Қызғалдақ

Бұл ақпарат маған өте пайдалы болды және де сонымен қатар қызғалдақ өсімдігі туралы көптеген мәліметтер білдім көп көп рахмет сіздерге дә

Қызғалдақ[1] (лат. Tulipa) – лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар, оның 11 түрі – Қазақстанның эндемигі болып саналады. Бұлардың биіктігі 3 – 50 см. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады.[2] Гүл қоршауы ақ, қызыл не сары. Жемісі – қауашақ. Қызғалдақтың пиязшығын күзде гүлі түскеннен кейін жинап алып, оны құрғақ, салқын жерде сақтап, көктемде егеді. Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі. Қызғалдақтың өте сирек кездесетін 13 түрі (Альберт қызғалдағы, Борщов қызғалдағы, Грейг қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы, Шренк қызғалдағы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.[3]

Қызғалдақ
Қызғалдақ гүлі
Қызғалдақ гүлі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Дара жарнақтылар
Сабы: Liliales
Тұқымдасы: Liliaceae
Кіші тұқымдасы: Lilioideae
Тегі: Tulipa
L.
Үлгілік түрі
Tulipa gesneriana L.
түрлері

75 түрі белгілі

Қызғалдақ (латын.-Tulipa, түрік.-Lale, орыс.-Тюльпан) дархан даланың, көктеудің, қырдың және маусымдық қоныстың сәні екені белгілі. Қызғалдақ – Жаратушы Иенің адамзатқа берген сыйы. Ол көктемде гүлдеп, кең жазира қазақ даласын ғажайып бір күйге бөлейді. Бір қызығы: екі жыл өмір сүретін бұл нәзік гүл көктем келіп, шуақты Наурыз айы туғанда, бар жоғы 7 күн, кейде 15 күнге дейін гүл ашып тұрады екен. [4]

Барлық қызғалдақтар - жазғы ыстық құрғақ, қысы суық және қысқа жылы және ылғалды бұлақтары бар таулы, далалы және шөлді аймақтардағы өмірге бейімделген типтік эфемерлік геофиттер. Қызғалдақтың тұқымнан гүлденген өсімдікке дейін дамуы үшін үш-жеті жыл қажет. Нарцисстен айырмашылығы, шамдардың буындары жыл сайын өзгеріп отырады.

Өсімнің қысқа көктемгі кезеңінде қызғалдақтар гүлдейді, жеміс береді және жер астында жас баданаларды салады, ал әлсіреген баданалар өледі. Жазғы тыныштық кезінде, ал кейбір түрлерінде қыста келесі жылы өсінділер мен гүлдер шамның ішінде де қалыптасады. Күзде шам тамыр жайып, жемісті аяқтайды.

Қызғалдақ – пиязшықтардың ішіндегі табиғатта да кең таралған, көгалдандыруда да жиі пайдаланылатын өсімдік. Ерекше әсем көркімен дараланатын гүл болғандықтан, оны білмейтін адам кемде-кем. Қазақстан табиғатында қызғалдақтың 35 түрі бар. Осы себепті де Қазақстан – қызғалдақтың отаны болып саналады. Сұрпы мен түріне қарай қызғалдақтың гүлдеу мерзімдері де әртүрлі. Наурыз-мамыр айларында гүл ашады. Оның биіктігі 10 см-ден аспайтын аласа бойлы түрлері ерте көктемде гүлдейтін болса, “Рембрант қызғалдағы” сияқты биік өсетін түрі маусым айының ортасына таман гүлдейді. Барлық түрі 20-25 күн аралығында әдемі гүл жарып тұрады. Қызғалдақ гүлінің түсі ақтан қараға дейінгі аралықта алуан түрлі болып келеді. Көп жағдайда сабақ басына бір тал ғана гүл жарады. Гүлзарларға бірыңғай түсті қызғалдақтарды топтап отырғызған жақсы көрінеді. Ал, жеке ыдыстарға бойы аласа түрлерін отырғызған дұрыс. Бойы аласа қызғалдақтар альпі шоқысының да көркін асыра түседі.

Атауы

өңдеу

Қызғалдақ атауы туралы көптеген болжам бар. Ең көп тарағаны-"тюльпан"-парсы сөзі "толибан" немесе "долбент", яғни қызғалдақ қауызының осы шығыс баскиіміне ұқсастығымен түсіндіріледі.

Шығу тегі мен таралуы

өңдеу

Қызғалдақтың пайда болу орталығы Орта Азия болып есептеледі. Оның көп бөлігі шөл, айнала тау жүйесі қоршап жатыр:ортасында - Копетдаг, Ауғанстан шекарасына дейін Памир-Алай таулары, оңтүстік шығысында -Тянь-Шань. Үндістанның солтүстігінде, Ауғанстанда, Кавказ тауларында, Сирия мен Ливан шекарасында, Қара , Каспий және Жерорта теңізі маңында жабайы қызғалдақ түрлері өсетін оқшау ошақтары белгілі. Қызғалдақтардың экологиялық ауқымы өте кең. Бір түрі сусыз құмды және тасты шөлдерде, гипсті және сазды топырақта өссе, басқалары аңғарларда немесе тау етегінде, шөгінді тастарда, аяқ жетпейтін құлама жарда, қиыршық толған жартас қуыстарында, тау баурайымен теңіз деңгейінен 3000 м биіктікке дейін көтеріледі. Қызғалдақ өсімдігі ылғалды сүймейді.

Отырғызуы

өңдеу

Қызғалдақ баданалардың отырғызу мерзімі жердің ерекшеліктеріне және олардың өсуіне байланысты тұрақталанады. Баданалардың тез өсуіне жер температурасының төмендеу (5-7°) қажеттілігі бар болғаны анық. Қыр жерлерде осындай жағдайлар қазанның ортасында пайда болады. Былай қарасақ, бүкіл қазан айы бойы қызғалдақтарды отырғызу үшін өте қолайлы уақыт. Қызғалдақтардың тамырлары жердің температурасы 6—10° болғанда жақсы дамиды. Егер температура жоғары деңгейге көтерілсе ол оған көп зиян келтіреді. Ал егер жер температурасы 3° болса онда баданалар тамырларын шығармайды. Сөйтіп, өсімдікті қарашаның аяғында отырғызуға мүлдем болмайды. Себебі гүлдер ауыруға өте жуық, сонымен қоса көктемде кеш гүлденеді. Әдетте, күндердің аяздауына дейін бадалардың тамыр жүйелері жақсы дамып, өсімдіктер қысты сәтті өтеді. Баданаларды қыркүек айының соңғы күндерінде де түсуге болады. Ең жарамды мерзімі бұл қазан жұлдызының бірінші және он бесіншінің арлығындағы күндері. Осыдан ертеректеу уақытта отырғызу ұсыналмайды.Сонымен қоса баданалар суық күндерге дейін тамырларын біраз жығару керек, сондықтан өсімдіктерді аяздардан үш әлде төрт жұма бұрын отырғызу қажетті. Тамыр жүйесін дамыту үшін қызғалдақтарға отыздан қырық күндерге дейін мерзім керек. Егер тамырлар жақсы деңгейде дамыса онда қыста оны жаму қажеті қалыптаспайды. Отырғызудың алдында әр бадананы қарап шығу керек және олардың арасынан ауру және бұзылғанндарды алыптастауға қажетті. Отырғызудың тереңдігі,баданамен жер арасы, бадананың үдкендігіне орай анықталады. Егер өсімдіктер кішіріктеу болса онда оларды аса терең отырғызбайды. Сонымен, үлкендерді он екі- он төрт см терең, ал кішкентайларын алты-сегіз см терең отырғызады. Бірақ, он бес см-ден терең отырғызбайды. Баданалардың арасындағы ұзындығы олардың мөлшеріне тікелей байланысты. Әдетте питомниктердің ішінде өсімдіктердің арасында сегіз-он см қалдырады.Кішкентай учаскелерінде баданаларды қолмен отырғызғанда он-жиырма см қалдырып шығады.

Қызғалдақтардың тамырлары отырғызғаннан кейін он-он бес күнде шығады. Оның жылдамдылығы жағдайлардан тәуелді. Ол жер сулылығына және температурысына байланысты.

Көбейтілуі

өңдеу

Пиязшықтан бөліп алынған балапандарын отырғызу арқылы көбейтіледі. Суық түскенше тамырланып үлгеруі үшін, күздің алғашқы айларында егу керек. Отырғызу тереңдігі пиязшық көлемінен екі-үш есе терең болуы тиіс (пиязшықтың ұзындығы 4 см болса 8-12 см тереңдікте егу керек). Пиязшықтардың арақашықтығы биіктігіне қарай 10-20 см-ден кем болмағаны жөн.

Қызықты мәліметтер

өңдеу

2005 жылыҚырғызстанда Қызғалдақ төңкерісі болған.

Дереккөздер

өңдеу
  1. Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;
  2. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
  3. Балалар Энциклопедиясы, 6 том.
  4. Балалар Энциклопедиясы, 6 том.
  NODES
Idea 1
idea 1