Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы

Қытайдың (ҚХР) аутономиялық ауданы
(Шыңжаң бетінен бағытталды)

Шыңжаң Ұйғыр автономиялық өлкесі (ұйғ. شىنجاڭ ئۇيغۇر ئاپتونوم رايونى / Shinjang Uyghur Aptonom Rayoni; қыт. 新疆维吾尔自治区 пин-йин: Xīnjiāng Wéiwú'ěr Zìzhìqū. Қысқаша ШҰАР, Шыңжаң; ұйғ. شىنجاڭ; қытайша: 新疆; пінин: Xīnjiāng; Wade-Giles: Hsin1-chiang1; поштада: Sinkiang) — Қытай Халық Республикасының Солтүстік-Батыс өңіріндегі орналасқан автономиялық аумақ әрі жер көлемі бойынша ең ірі әкімшілік аумақтық бөлінісі. Солтүстігінде Алтай таулары арқылы 52 км Ресей Федерациясымен шығысында Моңғолияның Баян-Өлгей, Ховд аймақтарымен, оңтүстігінде Тибет автономиялы районымен, батыс-солтүстігінде Қазақстанның Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарымен, батысында Қырғызстан, Тәжікстан Республикаларымен шекараласады.

Автономиялық өлке
Шыңжаң Ұйғыр автономиялық өлкесі
қытайша: 新疆维吾尔自治区
(Xīnjiāng Wéiwú'ěr Zìzhìqū)
ұйғырша: شىنجاڭ ئۇيغۇر ئاپتونوم رايونى
(Shinjang Uyghur Aptonom Rayoni)
[[Сурет:
Үстіден астыға: Үрімжі көкжиек сызығы, Қаракөл мен Мұзтағ ата
|290px]]
Әкімшілігі
Әкімшілік орталығы

Үрімжі

Парткомның басшысы

Чэнь Цюаньго

Тарихы мен географиясы
Жер аумағы

1,664,897 км² км² (1-ші орын)

Тұрғындары
Тұрғыны

25 852 345 адам(21-ші орын)

Тығыздығы

16/км² адам/км² (29-шы орын)

«Шыңжаң» атауының тарихы

өңдеу

Негізгі атауы «Шығыс Түркістан». Қазір Қытай өкіметі саяси нараздық себептерінен «Шығыс Түркістан» деген атау қолдануына тыйым салынған. Бұрын Хән тарихнамаларында «Батыс өлкелер» делініп келген бұл тұсқа Шыңжаң (Жаңа аумақ) деген ат 1877 ж. Чиң үкіметі кеңесші амбы етіп тағайындаған Зо Зұңтаң жағынан берілген болатын.

Тарихы

өңдеу

Шыңжаңда бұдан 10-20 мың жыл бұрын-ақ адамзат тіршілік ете бастаған. Олар 4 мың жылдың алдында қола, 2700 жылдың алдында темір кезеңіне өткен.

Сонау Амур мен Сарыөзеннің (Хуаңхы) батысы ежелден кейін келе қазақ қатарлы ұлттарды құраған тайпалардың атамекені екені тарихнамалардан белгілі. Бұл ұлан-байтақ өңірде сақтар, ғұндар тайпалық одағы салтанат құрған. Ғұн қағанаты ыдырай бастағанда, Тәңіртау мен Алтай арасы үйсіндер қолына өтті. Бұл б.з.б. 2-ші, 1-ші ғғ. күй. Хән әулетінің алғашқы мәмілегері Жяң Чян осы тұста (119 жыл) Үйсін Еліне келіп саяси құдалық сөйлесіп қайтқан. Қытай тарихнамасында Үйсін мемлекеті (Усүн Го) Іле өңірін кіндік еткен өңірдің алып елі деп айқын жазылған. Хән патшасы Хән Уди алғашында Лю Шижүн ханікені үйсін күнбиіне үйсіндерді ғұндарға Хәнмен тізе қоса қарсы шығу үшін ұзатады.

Байырғы Ұлы Жібек Жолында жатқан Шынжаңның ерте заман мәдениет жұрттары, мыңүйлері, архитектуралары, қабірлері, петроглифтерінің ірілері 300-ге таяу. Бұдан сырт 22 жаратылыстық қорық бар. Ертедегі қала қалдықтарының ішінде ең атақтылары — Ярғұл, Едіқұт, Кроран, Көтең, Шаты қала харабалары. Шатыдағы қала ойраны алғашында үйсіндерге жазғы астана, артынан Түрік қағандығы маңызды қала болып, Шыңғыс хан жағынан күйретілген.

2014 жылдан бастап Қытай коммунистік партиясының басшысы Си Цзиньпин еңгізген политикасының арқасында Ұйғыр геноциді басталды. Көптеген этникалық және діндік азшылықтар (олардың көбісі ұйғырлар, қазақтар, қырғыздар және басқа түркі мұсылмандар) қайта тәрбиелеу лагерлерінде қамалған.

Жағрапиясы

өңдеу

Еуразия құрлығының кіндігінде жатқан Шыңжаңның жер аумағы 1 660 000 км2 астам. Яғни бүкіл Қытай аумағының алтыдан бірін құрайды. Шет елдермен шекара ұзындығы 5400 км асады. Солтүсті мен солтүстік шығысында Алтай, батыс ортасында Тәңір (Тянь-Шань), оңтүстігінде әйгілі Такла Макан шөлі мен Кинлунь таулары тұр. Тәңіртаудың солтүстігінде Жоңғар, оңтүстігінде Тарым ойпаты бар. 750 неше өзені бар Шыңжаңның жер беті суының жылдық ағыс мөлшері — 88 400 000 000 м3. Өзендері ішінде ең үлкені Іле мен Ертіс. Қалғандары — Тарым, Қарашәрі, Үліңгір, Манас сықылды орташа не шағын өзендер. Ұзындығы 2179 км келетін Тарым ертеде Лоп көліне құяды екен. Қазір Тітіма көліне де жетпейді. Оның орта шенін бітік тораңғы орманы жапқан. Шыңжаң асқарларында 18 600-ден астам мұздық бар. Аумағы 1 км2 асатын көлінің саны 139.

Тұщы Бағраш көлінен жылына мың тоннадан астам балық ауланады. Бағраш қамысқа да бай. Айдынкөл теңіз деңгейінен 155 метр төменде жатыр. Боғда көлі теңіз деңгейінен екі мың метрдей биікте тұр. Солтүстік Шыңжаңда бұдан сырт Сайрам, Қанас секілді тамаша көлдер бар. Қытайдағы ең үлкен ойпат — Тарым ойпаты (Тұрпан). Екінші үлкен ойпат — Жоңғар ойпаты. 380 мың шаршы шақырымдық бұл ойпаттың ортасында Құбының құмы жатыр. Қытайдағы шөлдердің 60 пайызы (430 мың 400 шаршы шақырымы) — Шыңжаңда. Қытайдағы екінші үлкен (48 800 км2) шөл Жоңғар кіндігіндегі Құрбантүнгіт.

Халқы

өңдеу

2018 жылғы жағдай бойынша Шыңжаң Ұйғыр автономиялық аудан халқы саны 24 870 000 адамды құрады. Шыңжаңда 47 ұлт өкілдері тұрады, олардың ішіндегі ең көпшілігі - ұйғырлар, қытайлар, қазақтар, хуэй халқы (дүнгендер), моңғолдар, ойраттар, қырғыздар, сібе, тәжіктер, өзбектер, маньчжурлар, татарлар және орыстар.

Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы - Қытайдың бес ұлттық автономиялық аудандарының бірі. Әкімшілік жағынан ол аудандарға, автономды округтерге, уездерге, автономиялық округтерге, қалаларға, аймақтарға және ұлттық аймақтарға бөлінеді. Шыңжаң 5 автономды округтен тұрады: Баянгол-Моңғол Автономиялық аймағы, Боро-Тала-Моңғол Автономиялық аймағы, Чангжи-Хуй Автономиялық аймағы, Дунган (Ху-цзы), Қызылсу-Қырғыз Автономиялық аймағы, Іле-Қазақ Автономиялық аймағы және 6 автономиялық аймақтар бар.

КСРО дағы репрессия кезеңінде мыңдаған қазақтар, қырғыздар, орыстар және басқалар Шығыс Түркістанға (қазіргі Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы ) қоныс аударды және олардың бір бөлігі кейіннен отандарына оралды. 1954–1955 жылдары КСРО-ға қазақтардың жаппай көшуі болды, 1962 жылдың басында 60-тан 100 мыңға дейін ұйғырлар, қазақтар мен дүнгендер КСРО-ға кетті (негізінен Қазақстан мен Қырғызстанға).

 
Шыңжаң ауданның ұлттарын көрсететін карта. Көкпен ұйғырлар, қызылмен қытайлар, ал сарымен қазақтар көрсетілген.
Халық Саны, (пайызы)
1933 жылы[1]
ұйғырлар 2,900,173 (77.75%)
қазақтар 318,716 (8.55%)
қытайлар 202,239 (5.41%)
хуэй халқы 92,146 (2.47%)
қырғыздар 65,248 (1.75%)
моңғолдар 63,018 (1.69%)
тараншылар 41,307 (1.11%)
орыстар 13,408 (0.36%)
сібе 9,203 (0.25%)
тәжіктер 8,867 (0.24%)
өзбектер 7,966 (0.21%)
татарлар 4,601 (0.12%)
солондар 2,489 (0.07%)
маньчжурлар 670 (0.02%)
Жалпы 3,730,051
Шыңжаң Ұйғыр автономиялық
ауданның ұлттық құрамы, 2015 ж.
Халық Саны Жалпы пайыз
ұйғырлар 11,303,300 46.42%
қытайлар 8,611,000 38.99%
қазақтар 1,591,200 7.02%
хуэй халқы 1,015,800 4.54%
қырғыздар 202,200 0.88%
моңғолдар, ойраттар және
қалмақтар, доңсяңдар, даурлар
180,600 0.83%
тәжіктер және памирліктер 50,100 0.21%
сібе 43,200 0.20%
маньчжурлар 27,515 0.11%
туцзялықтар 15,787 0.086%
өзбектер 18,769 0.066%
орыстар 11,800 0.048%
мяо халқы 7,006 0.038%
тибеттіктер 6,153 0.033%
чжуандар 5,642 0.031%
татарлар 5,183 0.024%
саларлар 3,762 0.020%
Қалғандар 129,190 0.600%

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі

өңдеу
 
нөмір Қазақ атағы Қытайдағы қазақша атауы Ұйғыр аты Қытай атауы Пиньинь Ресми азшылық тілі
(автономиялық аймақтар)
Халық саны - 2020 Жер аумағы
Аймақ деңгейіндегі қалалар
1 Үрімжі қаласы ءۇرىمجى قالاسى
Үрімжі қаласы
ئۈرۈمچى شەھىرى 乌鲁木齐市 Wūlǔmùqí Shì - 4.054.369 13.787,90
2 Қарамай қаласы قارامايلى قالاسى
Қарамайлы қаласы
قاراماي شەھىرى 克拉玛依市 Kèlāmǎyī Shì - 490.384 8.645,08
3 Тұрпан қаласы تۇرپان قالاسى
Тұрпан қаласы
تۇرپان شەھىرى 吐鲁番市 Tǔlǔfān Shì - 693.998 67.562,91
4 Хами қаласы قۇمۇل قالاسى
Құмұл қаласы
قۇمۇل شەھىرى 哈密市 Hāmì Shì - 673.383 142.094,88
Автономиялық облыстар
5 Чангжи-Хуй Автономиялық облысы سانجى حۇيزۋ اۆتونوميالىق وبلىسى
Санжы хұйзу автономиялық облысы
سانجى خۇيزۇ ئاپتونوم ئوبلاستى 昌吉回族自治州 Chāngjí Huízú Zìzhìzhōu - 1.613.585 73.139,75
6 Боро-Тала-Моңғол Автономиялық облысы بۇراتالا موڭعۇل اۆتونوميالىق وبلىسى
Боратала Моңғұл автономиялық облысы
بۆرتالا موڭغۇل ئاپتونوم ئوبلاستى 昌吉回族自治州 Chāngjí Huízú Zìzhìzhōu (Моңғол тілі)
ᠪᠣᠷᠣᠲᠠᠯ᠎ᠠ ᠮᠣᠩᠭᠣᠯ ᠥᠪᠡᠷᠲᠡᠭᠡᠨ ᠵᠠᠰᠠᠬᠤ ᠵᠧᠦ
(Ойрат тілі)
ᡋᡆᠷᡆᡐᠠᠯᠠ ᡏᡆᡊᡎᡆᠯ ᡄᡋᡄᠷᡄᡃᠨ ᠴᠠᠰᠠᡍᡇ ᡓᡇᡇ
488.198 24.934,33
7 Баянгол-Моңғол Автономиялық облысы بايىنعولىن موڭعۇل اۆتونوميالىق وبلىسى
Байынголын Моңғұл автономиялық облысы
بايىنغولىن موڭغۇل ئاپتونوم ئوبلاستى 巴音郭楞蒙古自治州 Bāyīnguōlèng Měnggǔ Zìzhìzhōu (Моңғол тілі)
ᠪᠠᠶᠠᠨᠭᠣᠣᠯ ᠮᠣᠩᠭᠣᠯ ᠥᠪᠡᠷᠲᠡᠭᠡᠨ ᠵᠠᠰᠠᠬᠤ ᠵᠧᠦ
1.613.979 470.954,25
9 Қызылсу-Қырғыз Автономиялық облысы قىزىلسۋ قىرعىز اۆتونوميالىق وبلىسى
Қызылсу Қырғыз автономиялық облысы
قىزىلسۇ قىرغىز ئاپتونوم ئوبلاستى 克孜勒苏柯尔克孜自治州 Kèzīlèsū Kē'ěrkèzī Zìzhìzhōu (Қырғыз тілі)
قىزىلسۇۇ قىرعىز اپتونوم وبلاسى
622.222 72.468,08
12 Іле Қазақ автономиялық облысы ىلە قازاق اۆتونوميالىق وبلىسى ئىلى قازاق ئاپتونوم ئوبلاستى 伊犁哈萨克自治州 Yīlí Hāsàkè Zìzhìzhōu 6.582.500 268.778,81
Іле Қазақ автономиялық облысының өзі 3 әкімшілік бірліктен, 2 аймақтан және бір жиынтығынан «Облысқа тікелей бағынатын аудандар» тұрады.
Облысқа тікелей бағынатын аудандар وبلىسقا تىكەلەي باعىناتىن اۋداندار ئوبلاستقا بىۋاستە قاراشلىق رايونلار 自治州直辖县级行政单位 Zìzhìzhōu zhíxiá xiàn jí xíngzhèng dānwèi 2.848.393 56.381,53
12a Тарбағатай аймағы تارباعاتاي ايماعى تارباغاتاي ۋىلايىتى 塔城地区 Tǎchéng Dìqū 1.138.638 94.698,18
12b Алтай аймағы التاي ايماعى ئالتاي ۋىلايىتى 阿勒泰地区 Ālètài Dìqū 668.578 117.699,01
Аймақтар
8 Ақсу аймағы اقسۋ ايماعى ئاقسۇ ۋىلايىتى‎ 阿克苏地区 Ākèsū Dìqū - 2.714.422 127.144,91
10 Қашғар аймағы قاشقار ايماعى قەشقەر ۋىلايىتى 喀什地区 Kāshí Dìqū - 4.496.377 137.578,51
11 Хотан аймағы حوتان ايماعى خوتەن ۋىلايىتى 和田地区 Hétián Dìqū - 2.504.718 249.146,59
автономиялық ауданға тікелей бағынатын қалалар

(Шыңжаң ауданында оған тек «Бингтуан» әкімшілігіне қарасты қалалар кіреді)

A Шыхызы қаласы (Тасырқай) شىحىزى قالاسى (تاسىرقاي) شىخەنزە شەھىرى 石河子市 Shíhézǐ Shì - 635.582 456,84
B Ужячүй қаласы (Бесарық) ۋجياچۇي قالاسى (بەسارىق) ۋۇجياچۈ شەھىرى 五家渠市 Wǔjiāqú Shì - 90.205 742,00
C Тұмсық қаласы تۇمسىق قالاسى تۇمشۇق شەھىرى 图木舒克市 Túmùshūkè Shì - 263.245 1.914,12
D Арал қаласы ارال قالاسى ئارال شەھىرى‎ 阿拉尔市 Ālā'ěr Shì - 190.613 5.266,00
E Бей-тұң қаласы بەيتۇن قالاسى
Бейтұң қаласы
بەيتۈن شەھىرى 北屯市 Běitún Shì 86.300 910,50
F Башегім қаласы (Теменгуан) باشەگىم قالاسى باشئەگىم شەھىرى‎ 铁门关市 Tiĕménguān Shì - 50.000 590,27
G Қос-өгіз қаласы (Шуаңхы) قوسوگىز قالاسى (شۋاڭحى) قوشئۆگۈز شەھىرى‎ 双河市 Shuānghé Shì - 53.800 742,18
H Кокдала қаласы كوكدالا قالاسى كۆكدالا شەھىرى 可克达拉市 Kěkèdálā Shì 75.000 979,71
I Құрымқас қаласы (Куню) قۇرىمقاس قالاسى قۇرۇمقاش شەھىرى 昆玉市 Kūnyù Shì - 45.200 687,13
J Хуяңхы қаласы حۋياڭحى قالاسى خۇياڭخې شەھىرى 胡杨河市 Húyánghé Shì - 80.000 677,94
K Жаңа Жұлдыз қаласы جاڭا جۇلدىز قالاسى يېڭى يۇلتۇز شەھىرى 新星市 Xīnxīng Shì - 44.700 539
L Байяң қаласы بايياڭ قالاسى بەيياڭ شەھىرى 白杨市 Baíyáng Shì 85.655 4.925



Экономикасы

өңдеу

Шыңжаңда күн сәулесінің түсуі 3400 сағатқа шейін барады.

Шыңжаңның 37,8 % жері ғана ауыл, орман, мал шаруашылықтарына істетіледі. Егістік жері кісі басына 3,13 мудан (1 гектар = 15 му) тура келеді. Орманды жер — 1 978 000 гектар. Пайдалануға болатын табиғи жайылым 51 миллион 310 мың гектардай. Шыңжаң — құрғақ, жауын-шашыны аз, ауа райы құбылмалы өлке.

Шыңжаңның кен қоры мол, кен түрі көп (138-ден астам). Оның 26 түрі қоры жағынан Қытай бойынша алдыңғы бес орынның ішінде. Алтайдың алтыны, жақұты, шырымталы әлемге әйгілі.

Бұл өлкеде жанарзаттық (мұнай, табиғи газ, көмір, майлытас, шымтезек, т.б.) кен өнімдерінің де қоры өте мол. Мұнай байлығы — 20 860 000 000 тонна, табиғи газ байлығы — 10 300 000 000 000 m3 деп мөлшерленуде. Бұл Қытайда 2-ші, 1-ші орындарға тән деген сөз.

Шыңжаңда, төрт түліктен сырт, 700-дей омыртқалы хайуандар өмір сүреді. Оның ішінде жуан тұмсық бөкен, қарабай, ақиық сияқты сирек түрлер де бар. Мұнда өсетін 3569 түрлі өсімдіктің ішінде 100-ге жуығы (жабайы кендір, көксағыз, сасыр, ақжүрек, алақат, қызылмия, қожашөп, т.б.) құнды дәрілік өсімдіктер.

Тағы қараңыз

өңдеу

Дереккөздер

өңдеу
  1. Klimeš, 2015, p. 154
  NODES