Пигменттер (лат. pіgmentum — бояу), биологияда — ағза ұлпасы құрамында болатын боялған заттар. Пигменттердің түсі күн спектрінің әр түрлі сәулесін сіңіретін хромофор тобына байланысты анықталады. Пигменттердің ағза тіршілігінде, әсіресе фотобиология процесінде маңызы зор.

A.
хлоропласттардағы хлорофилл

Жануарлар мен өсімдіктер ағзасында порфирин, каротиноид Пигменттері көп мөлшерде кездеседі. Порфирин жасыл өсімдіктердің хлорофилл молекуласында; фотосинтезге қатысатын бактериялардың бактерио-хлорофиллдерінде; жануарлардың тыныс алу процесіне қатысты пигменттерінде (гемоглобин, миоглобин, хлорокруорин, т.б.) болады. Өсімдіктердің гүлі, жемісі, жапырағына түс беретін, химиялық құрылысы, түсі мен таралуы жөнінде бір-бірінен ерекшеленетін заттар (антоциандар, флавондар) өсімдік Пигменттерінің үлкен тобы — флавоноидтердің құрамына кіреді.

Жануарлардың көру мүшесінде құрамы күрделі көру Пигменттері бар. Пигменттер жасуша мен түрлі мүшелерде сұйық күйде болады. Адам ағзасындағы Пигменттер алмасуы бұзылуының бұзылуы ағнаны ауруға шалдықтырады. Пигменттердің өзгеріске ұшырауы тұқым қуалайды және жүре пайда болады. Пигменттер алмасуы бұзылуының жүре пайда болуы бауырдың ауруынан (гепатит, ісік, т.б.), ағзада дәруменнің жетіспеуінен, қан ауруларының асқынуынан болады.

Пигменттер химияда — пластмасса, резина, қағаз, т.б. бояуда, баспахана мен құрылыс бояуларын дайындауда қолданылатын түрлі-түске боялған химиялық қосылыстар. Пигменттер бейорганик. және органик. түрлерге бөлінеді. Бейорганикалық Пигменттер табиғи, минералды, синтетик. болып бөлінеді. Оларға: өтпелі металдардың (Fe, Co, Cr, т.б.) оксидтері, тұздары, кешенді қосылыстар, түсті металдардың (Al, Cu, Zn, Fe, Nі) ұнтақтары, құймалар (қола, латунь), күйе жатады. Органикалық Пигменттер — әр түрлі химиялық құрылысты синтетик. бояғыш заттар. Олардың ішіндегі негізгілері — азопигменттер мен азолактар. Пигменттер боялған материалдың көптеген қасиеттерін (коррозияға төзімділігін, әсемділігін, т.б.) жақсартады. Пигменттерді алуда табиғи шикізатты үгіту (мысалы, темір жосасын алуда), сулы ерітінділерді химиялық тұндыру (литопон алу), т.б. әдістер қолданылады.[1][2]

Дереккөздер

өңдеу
  1. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова. Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
  2. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том


  NODES