Төлқұжат
Мына мақаланы не бөлімін Паспорт дегенмен біріктіруге ұсынылған. (Талқылауы) |
Төлқұжат, паспорт (фран. passeport бастапқыдағы мағынасы – порт арқылы өтуге рұқсат) – азаматтың жеке басын куәландыратын негізгі құжат. 16 жасқа толғанда беріледі. Төлқұжатта иесінің аты-жөні, ата-тегі, туған күні мен туған жері, ұлты жазылады. Ұлты туралы жазба ата-анасының ұлтына сәйкес жазылады. Ата-анасы түрлі ұлтқа жататын болса, ұлты Төлқұжат алушының қалауынша әкесінің не шешесінің ұлтына қарай жазылады. Төлқұжатта міндетті түрде иесінің белгіленген үлгідегі фотосуреті жапсырылады, сондай-ақ Төлқұжаттың берілген күні және оны берген мекеме көрсетіледі. Кеңестік кезеңде азаматтың Төлқұжатына балалары туралы мәліметтер (ата-тегі, аты-жөні, туған күні, айы, жылы) жазылып, некеге тіркелгені және ажырасқаны туралы, тіркеуге алынғаны және тіркеуден шыққаны туралы, т.б. белгілер соғылатын-ды. Қазақстанда Төлқұжат ретінде жеке куәлік енгізілген. Шетелге жолы түскен кезде азаматтарға Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (шетелдік Төлқұжат) беріледі. Оған шетелде болғаны туралы белгілер соғылады.
Сілтемелер
өңдеу«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |