Қызанақ

қызанақ

Қызанақ[1], томат, помидор (лат. Solanum lycopersicum) – алқалар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер (кейде жартылай бұта). Оңтүстік Америкадан таралған. Оның 3 түрі бар (кейбір деректерде 7). Қазақстанда 1 түрі: кәдімгі (ас) Қызанақ (T. esculentum) барлық жерде өсіріледі. Сабағының биіктігі 30 — 40 см-ден жоғары. Жапырағы қауырсын тәрізді. Гүлінің түсі сары, жемісі — екі не көп ұялы жидек, пішіні әртүрлі. Салм. 25 — 500 г, кейде 800 — 900 г-ға дейін жетеді. Қызыл, сарғыш жемісінің құрамында 4,5 — 8,1% құрғақ зат, 3,5 — 8,5% органикалық қышқыл, минералдық тұздар, С витамині, В, РР тобының витаминдері, каротин бар. Жемісін тамаққа пайдаланады, тұздайды, шырын алады. Қызанақ жылу сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді. Өсуіне қолайлы температура 20 — 25С, температура 15С-қа дейін төмендегенде гүлдеуін, ал 10С-та өсуін тоқтатады. 1 — 2С-та үсікке шалдығады. Жартылай түйіршікті, қарашірігі мол топырақта жақсы өседі. Әр га-нан ашық жерде өсіргенде 150 — 200 ц, ал жылыжайларда 1 м2-нен 12 — 15 кг өнім алуға болады. Қазақстанның әр аймақтарында Қызанақтың әр мезгілде пісетін бірнеше сұрыптары бар. Ерте пісетін сұрыптары: Белый налив 241, Ранний 80, Ақтөбелік 85, Глория, т.б. сорттары Батыс Қазақстан, Қостанай,Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, т.б. облыстарда аудандастырылған. Негізгі зиянкестері: картоп қоңыр көбелегі, ызылдауық қоңыз, колорадо қоңызы, т.б. Ең көп тараған аурулары: бактериялық теңбілділік, фитофториоз, макроскориоз, т.б. Қызанақ жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шұғылданады.

Қызанақ

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Solanales
Тұқымдасы: Solanaceae
Кіші тұқымдасы: Solanoideae
Тайпасы: Solaneae
Тегі: Solanum
Түрі: S. lycopersicum
Екі-есімді атауы
Solanum lycopersicum
L.
Синонимдері

Lycopersicon lycopersicum
Lycopersicon esculentum

Red tomatoes, raw
Nutritional value per 100 g (3.5 oz)
Energy 20 kcal   80 kJ
Carbohydrates     4 g
- Sugars  2.6 g
- Dietary fiber  1 g  
Fat0.2 g
Protein 1 g
Vitamin C  13 mg22%
Water 95 g
Percentages are relative to US
recommendations for adults.

Тарихы

өңдеу

Орыс тілінде «помидор» атауы итальян тіліндегі «pomodoro–алтын алма» дегеннен шыққан. Ал «томат» атауы француздардан «tomate» деген сөзінен аударылған. Отаны Оңтүстік Америка, бұл жерде қызанақтың жабайы және жартылай мәдени түрін кездестіруге болады. Ең алғаш Еуропаға XVI ғасырдың ортасында Испания, Португалия, кейін Италия мен Францияға да жеткен. Басында барлығы қызанақты жеуге жарамсыз және улы деп есептеп, жемісінің әдемілігі үшін бақша өсімдігі ретінде ғана өсірген. Қазіргі уақытта қызанақ ең кең таралған және өсіретін көкөністердің бірі болып саналады. Түрінің көптігімен, дәмімен және диеталық қасиеттерімен танымал.

Сипаттамасы

өңдеу

Қызанақтың тамыр жүйесі қатты және жақсы дамыған болып келеді. Кейбір түрлерінің тамыры 1 метр тереңдікке дейін барады. Өсімдікке дұрыс күтім жасалса, тамыр сабағының бойына да өсіп шығады. Осыдан қызанақты тек тұқымы арқылы емес, тамыр сабақтары арқылы да көбейтуге болатынын көреміз. Сабағының биіктігі түріне қарай 30 см-ден 2 метрге дейін барады. Ұсақ, сарғыш түсті болып келетін гүлдері бір түпке жиналып өседі. Бір сабағында аталықтары да, аналықтары да кездеседі. Жемісі өте шырынды, түріне қарай домалақ, сопақ, майда, ірі болады. Түсі ашық күлгіннен, қою қызылға дейін болып келеді және сары түстілері де кездеседі. Қызанақты жеміске де, көкөніске де жатқыза береді. Өйткені, 1893 жылы АҚШ Жоғарғы Соты қызанақты көкөніс деп қабылдаса, 2001 жылы еуропалықтар оны жеміс деп шешті. Біздің елде қызанақ көкөніс деп саналады.

Күтімі

өңдеу

Қызанақтан ертерек өнім алу үшін жылыжайда немесе үй жағдайында наурыздың соңы, сәуір айларында көшетін дайындайды. Мамырдың 10-нан кейін немесе үсік жүріп өткеннен кейін бақшаға егеді. Өнім алу мерзімі – шілде, қыркүйек айлары аралығы.

Қолданылуы

өңдеу

Жылыжай жағдайында жыл он екі ай өнім алуға болады. Жеке отбасыға жетерлік қана өсіру үшін, базардан мамандар дайындап өсірген көшетті алған дұрыс. Ал шаруа қожалықтары үшін көшеттерді өздерінің дайындағаны тиімдірек.

Қуырылған қызанақ
өңдеу

Піскен помидорды жуған соң, оны көлденең екі бөлікке бөліп, тұз және бұрыш себу қажет. Кесілген помидорларды кесілген жағын бетіне қаратып табаға (сары май жағылып қыздырылған) салып қуырады. Қызанақтар қызара бастаған кезде екінші бетін аудырып қуырады. Дайын қызанақты жеке тағам ретінде немесе ет және балық тағамдарына гарнир ретінде де пайдаланіға болады.

Қызанақ тұздау
өңдеу

Қызанақтардың барлық түрлерін (көк, шала піскен, піскен) де тұздауға болады, тек қызанақтың әр сортыни бөлек тұздау керек. Ол үшін қызанақтарды іріктеп, зақымданғандарын бөлек алады. Іріктеліп алынған қызанақтарды тазалап жуып, алдын-ала дайындалған ағаш кеспекке салады. Әрбір қатарына аскөк, шие, немесе қарақат, сарымсақ жапырақтарын жауып отырған дұрыс. Қызанақты ағаш кеспекке салған кезде оқтын оқтын тығыздап отыру қажет, сосын бетіне ертерек дайындалған тұздық (10 л мұздатылған қайнаған суға 700-900 г тұз) ұқйылады. Қызанақ пісіп кеткен немесе ірі болса, соғұрлым тұздық ащылау болғаны дұрыс. 40-50 күн өткеннен кейін ол пайдалануға келеді. 10 кг қызанаққа: 150 г укроп, 15-20 г бұрыш, 100- 120 г қарақат немесе шие жапырағы және 50-70 г желкек жапырағы қажет.

Қызанақтың адам организміне пайдасы

өңдеу
  • Қызанақ жемісі жеуге жарамды, бір жылдық немесе екі жылдық шөптесін өсімдік. Орыс тілінде 'помидор' атауы итальян тіліндегі 'pomodoro - алтын алма' дегеннен шыққан. Ал 'томат' атауы француздардың 'tomate' сөзінен аударылған. Отаны Оңтүстік Америка, бұл жерде қызанақтың жабайы және жартылай мәдени түрін кездестіруге болады. Ең алғаш Еуропаға XVI ғасырдың ортасында Испания, Португалия, кейін Италия мен Францияға да жеткен. Басында барлығы қызанақты жеуге жарамсыз және улы деп санап, бақша өсімдігі ретінде ғана өсірген. Осыдан 200 жыл бұрын құмыраға егілген бұл өсімдікті Англияда үйлердің терезесінен, бақтан кездестіруге болатын еді.
  • 1811 жылы ботаникалық сөздікте 'томат - улы өсімдік болып есептелсе де, оны Италияда бұрышпен, сарымсақ және маймен қосып жейді, ал Португалия мен Богемияда одан ерекше қышқыл дәмі бар соус дайындалады' деген хабар пайда болады.
  • Қызанақ адам организміне пайдалы витаминдерге бай, құрамында қышқыл, каротин бар. Ересек адамдарда жиі кездестін көк тамыр қуысының тығындалып қабынуы (тромбофлебит) мен көк тамырдың кеңеюін (варикоз) емдеуде әсері зор. Сонымен қатар, қызанақ пен оның шырынын төменгі қышқылдықты, гастритті емдеуге пайдаланады.
  • Қызынақты жүрек-қан тамыр аурлары кезінде жеген пайдалы. Өйткені, қызанақтың сұрыптарынан ғалымдар 24 пайдалы химиялық элемент тапқан. Онда темір, мыс, калий тұздары көп. Бұлар жүректің жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі, организмдегі артық сұйықтықтарды, зиянды қалдықарды сыртқа шығарады. Ал шырыны жүрек тамырлары мен қанайналым жұмысын жақсартады.
  • Томаттың балдырында өт айдағыш, несеп айдағыш, микробтарға, қабынуға қарсы әсер ете алады. Және зәрдің шығуын тездетеді, бұзылған зат алмасу процесін қалыпқа келтіреді.

Қызанақ асқазан мен ішектің сөл бөлу қызметі нашарлаған асқазан ішек жолдары сырқаттары кезінде аса пайдалы. Ас қорытуды жақсартады. Іштің қатуы мен қатар жүретін ішек қызметінің бұзылуы кезінде жеген дұрыс.

  • Қантты диабетке және семіздікке шалдыққан науқастар үшін томат құнды тағам. Сапасы жақсы, тұзы аз немесе мүлде жоқ томат шырынының құрамында ликопин бар. Ол организмді зиянды ісік ауруларының талшықтарынан қорғайды. Қызанақ шырыны семіздікке жол бермейді.
  • Қызанақ 'иммунитетті' де көтереді. Қызанақ пен бал қоспасының денсаулыққы пайдасы мол. Ара шаққанда, дене күйіп қалған кезде де сол жерге қызанақты екіге бөліп басудың пайдасы зор. Себебі қызанақ ара уын денеге жаймайды және күйіктің ыстығын алады. Оған қоса ол теріні күн сәулелерінің зиянынан қорғайды.
  • Дегенмен, үш айдан асқан қызанақ шырынын пайдаланбаған жөн,бұл организмге зиян. Алайда бұл зиян бірден байқалмайды. Мұның зардабы бүйрекке, қуыққа тас байлануға әкеп соқтырады.

Дереккөздер

өңдеу

Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Көкөністер: Дидактикалық материал.- Алматы, 2011. - 16 б, ISBN 978-601-7237-33-2

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, I том
  NODES
Idea 1
idea 1
os 3