Portable Document Format
Portable Document Format (PDF) — Adobe Systems фирмасы тарапынан PostScript тілінің бірқатар мүмкіндіктерін қолдана отырып жасаған электронды құжаттардың кросстұғырлы форматы.
Portable Document Format | |
---|---|
Файл кеңейтімі: | .pdf |
MIME түрі: | application/pdf
|
Type code: | 'PDF ' (including a single space) |
Uniform Type Identifier: | com.adobe.pdf |
Magic: | %PDF |
Дамытқан мекеме атауы: | Adobe Systems |
Қай форматтарға дайін кеңейтілді: | PDF/A, PDF/E, PDF/UA, PDF/VT, PDF/X |
Қалып(тар)ы: | ISO 32000 |
Біріншіден, полиграфиялық өнімдерді электрондық нұсқада ұсынуға арналған, себебі заманауи кәсіби баспа жабдықтарының бірталайы PDF-ті тікелей өңдей алу мүмкіндігіне ие. PDF форматындағы құжаттарды тамашалап, оқу үшін ресми түрдегі тегін Adobe Reader бағдарламасын және басқа да сырттай бағдарлама өндірушілердің бағдарламаларын қолдануға болады. PDF-құжатты құрудың дәстүрлі жолы виртуалды принтер болып табылады, яғни құжат арнайы кескіндік бағдарламада тізілу немесе мәтіндік редакторда басылу, автоматты жобалау жүйесі бағдарламасында топталу жолымен жасалып, электронды нұсқада таратылу, баспаға беру және т.б. түрлі мақсатында PDF форматына жөнелтіледі.
2008 жылдың 1 шілдесінен PDF ISO-ның 32000 ашық стандарты болып табылады.[1][2]
PDF форматы қажетті қаріп түрлерін (жол асты мәтіні), векторлық немесе растрлық кескіндерді, пішіндер мен мультимедиалық құралдарды енгізуге мүмкіндік береді. RGB, CMYK, Grayscale, Lab, Duotone, Bitmap және растрлық ақпарат сығылуының бірнеше типін қолдайды. Полиграфияға қажетті өзінің бірқатар техникалық форматтарына ие: PDF/X-1, PDF/X-3. Құжаттың қауіпсіздігі мен шынайылығын тексеру мақсатында электронды қолтаңба механизмін қамтиды. Бұл формат түрінде қажетті құжаттаманың біршама бөлігі таратылады.
Жалпы мәлімет
өңдеуКөп жағдайда PDF кеңейтпесіндегі файл мәтін мен растрлық және векторлық кескіннің, кейде — мәтін мен уеб-пішіндердің, JavaScriptтің, 3D-ксекін және басқа элемент типтерінің арасындағы қосындысы болып табылады.
Экраннан қарастырылып отырған бірдей екі PDF-құжаттың ақпараттық көлемдері айтарлықтай әртүрлі болуы мүмкін, ол мынандай жағдайларға байланысты:
- қаріптер мен мультимедияның енгізілуі және байланыстырылуы;
- растрлық кескіндердің рұқсаттығы;
- құжатты сығудың шартты механизмінің қолданылуы;
- растрлық кескіндерді сығу механизмдерінің қолданылыуы.
Кіші көлемді құжатты құру үшін векторлық кескін мен «қауіпсіз» қаріптерді қолданған дұрыс. Осындай «қауіпсіз» қаріптердің 14 түрі бар:
- Times (v3) (әдепкі, курсив, жартылай қалың және жартылай қалың курсив)
- Courier (әдепкі, қисайған, жартылай қалың және жартылай қалың қисайған)
- Helvetica (v3) (әдепкі, қисайған, жартылай қалың және жартылай қалың қисайған)
- Symbol
- Zapf Dingbats
Бұл қаріптер құжатқа енгізуді қажет етпейді және барлық бағдарламалар оларды дұрыс жаңғыртуы тиіс. Құжатқа енгізілмеген және операциялық жүйеде жоқ басқа да бір қаріп түрі осы аталған қаріп түрлерімен алмастырылуы мүмкін, өз кезегінде бұл, құжаттағы бет санының артылу-кему, жолдағы символ саны, жоларалық ара-қашықтық және қаріп метрикасымен байланысты ауытқуларды тудыруы мүмкін.
Бұлардан басқа MRC (Mixed Raster Content) технологиясы деген ұғым бар. Ол PDF мүмкіндіктерін сканерден өткізілген кескін мен мәтінді сақтаудың тағы бір форматы DjVu-ға жақындата түседі.[3]
Тарихы
өңдеуАлғаш шыққан кезде бұл формат кең қолданысқа ие бола алмады, себебі:
- Құжатты оқып құрастыруға қажетті Adobe бағдарламалары ақылы еді;
- PDF-тің сыртқы сілтемелерді қолдау мүмкіндігі болмады, бұл оның ғаламдық тордағы қажетсіздігін көрсетті;
- PDF-құжаттардың қарапайым мәтінге қарағанда көлемдері артық болып, бұл сол кездегі кең қолданыста болған баяу модем арқылы жүктелу уақытынчто означало более длительную загрузку на медленных модемах, широко использовавшихся в те времена;
- Әлсіздеу келген есептеу машиналарында PDF-құжаттардың жаңғыртылуы үдеумен өтетін;
- Бәсекелес форматтар болатын, олардың ішінде Envoy, Common Ground Digital Paper, Farallon Replica; тіпті PostScript-тің өзі бәсекелестік құрайтын.
Тек Adobe өзінің тегін Acrobat Reader (кейін Adobe Reader деп атын өзгертті) PDF оқу бағдарламасын шығарғаннан кейін ғана бұл форматтың қолданысы кеңейе бастады. PDF-файлдарының дамуы бірнеше рет өзеріп, өз дамуын тоқтатқан жоқ. Бірін-бірі кезектей толықтыратын, осы форматтың бірнеше арнайы түрі бар. Әрбір жаңа арнайы түрі үшін Adobe Acrobat топтамасынан жаңа бағдарламалық қамтамасыз ету нұсқалары да шығарылуда. Төмендегі сәйкестілік кестесінде бұл құжаттарды қолдайтын құжат нұсқалары мен бағдарламаларының нұсқалары көрсетілген. Кез келген PDF-құжаттың нұсқасын құжатты мәтіндік редакторда, мысалға блокноттың көмегімен ашып, алғашқы сегіз байты арқылы білсе болады.
жылы | құжат нұсқасы | жаңа мүмкіндіктері | БҚЕҚ нұсқасы |
---|---|---|---|
1993 | PDF 1.0 | Acrobat 1.0 | |
1994 | PDF 1.1 | құпиясөздер, сілтемелер, мәліметтер ағыны, құрылғыдан тәуелсіз түс жаңғыртылуы | Acrobat 2.0 |
1996 | PDF 1.2 | интерактивті элементтер, тышқан қимылын қадағалау, мультимедиялық типтер, әмбебап код, түс пен кескінннің жетік жаңғыртылуы | Acrobat 3.0 |
1999 | PDF 1.3 | электронды қолтаңба , ICC мен DeviceN түс кеңістіктері, JavaScript | Acrobat 4.0 |
2001 | PDF 1.4 | JBIG2, мөлдірлік, OCR мәтіндік қабаты | Acrobat 5.0 |
2003 | PDF 1.5 | JPEG 2000, байланысқан мультимедиа, нысандық ағымдар, қиылысқан ағымдар, қабаттар | Acrobat 6.0 |
2005 | PDF 1.6 | енгізілген мультимедиа, 3D, XML-формалары, AES-шифрлеу | Acrobat 7.0 |
2006 | PDF 1.7 | Acrobat 8.0 | |
2008 | PDF 1.7, AEL3 | 256-битті кілтпен AES-шифрлеу | Acrobat 9.0 |
2009 | PDF 1.7, AEL5 | XFA 3.0 | Acrobat 9.1 |
Ішкі сілтемелер
өңдеуДереккөздер
өңдеуСыртқы сілтемелер
өңдеу- PDF Specifications, including the PDF Reference for PDF 1.7, PDF 1.6 (ISBN 0-321-30474-8), PDF 1.5, PDF 1.4 (ISBN 0-201-75839-3), PDF 1.3 (ISBN 0-201-61588-6)
- Portable Document Format DMOZ каталогында