Шелек

өңдеу
 
Пластмасс шелек

Шелексұйықтық құюға, сусымалы заттарға арналған ыдыс. Пішімі цилиндр, қиық конус бітімдес, оны тасымалдау үшін жоғары ернеуінен бір-біріне қарама-қарсы бағытта тұтқа орнатылады. Шелектердің көлемі 2 л-ден 12 л-ге дейін барады. Қазақ шеберлері шелекті ағаштан, көннен жасаған. Көн теріден сыйымдылығы 2 — 4 л шелектер жасалынып, оны ұсақ малды саууға қолданған. Ал ағаш оюшылар жұмсақ, оңай жарыла қоймайтын ағашты таңдап алады да, кептіріп, ортасын шұңғыл етіп ояды. Оған құлақ бау, қайыс бау тағады. Дәстүрлі қазақ қоғамында мал сауатын шелектерге көзтас байлау, күмістеу, құрсаулау кең тараған.

Дереккөздер

өңдеу

Автор

өңдеу


  NODES