Сауд әулеті

Сауд Арабиясын билеген әулет

Сауд әулеті, Әл Сауд (араб.: آل سعود‎) (кейде — Саудиттер) — 1932 жылдың 23 қыркүйегінен бастап, Сауд Арабиясын басқарып келе жатқан патшалық әулет.

Әл Сауд
араб.: آل سعود
Әл Сауд
Елі

 Сауд Арабиясы

Құрылды

1744

Негізін салушысы

Әбд әл-Ғазиз әл-Сауд

Титулдары

мәлік, Екі киелі мешіт сақтаушы

Әулеттің пайда болуы мен тарихы

өңдеу

Саудиттер, шамамен 1446/7 жылы Әд-Дирғия қаласын құрушы, Әл-Қатифтік Мани әл-Мрайдидің ұрпақтары болып саналады. Мани ұрпақтары аназа руын басқарып, жақын жатқан қалалардың әмірлері болды. 1774 жылы Әд-Дирғияның әмірі Мұхаммед ибн Сауд дін маманы Мұхаммед ибн Абдуль-Уәһһабты өз қорғауына алып, оның діни оқуларын қабылдады. Бірнеше онжылдықта ибн Сауд және оның ұрпақтары бүкіл Нәдждты, батыс және шығыс Арабия түбегін өздеріне бағындырды. Бұл кезеңді «Бірінші Сауд мемлекеті» деп атайды. 1792 жылы Мұхаммед ибн Абдуль-Уәһһабтың қазасынан кейін, Саудитттер өз қолдарына жоғарғы және зайырлы рухани билікті алды. 1803 жылы Саудиттер Меккені, ал 1804 жылы — Мединені және бүкіл Хиджазды басып алды. Бірақ Сауд үстемдігі Арабияда көпке бармады: 1811 жылы осман сұлтанының қалауымен оларға Мысыр хедиві Мұхаммед Әли қарсы шықты. Жеті жылдық шайқаста саудиттер барлығынан айырылды: 1818 жылы бесжылдық қоршаудан соң мысырлықтар олардың астанасы Әд-Дирғияны алып жермен жексен етті, әмір Абдуллаһ I ибн Сауд Ыстамбұлға жіберілді, онда оның басын алды. Алайда 1821 жылы Абдуллаһтың туысы Турки ибн Абдуллаһ османдарға қарсы көтерілді де, Эр-Рияд қаласын жаңа астана қылды.

Әулеттің қазіргі жағдайы

өңдеу
 
Абдулла ибн Әбд әл-Ғазиз әл-Сауд

 — Сауд Арабиясының королі. Әли Саудтер қазір — елдегі тікелей басқарушы жалғыз отбасы. Үкіметтегі және аймақтардағы орындарда Әли Сауд өкілдері. Оларды патша тағайындайды. Үкіметтік деңгейде ешқашан сайлау болып көрмеген, ал жергілікті органдарда алғаш тек 2005 ж. болды; соның өзінде, сайлау құқығына халықтың аз бөлігі ғана ие болды. Сайлауға қатыса алмағандар: әйелдер, әскери қызметшілер және көшпенділер (бәдеуилер), бірақ заңда әйелдерге сайлау және сайлану құқығы берілген. Тіпті депутаттардың жартысын король тағайындайды[1].

Сауд Арабиясы қазіргі кездегі — әулет атымен аталатын 3 елдің бірі (басқалары — Лихтенштейн және Иордания). Бүгінде әулет басшысы Абдуллаһ ибн Абдуль-Азиз Әли Сауд болып табылады, ал сауд арабиялықтардың жалпы саны 25 миллион адамға жетеді, олардың ішінде 200 ханзада бар[2].

Саудиттерде мұрагерлік басқа елдердегідей әкеден балаға емес, көп жағдайда ағадан бауырға, содан кейін ғана ұрпақтың үлкеніне берілді[3].

Сот жүйесі шариғатқа негізделген. Дегенмен сот қызметшілері тәуелсіз болып саналады, бірақ оларды да король тағайындайды. Ел ішінде оппозицияшылдар қатаң жазаланады, тіпті ату жазасына дейін кесіледі.

Дереккөздер

өңдеу

Әдебиеттер

өңдеу
  NODES