Наразылық[1]– қандай да бір жүйеге, ережеге, іс-шараға, ой-пікір, тұжырымға, шешімге немесе мемлекет саясатына деген қарсылық, келіспеушілік, ауызша не жазбаша, әрекет не әрекетсіздік арқылы білдіріледі. Саяси-әлеуметтік наразылық аштық жариялау, жария түрде өзін-өзі өлтіру, белгілі бір кәсіп иелерінің жұмыс берушіге, үкіметке немесе бір мемлекеттің екінші мемлекетке бойкот жариялауынан көрініс табады. Жеке адамның жария наразылықы қоғамдық санаға қозғау салып, жаппай наразылыққа ұласуы мүмкін. Көбіне мемлекеттік жүйеге деген қоғам наразылықымен тиісті орындардың санаспауы наразылық тудырушы себептің күштілігіне орай оның жоғарғы шегі – көтеріліске әкеп соғады; құқықта – прокурордың мемлекет органдарының заңға қайшы актілерін түзетуді немесе күшін жоюды талап етуі. Сот қаулыларына және басқа мемл. органдар актілеріне наразылық білдіріледі. Наразылықтың заңды күші болады, оны сот, мемлекеттік органдар және кез келген мекеме тиісті мерзімде қарап, шешім қабылдауға міндетті. Олай етпеген жағдайда мемлекет тарапынан мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Наразылық білдіру құқығы ҚР Бас прокурорына, оның орынбасарларына, облысы және оған теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарларына, аудандық және оған теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарларына берілген.

A.
1905 жылдағы наразылық шеруі.
A.
Наразылықтың жоғарғы шегі-көтеріліс.

Сілтемелер

өңдеу

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ Энциклопедиясы"Қазақ Энциклопедиясы", 6 том


  NODES