 жылдың 10 тамызында Жапонияның капитуляциясына байланысты АҚШ пен КСРО Кореяны 38-ші параллельден солтүстікке қарай Жұмысшы-шаруа қызыл әскері, ал оңтүстікке қарай АҚШ қарамағына өту туралы келісім-шартқа отырды. Осылайша, түбек кеңестік солтүстік аймаққа және америкалық оңтүстік аймаққа бөлінді.

1945 жылдың желтоқсанында АҚШ пен КСРО арасында мемлекетті уақытша басқару жөнінде келісімге қол қойылды. Оңтүстік және солтүстік аймақта үкімет құрылды. Түбектің оңтүстігінде АҚШ БҰҰ-ның қолдауымен сайлау жүргізді; үкімет басшысы ретінде Ли Сын Ман таңдалды. Солшыл партиялар бұл сайлауға бойкот жариялады. Солтүстікте кеңес әскерлері билікті Ким Ир Сен бастаған комунисттік үкіметке берді. Антигитлерлік коалиция елдері уақыт өте келе Кореяның бірігетіндігіне сенді, алайда суық соғыс басталғандықтан КСРО мен АҚШ бірігу туралы келісімге отыра алмады, сондықтан 1947 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы АҚШ президенті Гарри Трумэннің бастамасымен ешқандай референдумдарға және плебисцитке сүйенбестен Корея болашағын өз қолына алды.

Оңтүстік Корея президенті Ли Сын Ман да, Солтүстік Корея Еңбек партиясының бас хатшысы Ким Ир Сен де өздерінің ойларын жасырмады: екеуі де Корей түбегін өз билігіне біріктіруді мақсат тұтты. Екі кореялық мемлекеттің 1948 жылы қабылданған конституциясында екі үкіметтің әрқайсысының мақсаты өз билігін мемлекеттің барлық аймағына тарату екендігін ашық жазды.

ҚХР үкіметі Кореядағы барлық болып жатқан жағдайды жіті қадағалап отырды. Мао Цзэдун америкалық интервенция Азиядағы аймақтардың жағдайын тұрақсыздандырып, оның Тайваньда негізделген, Чан Кайши Гоминьданының күшін жою жоспарын бұзатындығына сенді. 1949 жылдың басынан Ким Ир Сен кеңес үкіметіне Оңтүстік Кореяға шабуыл жасауына көмек сұрау негізінде жүгіне бастады.

Алайда Сталин солтүстік корейлік армияның дайындық деңгейінің жеткіліксіз екендігін және қақтығысқа АҚШ-тың араласуын, осыдан кейін өте ауқымды ядролық соғыстың басталып кету мүмкіндігін сылтауратып Ким Ир Сеннің бұл өтінішін орындамайды. Сталин Кореядағы оқиға жаңа дүниежізілік соғысқа әкеп соқтыруынан сескенді.[7].

Соғыс барысы

өңдеу
Тағы қараңыз: Корей соғысының хронологиясы

Соғыстың басталуы (25 маусым 1950)

өңдеу
 
Майдан тұрақталмайынша аумақ жиі өзгеріп тұрды.
Солтүстік Корея және Қытай әскері
Оңтүстік Корея, Америка және Біріккен Ұлттар әскері
 
Солтүстік корейлік Т-34-85

25 маусымның тәң сәрісінде артиллериямен қамтылған солтүстік корейлік әскер оңтүстігіндегі көрші мемлекет арасындағы шекараны кесіп өтті. Құрлықтағы әскер саны 135 мың адам болды, оның құрамында 150 Т-34 танкілері болды, ал әуе-қорғаныс күштерінің саны 172 әскери ұшақ.[8]. Ал Оңтүстік Кореяның құрлықтағы әскер күшінің саны 150 мың адамды құрады.[9]; оңтүстік корейлік армияның қолында бронетехника болмады және санаулы жеңіл оқу-әскери ұшақтар[8] ғана болды. Солтүстік Корея үкіметі «опасыз» Ли Сын Манды КХДР территориясына арамза түрде басып кірді деп мәлімдеді. Солтүстік корейлік армияның алғашқы күндегі басқыншылығы сәтті болды. Олар 28 маусымның өзінде Оңтүстік Корея елордасы — Сеул қаласын басып алды. Соққының басты бағыттарын Кэсон, Чхунчхон, Ыйджонбу және Онджин қалаларыда қабылдады. Сеулдің Кимпхо әуежайы толығымен талқандалды. Дегенмен, тамыз айының ортасына таман Оңтүстік Кореяның 90%-ы КХДР армиясымен алынды.

Кореядағы соғыс АҚШ пен басқа да батыс мемлекеттері үшін күтпеген оқиға болды: осыған дейін бір апта бұрын, яғни 20 маусымда Мемлекеттік департаменттің хатшысы Дин Ачесон өзінің АҚШ Конгресіндегі баяндамасында «соғыстың басталуы екіталай екендігін» айтқан.[10]. Трумэнге соғыстың басталғанын демалыс күндері отаны Миссуриге кетуімен байланысты тек бірнеше сағаттан кейін ғана айтылды, ал АҚШ мемлекеттік хатшысы — Ачесон Мэрилендте болған[11].

 
Аэродромда солтүстік корейлік истребительдермен жойқындалған, америкалық C-54 Skymaster

25 маусым күні шұғыл түрде Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шақырылды, күн тәртібінде корей мәселесі талқыланды. Америкалықтармен ұсынылған, алғашқы резолюция ешбір «қарсылықсыз», тоғыз мүше «қолдау» білдіріп, қабылданды. Югославия өкілі қалыс қалды, ал кеңестік елші Яков Малик дауыс беруге бойкот жариялады.[12] Ал, келесі мәліметтер бойынша, КСРО Корейлік мәселе бойынша дауыс беруде мүлдем қатыспаған деп жазылған[13][14].

 

Соғыстың алғашқы айларында болған негізгі шайқастар — Тэджон шабуыл операциясы (3—25 шілде) және Нактонган операциясы (26 шілде — 20 тамыз).

БҰҰ контршабуылы (қыркүйек 1950)

өңдеу
 
Инчхон портындағы америкалық десант кемелері

Кері шабуыл 15 қыркүйекте басталды. Бұл кезде Пусан периметрінің аумағында 5 оңтүстік корейлік және 5 америкалық дивизия, Ұлыбритания армиясының бригадасы, шамамен 500 танкі, 1634-тен астам зеңбірек пен әртүрлі калибрлі минометтер және 1120 ұшақ болды.[15]. Теңізден құрлықтағы күштер тобын АҚШ ӘТФ және одақтас 230 кеме қолдады. Бұған қарсы құрамында 40 танкісі және 881 зеңбіректері бар КХДР армиясының 13 девизиясы төтеп берді[15].

Соғысқа Қытай мен КСРО-ның қосылуы (қазан 1950)

өңдеу
 
Теңіз жаяу әскері Чосиннен шегінуде

Қыркүйектің соңында солтүстік корейлік қарулы күштерінің талқандалғандары және Корей түбегінің аумағы америкалық-оңтүстік корейлік армияның үстемдігіне өтуі тек уақыттың еншісінде қалғаны белгілі болды. Осындай жағдайларда қазан айының бірінші аптасында КСРО және ҚХР басшылығының арасында белсенді талқылаулардың жүргізілуі жалғаса берді. Соңында Қытай армиясының бөлігін Кореяға жіберуді ұйғарады. Бұндай нұсқа 1950 жылдың көктемінде Сталин мен Ким Ир Сеннің Мау Зыдоңға Оңтүстік Кореяға шабуыл жасайтындығын жеткізген кезде қарастырылған болатын.

Егер 38 паралельді корейлік емес әскер күші басып өтетін болса, ҚХР соғысқа қосылатындығын ашық жариялады. Қазан айының басында бұл ескерту БҰҰ-на Қытайдағы Үндістан елшісі арқылы жіберілді. Алайда АҚШ президенті Трумэн Қытайдың бұл соғысқа қатысуы елеулі орын алатындығына сенбеді, сондықтан ол бұл Қытайлық ескертуді «БҰҰ-ын бопсалау әрекеті» деген баға берді.

1950 жылдың 8 қазанында америкалық әскер Солтүстік Кореяның шекарасын басып өтеді, осыдан кейін келесі күні Қытай Төрағасы Мао қытай армиясына Ялуцзян өзенінің жағасына келіп, оны басып өту керектігін бұйырды. Мао Сталинге: «Егер біз АҚШ-тың Корей түбегін толығымен жаулап алуына жол берсек […], онда біз олардың Қытайға соғыс ашуына дайын болумыз керек», — деді. Қытай премьері Чжоу Эньлай Мәскеуге дереу жөнелтіліп, Маоның пікірін кеңес басшылығына жеткізді. Мао Сталиннен көмекті күту мақсатында соғысқа қосылуын 13 қазаннан 19 қазанға ауыстырады.

Алайда КСРО әуеден қорғанысын шектеді, себебі кеңестік МиГ-15 майдан жолағына 100 км-ден астам жақындауға болмайтын еді. Кеңестік МиГ-15 ұшақтары америкалық F-80 ұшақтарына үстемдік етті. Бұған жауап ретінде АҚШ қақтығыс аймағына F-86 ұшақтарын енгізді. КСРО-ның әскери көмегі туралы ақпарат АҚШ үшін мәлім болды, алайда халықаралық ядролық қақтығыстан құтылу мақсатында АҚШ ешқандай шара қолданбады[16].

1950 жылдың 15 қазанында Трумэн Корей соғысының ауқымын шектеу үшін Қытай интервенциясының және қолданатын шараларының мүмкіндіктерін талқылауға Уэйк атоллына аттанады. Ол жерде Трумэнді генерал Макартур «егер Қытайлықтар Пхеньянға баруға тырысса, ол жерде ауқымды шайқас болтындығына» иландырды.

 

Қытай енді шыдай алмады. Қазан айының ортасында соғысқа Қытай күштерінің енуі туралы мәселе шешіліп Мәскеумен келесілді. 270-мыңдық Қытай әскерінің шабуылы Пэн Дэхуаяның басшылығымен 1950 жылдың 25 қаңтарында басталды. Тұтқиыл шабуылдың нәтижесін қолданған Қытай армиясы БҰҰ қорғаныс күшін талқандап, кейін таулы аймақтарға шегінді.

Қазан айының соңында қытайлықтар екінші шабуылын бастады. Ханган мен Пхеньян арасында қолайлы қорғаныс позициясын қолданып отырған америкалықтарды бері шығарып алу мақсатында Пэн дүрбелең жағдайды имитациялауға бұйырады.

Бітім туралы шартқа қол қою және кейінгі жағдайлар

өңдеу

1952 жылдың 4 қараша айында АҚШ президенті болып сайланған Дуайт Эйзенхауэр, өзінің лауазымына ие болмай жатып Кореяға іссапар жүргізеді. Ол өз іссапарында соғысты тоқтату мәселесін қарастырды. Алайда 1953 жылдың 5 наурызындағы Сталиннің өлімі КОКП ОК Президиумы соғысты тоқтату үшін дауыс берді. КСРО тарапынан қолдаудан айырылған Қытай тұтқынға түскендерді өз еркімен репатриаяциялауға келісті.

БҰҰ Үндістанның оқ жаудыруды тоқтату туралы ұсынысын қабылдағаннан кейін, 1953 жылдың 27 шілдесінде келісім тағайындалды. Бейбіт келісім жасасу мақсатында, алайда нәтижесіз қалған, 1954 жылдың сәуірінде Женевадағы бейбіт конференциясы шақырылды. Солтүстік пен Оңтүстік өзінің бума-бума ұсыныстарын ұсынды, алайда бұл ұсыныстар бір-бірімен көп келісе қоймады. Дегенмен «солтүстік» кейбір жеңілдіктерге келісім берді, алайда АҚШ пен оның одақтастары ультимативті позиция ұстанып отырды.

1958 жылдың қаңтарында АҚШ Оңтүстік Корея шекарасында ядролық қару орналастырды, бұл әрекет бітім туралы Келісімнің 13d тармағына қарама-қайшылық тудырды. Ядролық қарулар 1991 жылы мемлекеттен тыс шығарылған.[17]

1991 жылы 13 желтоқсан айы ҚХДР мен Корея Республикасы бітім, шабуылдамау, серіктестік пен әріптестік және өзара алмасулар жүргізу туралы Келісімге қол қойды. Бұл қелісімде қос корейлік мемлекет өздерінің тәуелсіздігін және дербестігін мойындады. КР мен КХДР өзара бір-бірінің ішкі саяси істеріне араласпауға, жаулық әрекеттерді қолданбауға, бір-бірінің әлеуметтік-экономикалық жүйелерін құрметтеуге міндетті болды.

Алайда ертеде қол жеткізген келісім 2010 жылы Ли Мён Бактың қатысымен жоққа шығарылды. («Чхонан» күзетші кемесін батыру оқиғасы болғаннан кейін), ал 2013 жылғы сәуір дағдарысы ҚХДР 1953 жылғы Келісім мен 1991 құжат ережелерін орындаудан бас тартуға әкеп соқтырды. 2013 жылдың 8 наурызында ҚХДР үкіметі Оңтүстік Кореямен жүргізілген Бітім шартты жойды.[18].

29 мамыр 2013 ж. КХДР Оңтүстік Кореяға бітім шартқа қол қоюды ұсынды.

Соғыс сипаты

өңдеу

Статистика

өңдеу

Әскер саны (адам):[19]

Барлығы: 933 845 бастап 1 100 000 дейін.

Сондай ақ өз қызметтерін ұсынғандар: Никарагуа, Аргентина, Судан, Куба.

  • Солтүстік коалиция (мәліметтер жуықталған):[19]

Барлығы: шамамен 1 060 000.

Соғыс салдары

өңдеу

Корей соғысы Суық соғыс кезінде болған жалғыз қарулы қақтығыс болды және келесі қақтығыстардың алғы шарты болды. Ол жергілікті соғыстың үлгісін құрды. Бұл соғыс қос астам державаның шектеулі аумағында, атом ядросын қолданбай соғысқан қақтығыс сипатында болды.[26].

 
Пханмунджомдағы Солтүстік және Оңтүстік Корея шекарасы

Қос мемлекеттің де 80 %-дан астам өнеркәсіптік және транспорттық инфрақұрылымы бұзылды.

Соғыстың аяқталуымен түбек сол қалпы екіге бөлінген қалпы қалды. Қос аймақта сәйкесінше КСРО мен АҚШ үстемдік құрды.

Оңтүстік Корея қорғаныс министрлігі 1953 жылы тоқтатылған соғыс әрекеттері кезінде КХДР барлық оңтүстік корейлік тұтқындарды босатпау туралы ұйғарады. Көптеген жылдар өткеннен кейін ҚХДР-дан Оңтүстік Кореяға тұтқындар қайтып оралып жатты.[27]

Тағы қараңыз: Кореяның бөлінуі, Демилитарландырылған аймақ (Корея) және Кореяның бірігуі

Дереккөздер

өңдеу
  1. Ким Ир Сеннің қолдаушысы, қр.: 이지수. 2010, 인물로 다시 보는 6·25 "이 자식아, 전쟁지면 너도 책임있어" 김일성, 박헌영에 잉크병 집어 던져  (кор.). 조선일보. Басты дереккөзінен мұрағатталған 12 ақпан 2012. Тексерілді, 15 қыркүйек 2010.
  2. 6.25 전쟁의 피해  (кор.). 대한민국 국방부. Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 шілде 2011.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 25 маусым 2010.
  3. a b Michael Hickey. The Korean War: An Overview. Би-би-си. Басты дереккөзінен мұрағатталған 25 маусым 2012. Тексерілді, 31 желтоқсан 2011.
  4. Xiaobing Li. A History of the Modern Chinese Army // {{{тақырыбы}}} — Lexington, KY: University Press of Kentucky, 2007. — P. 111. — ISBN 978-0-8131-2438-4.
  5. Grigorij F. Krivošeev Soviet Casualties and Combat Losses in the Twentieth Century // {{{тақырыбы}}} — London: Greenhill, 1997. — ISBN 1-85367-280-7.
  6. Dankwart A. Rustow. The Changing Global Order and Its Implications for Korea’s Reunification  (ағыл.). Басты дереккөзінен мұрағатталған 20 сәуір 2001.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 7 мамыр 2006.
  7. Попов И., Лавренев С., Богданов В. Корея в огне войны (Корея — соғыс жалынында). — Жуковский; М.: Кучково, 2005. — С. 74—75.
  8. a b Тепсуркаев Ю. Г., Крылов Л. Е. «Сталинские соколы» против «Летающих крепостей» («Ұшқыш бекініске» қарсы «Сталиннің қырандары»). — М.: Яуза, Эксмо, 2008. — С. 290.
  9. Ачесон мемлекеттік хатшысының мәлімдемесі, UP, Washington, 2 мамыр 1951
  10. Paolo Enrico Coletta. The United States Navy and Defense Unification, 1947-1953. — University of Delaware Press, 1981. — P. 248.
  11. Dennis D. Wainstock. Truman, MacArthur and the Korean War: маусым 1950-шілде 1951. — Enigma Books, 2013. — P. 6.
  12. http://www.ln.mid.ru/mg.nsf/ab07679503c75b73c325747f004d0dc2/880f42c7b8fdfb5cc3256d3c001caf17?OpenDocument Мұрағатталған 21 маусымның 2009 жылы.
  13. Gaddis, John Lewis. The Cold War: a new history. ISBN 1-59420-062-9. P. 43
  14. Новейшая история России 1914—2008 // Под ред. М. В. Ходякова. 3-е изд. М.: 2008. ISBN 978-5-9692-0339-6, С. 336.
  15. a b Окороков, Александр Корей соғысы 1950-1953 жж. (2005 жылдың 29 қазаны). Басты дереккөзінен мұрағатталған 12 ақпан 2012. Тексерілді, 30 қазан 2009.
  16. Тарих ғылымдарының кандидаты В. А. Тарасов
  17. ПИР-Центр.
  18. ҚХДР үкіметі Оңтүстік Кореямен жүргізілген Бітім шартты жойды. РБК. Басты дереккөзінен мұрағатталған 9 наурыз 2013. Тексерілді, 8 наурыз 2013.
  19. a b c Тараптардың күштері және шығындар
  20. On This Day 29 August 1950. BBC. Басты дереккөзінен мұрағатталған 12 ақпан 2012. Тексерілді, 15 тамыз 2007.
  21. Filipino Soldiers in the Korean War (video documentary). Тексерілді, 24 наурыз 2008.
  22. The Korean War  (ағыл.). Басты дереккөзінен мұрағатталған 12 ақпан 2012. Тексерілді, 7 мамыр 2006.
  23. The Turkish Brigade  (ағыл.). Басты дереккөзінен мұрағатталған 12 ақпан 2012. Тексерілді, 7 мамыр 2006.
  24. Thomas Nigel The Korean War 1950-53 — Oxford: Osprey Publishing, 1986. — P. 22-23. — ISBN 0850456851.
  25. French Participation in the Korean War. Embassy of France. Басты дереккөзінен мұрағатталған 27 қыркүйек 2007.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 15 тамыз 2007.
  26. АҚШ, Би-би-си (11 қаңтар 2010 жылдың).
  27. КХДР-да Оңтүстік Кореяның 496 тұтқындары қалып қалған (РИА Новости, 24 қазан 2003)
  NODES
3d 1
mac 1
os 3