Температура (лат. temperatura – араластырылуға тиісті, өлшемдес болу, қалыпты күй)[1]макроскопикалық жүйенің термодинамикалық тепе-теңдік күйін сипаттайтын физикалық шама. Егер оқшауланған немесе тұйықталған жүйе термодинамикалық тепе-теңдік күйде болса, онда оқшауланған немесе тұйықталған жүйенің кез келген бөлігінде температура бірдей болады. Ал егер жүйе тепе-теңдік күйде болмаса, онда жылу (энергия) оның температурасы жоғары бөлігінен температурасы төмен бөлігіне қарай ауысып, белгілі бір уақыт өткеннен кейін жүйенің барлық бөліктеріндегі температура өзара теңеседі. Молекула кинетикалық теория тұрғысынан тепе-теңдіктегі жүйенің температурасы сол жүйені құрайтын атомдардың, молекулалардың, т.б. бөлшектердің жылулық қозғалысының қарқындылығын сипаттайды. Мысалы, классикалық статистикалық физиканың заңдарымен сипатталатын жүйе үшін бөлшектердің жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы жүйенің абсолют температурасына тура пропорционал болады. Бұл жағдайда температура дененің жылыну (қызу) дәрежесін сипаттайды. Жалпы жағдайда температура жүйе энергиясының энтропия бойынша алынған туындысымен анықталады және ол әрқашан оң болады. Осылай анықталған температура абсолют температура немесе термодинамикалық шкала температурасы деп аталады. Бірліктердің халықаралық жүйесінде абсолют температураның бірлігіне кельвин (К) қабылданған. Көп жағдайда температураны Цельсий шкаласы (t) бойынша өлшейді. Ал t және Т бір-бірімен: t=T-273,15К теңдігі арқылы байланысқан (мұнда Цельсий градусы кельвинге тең). Дене температурасы термометр арқылы өлшенеді.[2]

Механикалық термометр
Ұзақ уақыттық орташа айлық жер беті ауа температурасы картасы Mollweide проекциясында.
Әлемдегі жылдық орташа температура

Температуралық шкаласы

өңдеу

Температуралық шкаласы- қалыпты кысым кезінде мұздың еру нүктесі нөл градусқа, ал қайнау нүктесі - 80 градусқа теӊ.

Абсолют температура. Кельвин температуралық шкаласы

өңдеу

Абсолюттік температура ұғымын 1848 жылы У.Томсон (Кельвин) енгізгенді. Абсолют температура шкаласын Кельвин температуралық шкаласы немесе термодинамикалық температура шкаласы деп атайды. Егер зат -273,15⁰C температурада газ күйінде қалса газдың қысымы да нөлге тең болады. Осы температураны жаңа температуралық шкалада бастапқы санақ нүктесі ретінде қабылдады. Кельвин температуралық шкаласы- температура бірлігі ретінде кельвин (К) алынатын термодинамикалык температуралык шкала.

Ремюр температуралық шкаласы

өңдеу

Ремюр температуралық шкаласы - қалыпты қысымда мұздың еру нүктесі нөл градусқа, ал судың қайнау нүктесі 80 градусқа сәйкес келетін температуралық шкала. Мұздың еру температурасы 0 градусқа сәйкес келеді.

Фаренгейт температуралық шкаласы

өңдеу

Фаренгейт темературалық шкаласы - қалыпты қысымда мұздың еру нүктесі 32 градуска, ал судың кайнау нүктесі 212 градуска сәйкес келетін температуралық шкала.

Цельсий температуралық шкаласы

өңдеу

Цельсий темературалық шкаласы - калыпты кысымда мұздың еру нүктесі нөл градуска, ал судың кайнау нүктесі 100 градуска сәйкес келетін температуралык шкала.[3]

Сілтемелер

өңдеу
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0
  2. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  3. Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2
  NODES