Қияр (лат. Cucumis sativus ) — асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық көкөніс дақылы. Жарық, ылғалды және жылы жерлерде жақсы өседі. Суыққа төзімсіз. Сабағы жатаған не өрмелегіш, бес қырлы, ұзындығы 1,5 м-дей. Жапырағы кезектесіп орналасқан, ұзын сағақты, түкті. Гүлі сары, дара жынысты. Жемісі — қияр. Қиярды үзіп алысымен де, кейін тұздалған күйінде де жеуге болады.[1] Құрамында 95—96% су, 4—5% құрғақ зат, құрғақ зат құрамында 2—25% қант, 1% ақуыз, 0,1% май, 0,7% жасұнық, С, В тобындағы витаминдер, каротин, органикалық қышқылдар, эфир майы бар.[2]

Cucumber
Cucumbers grow on vines
Cucumbers grow on vines
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Magnoliophyta
Табы: Magnoliopsida
Сабы: Cucurbitales
Тұқымдасы: Cucurbitaceae
Тегі: Cucumis
Түрі: C. sativus
Екі-есімді атауы
Cucumis sativus
L.
О.В.Томе кітабынан сурет (1885)

Өсімдік туралы

өңдеу

Қияр немесе кәдімгі қияр – Асқабақ (Cucurbitaceae) тұқымдастылардың ішіндегі қияр туыстыларына жататын біржылдық шөптесін өсімдік. Сабағы түкті, мұртшалары арқылы шырмалып өседі, биіктігі 1-2 метрге дейін барады. Жемісі – жеуге жарамды, тұқымы көп, шырынды және түсі жасыл болып келеді. Түріне байланысты көлемі әртүрлі болады. Қияр мәдениетке 6000 жыл бұрын енген. Оның Отаны – Үндістанның тропикалық аймағы және Қытай. Бүгінгі күнге дейін осы аймақтарда қияр табиғи жағдайда өсіріледі.

Қолданылуы

өңдеу

Қиярдың дәрілік қасиеттері адамға ежелгі заманнан мәлім. Мысалға, XVII ғасырда жазылған «Прохладный ветроград» атты орыс кітабында қиярдың шырыны өте пайдалы деп айтылған. Қияр шырынын судың орнына ішуге болады деп айтылған. Терінің күйген немесе зақымдалған жерін қиярды қою арқылы емдеген. Косметика саласында да қияр үлкен орын алған. Қияр көптеген теріні ағартатын кремдердің құрамында бар. Сонымен қатар, қиярды табиғи күйінде немесе тұздап тағамдарға пайдаланады.

Күтімі

өңдеу

Қиярдың дұрыс күтімі топырағын қопсыту, арамшөптерін жұлу, жаңа өскен сабақтарын қыстыру және дұрыс суаруда. Ең алғаш топырақ қопсыту жұмыстарын топырақ бетінен сабақтары шыққан соң істей беруге болады. Кейіннен мұны әр 10 күн сайын қайталап тұрады. Қопсыту жұмыстарымен бірге арамшөптерін жұлған абзал. Бірақ тамыр сабағына абай болу керек. Қиярды бірқалыпты, мол суарады. Судың жетіспеушілігі қиярдың тез өсуіне кедергі болады. Қиярды кешке қарай, күн бойы күн астында тұрған сумен суғарған жөн. Бұл қиярдың тамырларының суып кетуіне жол бермейді. Жеміс піскен кезде әрбір 2 апта сайын минералды тыңайтқыштармен тыңайту керек.

Дереккөздер

өңдеу
  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
  2. Қазақ тілі терминдер сөздігі I том
  NODES