Шомыр
Шомыр (Raphanus satіvus) – орамжапырақ тұқымдасына жататын екі жылдық өсімдік; крестгүлділер тұқымдасына жататын, суыққа төзімді өсімдік.
Шомыр | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Raphanus sativus Карл Линней |
Бірінші жылы жапырағы өсіп, тамыр жемісі жетіледі, екінші жылы гүлдеп, тұқым береді. Гүл шоғыры – шашақ, айқас тозаңданады. Жемісі – қауашақ. Шомыр шалғаммен және жабайы шомырмен жақсы будандасады. Шомыр – суыққа төзімді, ылғалды көп қажет ететін өсімдік. ТМД елдерінің барлық аймақтарында өсіріледі. Оның тамыржемісінде 1,58% қант, 1,92% белок, 1,55% клетчатка, 1,07% күл, сондай-ақ С витамині (8,3 – 29,0 мг%) және ферменттер болады. Тамыр жемісі жас күйінде тағамға, кейде дәрі жасауға пайдаланылады.
Шомырдың ерте және кеш (күзде) пісетін сорттары бар. Шомырдың ең жақсы сорттарына: грайворон (тамыржемісі сопақша, ақ), қысқы қара шомыр (тамыржемісі домалақ, сырты қара, іші ақ), қысқы ақ шомыр (тамыржемісі ақ, дәмі ащы), дүнгендік жергілікті сорт (тамыржемісі жұмыр немесе сопақшалау, дәмі ашқылтым), т.б. жатады. Шомыр егісінің 1 га-нан 200 – 300 ц (кейде 450 – 500 ц) өнім жиналады.[1]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |