Сократ
Сократ (көне грекше: Σωκράτης, лат. Socrates, б.з.д. 470 – б.з.д. 399)[1] — Батыс философиясының негізін қалаушы ежелгі грек философтарының бірі.[1] Ол өз шәкірті Платон және Платонның шәкірті Аристотельмен (б.з.д.384 – б.з.д.320) бірге ежелгі гректің ең әйгілі "Үш данасы" деп қастерленген. Ол артына кітап жазып қалтырмаған, идеялары мен ғұмырбаянын шәкірттері (Әсіресе Платон) жазып қалтырған. Сондай-ақ замандасы Аристофанның (б.з.д.448- б.з.д.220) комедиясында ("Бұлт") да Сократ күлкілі адам ретінде кездеседі. Платон өз диалогтарында Сократты негізгі сұхбаттасушы еткен. Платон былай жазған: "Мен өз шығармаларымды ең ұлы дана – Сократқа арнадым. Адамдар мені ұмытып кетуі мүмкін, бірақ менің шығармаларым арқылы Сократты ұмытпайтын болады."
Сократ | |
көне грекше: Σωκράτης | |
Сократ. Мәрмәр, Рим бюсті (1 ғасыр), мүмкін, Лисипп жасаған жоғалған қола мүсіннің көшірмесі. | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері |
Афина, Ежелгі Афина мемлекеті |
Қайтыс болған күні |
Б. з. д. 399 жыл (71) |
Қайтыс болған жері |
Афина, Ежелгі Афина мемлекеті |
Шығармашылығы | |
Шығармалардың тілі | |
Мектеп/дәстүр | |
Бағыты |
Батыс философия |
Негізгі қызығушылығы | |
Негізгі пікірі |
Сократтық диалог, Сократтық интеллектуализм, Сократтық ирония, Сократтық әдіс, Сократтық парадокс, Сократтық сұрақ |
Ықпал еткендер |
Анаксагор, Архелай, Диотима, Парменид, Продикос, Дамон |
Ықпалды жалғастырушылар |
Барлық кейінгі Батыс философиясы, әсіресе оның ізбасарлары, |
Сократтың өмірі Перикл билік құрған Афина демократиясы дәуірімен тұспа-тұс келді. Бұл Грек өркениетінің барынша шарықтаған "алтын ғасыр" болатын.
Сократ философия тарихында үлкен бұрылыс жасаған адам. Ол ғарышты зерттеуден адамды зерттеуге, адамның ішкі рухани шындығына үңілуге, себепті танудан мақсатты тануға бұрылуға әсер етті. Оның этика саласына жасаған үлесі айырықша. Өйткені ол "дүние-адам ақырғы есепте жақсылыққа талпынады, ендеше жақсылықтың тегі не екенін білу нағыз білім болмақ" деп есептеді.
Кейінгі философтар Сократтық мысқыл және Сократтық әдіснама ұғымдарын тұрақты термин ретінде қолданады. Сократтық диалектика әдісі күні бүгінге дейін түрлі пікірталастарда жиі қолданылатыны белгілі. Оның мағынасы: түрлі-түрлі сұрақтар тек жауап алу үшін ғана емес, қатысып отырғандарға қарастырылып отырған мәселенің түп-тамырына үңілу үшін де қойылады. Сократ эпистемология және логика салаларына да батыс филсофиясына үлгі боларлық үлестер қосты.
Өмірбаяны
өңдеу«Сократ мәселесі»
өңдеуСократтың тарихи дұрыс бейнесін жасап, оның пәлсапалық көзқарастарын сипаттауда белгілі бір қиындықтар бар. Ол қиындықтар «Сократ мәселесі» деп аталады.
Сократтың өзі ешқандай пәлсапалық шығармалар жазбаған. Біздің бұл кісі туралы білетініміздің барлығы оның замандастары мен шәкірттерінің жазып қалғандарынан алынған. Олардың ішіндегі ең маңыздысы — Платон, сонымен Ксенофонт, Аристотель және Аристофанның еңбектерінде де көп мәлімет берілген.[2] Сократтың «шынайы» тұлғасын қалпына келтірудің қиындығы — осы шығармалар тарихи шығармалар емес, пәлсапалық немесе көркем шығармалар ретінде жазылған. Оның үстіне ол дерек көздері өздерін тарихи сенімді деп сөз бермейді. Мынаны Сократ жазған деген ешбір шығарма белгілі болмағандықтан, тарихшылардың алдында тұрған қиын міндет — осы шығармаларда айтылғанды бағалай отырып, Сократтың өмірі мен үйреткен ілімін дұрыс сипаттай алу.Ол өмір бойы этикамен айналысып, оны өзінің әдісімен зерттеген.
"Сократ тұңғыш рет «философияны аспанан жерге түсірді, қалаға алып кірді, әр үйдің есігін қағып таныстырды, әрі оны өмір мен этикаға, жақсылық пен жамандыққа мән беретін етті." (Рим саясаткері және әйгілі шешені Цицерон)"
Жалпы алғанда, Платонның жазбалары Сократтың өмірі мен пәлсапасы туралы сенімді және мәліметті мол беретін дерек көзі ретінде қарастырылады.[3] Басқа шығармалармен салыстыра отырып, Сократты жай ғана Платон ойлап шығарған тұлға деуге келмейді. Ксенофонт пен Аристотельдің куәліктері мен Аристофанның Бұлттар комедиясындағы кейбір бөліктер Сократтың шынайы бейнесін қалпына келтіруге көмектеседі.
Өмірі
өңдеуСократ туралы мәліметтер онымен замандас үш дерек көзінен алынған: Платон мен Ксенофонттың (екеуі де Сократтың шәкірті) диалогтары және Аристофанның комедиялары.
Аристофанның «Бұлттар» комедиясында Сократ өзінің шәкірттеріне алған қарызды қалай төлемей қоюға болатынын үйрететін алаяқ ретінде бейнеленген. Алайда Аристофанның шығармаларының көбі пародия ретінде жазылған, сондықтан оларда айтылғанды тіке мағынасында түсінуге болмайды.
Платонның айтуынша, Сократтың әкесінің аты Софрониск, шешесінің аты Фенарета болған, шешесі әйелдерді босандыратын кіндік шеше болған. Бет-әлпеті ұсқынсыз, бойы тапал адам ретінде сипатталса да, Сократ жасы өзінен көп кіші Ксантиппаға үйленген. Одан ол Лампрокл, Софрониск және Менексен деген үш ұл сүйген. Сократ өлім жазасына кесілгеннен кейін мүмкіндік бола тұра қашудан бас тартқан, сол үшін оның досы Критон сол балаңды неге ойламайсың деп жазғырды.
Сократтың нендей кәсіппен айналысып күн көргені белгісіз. Тимонның және кейінгі дерек көздерінің айтуынша Сократ әкесінен тас қалаушылық өнерін үйренген.
Сократтың ешқашан ешқандай кәсіппен айналыспағанына меңзейтін деректер бар: Ксенофонттың «Симпозиум» деген шығармасында Сократ өзінің бар уақытын ең маңызды кәсіп немесе өнер деп қарастыратын нәрсеге, яғни пәлсапаны талқылауға бағыштайтынын айтады. Аристофан «Бұлттар» комедиясында Сократты тәлім бергені үшін ақы алады деп суреттесе, Платонның «Апология» және «Симпозиум» атты шығармаларында және Ксенофонттың шығармаларында Сократ өзінің берген тәлімі үшін ақша алғанын жоққа шығарады. «Апологияда» Сократ егер мен ақы алатын ұстаз болсам неге сонша кедеймін деген уәж айтады.
Платонның бірнеше диалогтарында Сократтың әскери қызмет атқарғаны туралы айтылады. Сократ өзінің үш жорықтың кезінде: Потидея, Амфиполь және Делий жорықтарында әскерде болғанын айтады. «Симпозиумда» Алкивиад Сократтың Потидея және Делий шайқастарында көрсеткен ерлігін, Потидеяда Сократ өзін өлім аузынан аман алып қалғаны туралы айтады. Сократтың Делийдегі ерекше қызметі «Лахет» диалогында Лахет деген қолбасшы егжей-тегжейлі айтып береді. «Апологияда» Сократ өзінің соттағы көріп отырған қиындықтарын әскери қызметімен салыстырып, менің өлімнен қорқып өз пәлсапамнан бас тартуым жауынгердің өлімнен қорқып, шайқасты тастап қашуымен бірдей болар еді деп салыстырады.[4][5][6]
Философиясы
өңдеуНатурфилософия
өңдеуСократқа дейінгі кезең натурфилософия деп аталды. Натурфилософия табиғатпен байланысты сұрақтарды зерттеді. Натурфилософия әлемдегі иерархияны құрастырумен айналысты. Аспан, жер, жұлдыздар қалай пайда болды деген мәселені зерттеді. Сократ та әлемді түсінгісі келді, бірақ ол басқаша мәнерде қарастырды. Ол құбылыстан құбылысқа өту арқылы емес, жалпыдан құбылысқа қарай беттеу арқылы ізденіс жүргізді. Мысалы: әдемі заттар көп, бірақ әдемілік ұғымын бір затпен ғана байланыстырып қоюға болмайды. Әдемі заттарға ортақ қасиет бар. Оларға тән жалпылықты идея, эйдос деп атауға болады. Эйдос, жалпы идея заттардың мазмұнын, мәнін көрсетеді. Жалпылық сезім арқылы емес, ақыл, ойлау арқылы табылатын болса, онда ол ой, ақыл сферасына жатады, міне осыдан идеализм бастау алған. Сократтың ашқан жаңалығы – жалпылық туралы пікір. Ондағы басты идея – (идея блага) жақсылық, ізгілік мүдде. Әр нәрсенің қажеттілігі осы идеямен анықталады. Сократ үшін этикалық мәселеден жоғарғы мәселе жоқ. Жақсы адамның мәні жақсылықты білгендігі және сол біліміне сәйкес іс-әрекет жасауында. Адамгершілік ақылмен байланыстырылады. Білім қайдан туады? Сократ осы сұраққа пікір таластан туады деп жауап береді: тәсіл, пікір алысу жаңа ой тудырады. ( тәсілдер: ирония, майевтика). Сократ диалектика тәсіліне көңіл бөледі.
Софистика
өңдеуСофистика дегеніміз – бастапқы теорияны сақтап қалу үшін логика ережелерін субъективті түрде пайдалануды мүмкін етіп қарайтын аргументтердің көп түрінің жиынтығы. Бастапқы деп алынатын теория ақиқат деп қаралады және сынауға, қайта қарауға тиым салынған болады. Софистика әдісі көздегенге жету үшін, соны дәлелдеу үшін семантикалық және логикалық ережелерді пайдаланады. Софизм – бұл еркін таңдалынған ой толғау. Оның негізінде софист адамға о бастан қолайлы альтернативалар жатады. Софист осы альтернативалардың көмегімен кез-келген пікірді дәлелдеп шыға алады. Мысалы: бір афиналық әйел баласын үйреткен: “Қоғамдық істерге араласпа. Шындықты айтсаң, адамдарға ұнамайсың, ал өтірік айтсаң, Құдайға ұнамайсың.” Керісінше де дәлелдеп шығуға болады. Софистика адамның таным сферасында шексіз релятивизмді, салыстырмалылықты уағыздайды. Софистика біздің заманымыздан бұрын V-ІV ғасырларда дамыды. Өкілдері Протагор, Гипий, Антифонт. Протагор ақиқатты салыстырмалы деп қарастырды. “Адам барлық нәрсенің өлшемі” деген сөз Протагордан қалды. Софистиканың жақсы жағы сол: ол білім жүйесіндегі қайшылықтарды табуға жағдай жасайды. Ескі ілімнен бет-бұрыс жасау керек болған жағдайда софистиканың ролі қажет болды. [7]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ a b Дереккөз қатесі: Жарамсыз
<ref>
тегі; no text was provided for refs namedenc1911
- ↑ Сонымен бірге кезінде Сократқа телінетін диалогтар (Sőkratikoi logoi деп аталатын) жазған басқа да жазушылар болған, мысалы Антисфен, Аристипп, Критон, Федон. Платонның солардың алғашқысы болмағаны анық.
- ↑ Бұны растайтын бірнеше жайт бар. Біріншіден, Сократ барлық деректерде ойшыл ретінде сипатталады. Сондықтан оның айтқан тәлімін әскери адамға қарағанда өзі сияқты басқа бір ойшылдың (мысалы, Платон) жақсырақ түсіне алатыны ақылған қонымды. Екіншіден, Ксенофонттың еңбектерінде Сократ бір төңкерісші немесе Афины қаласына қауіп төндіретін адам ретінде сипатталады, бірақ бұны растайтын деректер жоқ. Платон бейнелейтін Сократтың өмірі шындыққа жанасымдырақ сияқты (May, On Socrates).
- ↑ Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
- ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
- ↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
- ↑ “Философия” Есіркепова Г.К., Шымкент, 2008.