Приматтар (лат. Prіmates) — жоғары сатыдағы сүтқоректілер отряды.

Приматтар
Қазбалық ауқымы: Late Paleocene–recent
Papio anubis
Papio anubis
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Ықшам табы: Ұрықжолдастылар
Ұлы сабы: Euarchontoglires
Сабы: Primates
Linnaeus, 1758
Range of the non-human primates (green)
Range of the non-human primates (green)


Бұлардың арғы тегі қарапайым жәндікқоректі сүтқоректілер деп есептелінеді. Ежелгі приматтар адамзат тарихындағы бор кезеңінде Азиядан Еуропаға, Солтүстік Америка мен Азияға тараған. Дене пішіні, тұрқы алуан түрлі: бойы 10 см-ден (шала маймылдар) 180 см-ге дейін (гориллалар) кездеседі. Тері жамылғысы — түк (қалың, жұмсақ әрі үлпілдек, түсі әр түрлі). Көпшілігінде ұзынды-қысқалы құйрығы болады. Аяқаласықолдары бес саусақты, бірінші саусағы басқаларына қарама-қарсы орналасады. Табанын толық басып жүреді. Приматтарда сүтқоректілерге тән көптеген белгілер сақталған. Көру және есту қабілеттері жақсы жетілген. Приматтар ми сауытының үлкен болуымен, ми сыңарларының жақсы жетілуімен, ми сайшалары мен қыртыстарының көп болуымен, күрделі мінез-құлығымен ерекшеленеді. Приматтар өздері мекендейтін аумақтарын белгілеп, сол жерде топтасып өмір сүреді. Қорегі — өсімдік жемісі, жапырағы, гүлі, тамыр жемісі, жәндіктер, сирек те болса жәндікқоректілер. Приматтар — жыл бойына көбейетін полициклді жануарлар. Салмағына байланысты буаздық мерзімі 4 айдан 10 айға дейін созылады. Көпшілік түрі бір, өте сирек жағдайда 2 — 3 ұрпақ әкеледі. Приматтардың балалары анасымен бірнеше жыл бірге жүреді. 20 — 30 жыл өмір сүреді. Қазіргі кезде поэтика Азия, Африка, Американың тропиктік және субтропиктік аймақтарында, Зонд архипелагы мен Филиппинде тараған. 200-ге жуық түрі белгілі.

Приматтар 2 отряд тармағына бөлінеді.

  1. Төменгі сатыдағы приматтар не шала маймылдар (Prosіmіі), 90-ға жуық түрі бар. Бұларға тупайлар, лемурлар, лорилер, ұзын құйрықтылар жатады. Тіршілігінің көп уақытын ағаш басында өткізеді. Аздаған топ құрып не жұптасып, кейде жалғыз да тіршілік ете береді. Құрғақшылық жылдары кейбір түрлері ұйқыға кетеді.
  2. Жоғары сатыдағы приматтар немесе маймылдар (Anthropoіdea), 100-ден аса түрі бар. Бұлар 2 топқа бөлінеді; қаласы Кеңтанаулы маймылдар; Тартанаулы маймылдар.[1]

Приматтардың 62 түрі мен түртармағы қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау қоғамының “Қызыл кітабына” енгізілген. Қазақстанда приматтар хайуанаттар паркінде ұсталады.

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ энциклопедиясы


  NODES