Мастурбация (лат. manus — «қол» + лат. turbare — «қоздыру») — индивидтің өзінің немесе серіктесінің эрогенді зоналарын қоздыру арқылы (өзара мастурбация кезінде екі серіктес бір-бірін стимуляциялайды) жыныстық құштарлығын қанағаттандыру түрі. Сонымен қатар онанизм деген атауымен белгілі (Ескі Өсиеттің кейіпкерінің есімімен).

Ер балалар мен қыз балаларға арналған мастурбацияға қарсы құрылғылар (бандаждар).
Мастурбация кезінде жыныс мүшесі сүндеттелген ер адам

Маструбацияға деген діни көзқарас

өңдеу

Көптеген діндерде соның ішінде әлемдік діндерде маструбацияға қатаң тиым салған. Атап айтқанда ислам діні некесіз жыныстық қатынасқа тыйым салғанындай өздігімен ұрық шығаруға да қатаң тиым салады.

  … сондай ұятты жерлерін сақтағандар.   Бірақ өз әйелдері немесе қолдарындағы күңдері басқа.   Расында оларға сөгіс жоқ.   Ал сонда кім бұлардан басқаны іздесе , міне сонда олар шектен шығушылар…» (Мүминун сүресі, 5–7; Мағариж сүресі, 29–31)

 

Әйтсе де, Ханафи ғалымдарының пайымдауынша, шаһуат қатты қысып, кісінің бар ой-санасын тұмшалап, есін кетіріп, оны зинаға жетелейтіндей қауіп туындаған жағдайда, әлгіндей әрекетке жүгініп, шаһуатын тежеуіне рұқсат етіледі. Және бұл рұқсат - зина секілді ауыр күнәнің алдын алу үшін ғана берілген. Сондықтан мұны әдетке айналдырмау шарт[1].


Тағы қараңыз

өңдеу

Дереккөздер

өңдеу
  1. Шариғатта өз-өзін қанағаттандырудың үкімі қалай?. islam.kz (1 ақпан 2016). Тексерілді, 11 қазан 2016.


  NODES