Ізіне түсу
Ізіне түсу (преследование) — толық жою мақсатында шегінуші қарсыласқа жасалған шабуыл. Ізіне түсудің маңыздылығы — атыстық соққы, шегінуші қарсыластың қапталы мен тылына шығудағы әскерлердің екпінді ілгерілеуін және оның топтарын қоршауға алу, бәлшектеу және жою (тұтқынға алу) болып саналады. Ізіне түсу параллельді және майдан шепті болуы мүмкін, әдетте олар үйлесімді жүргізіледі. Ізіне түсу алға жылжудың жоғарғы қарқынына жетуге, қарсыластың қапталы мен тылына шығуға, қолайлы шептерді басып алуға мүмкіндік береді. Майдан- шептік ізіне түсу қарсыластың әскерлерін тұмшалап тежеп, маневр жасау еркіндігінен айырады, қолайсыз жағдайларда жазылып ұрысқа енуге мәжбүр етеді, сәнымен қатар басты күштердің кетуі мен шегінуін қиындатады. Паралельді және майданшепті ізіне түсу үйлсімділігі арқылы ізіне түсуде шешуші нәтижелерге жетеді. Қазіргі: жағдайларда, әскерлердін жоғарғы:
- жылжымалылығы ізіне түсуді қарқынды жүргізуге мүмкіндік береді, ал қуатты, алысқа ататын жою құралдары қарсыласты шегінуші әскерлерін көп шығынғы;
- ұшыратып, олардын шегінулерін қиындатады.
Ізіне түсуді ұйымдастыру жөніндегі маңызды шаралар шабуылға операцияға (ұрысқа) шешім қабылдауда анықталады. Сол себепті басшылық (командир) қандай топтарды жою және қандай шептерге шығу арқылы қарсыласты шегіндіруге болатынын, ізіне түсу кезінде әскерлердің жүрігі өтуіне, олар қандай күштермен қарсылық көрсететінін, қарсылас әскерлерінің шегінуі ықтимал бағыттарды басып алуды, ізіне түсуде негізгі күштерді шоғырлан дыру бағыттарын, кұрмалар мен бөлім дерддн ізіне түсу бағыттарын, алдыңғы жасақтардың, әуе десанты құрамының, тапсырмаларын анықтайды.
Қарсыластың шегінген дігі туралы мәліметтер алғаннан кейн қалыптасқан жағдайға байланысты ізіне түсу шешімдері анықталады. Әдетте, басті күштер шөгінуші қарсыластың негізгі күштерінің қапталы мен тылына төт жолдармен шығуды қамтамасыз ететің бағыттарда шоғырландырылады. Қарсыластың ізіне түсу, әдетте, олардың алдымеі шегінген топтарынан басталып жүргізіледі Қарсыластың шегінуі басталысымен барлық командирлер жоғары басшылық тың бұйрығын күтпей-ақ ізіне түсуді бастайды ізіне түсуді бастаған жеке бөлімдердің (құрама лардың) бастапқы сәттіліктерін артиллерші атыстары, авиация соққылары жән тың күштер қолдап отырады. Шегінуі қарсыласты майданшептен өкшелеу ұші қарсыластың ұрыс ретінің аралықтары қолдана отырып қалқалау бөлімдері жоятын 1 эшелонның күштері ме құралдары қолданылады. Олар қарсыластың басты күштеріне жақындағы олардың шегінулерін кідірте отырығы өздерінің басты күштеріне қарсыласты шегінуіне қатарлас жолға шығу мүмкін дігін қамтамаеыз етеді. ізіне түсуші әскерлерді басты күштері, ең алдымен, танк әскерлі) қарсыластың шегінуіне қатарлас жолы шығысымен батальондар мен бригадалы (полктік) лектерге жинақталады және жоғарғы жылдамдықта қарсыластың басты күштерінін шегіну жолдарын кесі тастайды, оларды басты қорларына ажыратады, бөлшектеп боліп қаптал ме тылдан соққы беріп жоюды толығыме аяқтайды. Қарсыластың шегіну жолындағы жол тораптарын, өткелдерді және т.б. маңызды объектілерді басып алу мақсатында алдыңғы жасақтар жіберіледі, тактикалық әуе десанттары түсіріледі. Тылда қалған қарсыласты жою үшін күштердің жартысы бөлінеді. Қарсылас ізіне түсуден ажыраған және аралық шепте қорғанысқа орналасып алған жағдайда ізіне түсуші өскерлер айналып өту мен қамтуды кеңінен қолдана отырып оларды жеңеді және ізіне түсуді жалғастырады. Артиллерия ізіне түсуші әскерлермен жылжи отыра, өзінің атысымен 1-эшелон құрамаларының атыс қимылдарын қолдайды. Авиация қарсыласты әуеден барлауды жүргізеді, оған аралық шептерде қорғанысты ұтап тұруға мүмкіндік бермейді, оларға қару-жарақ келуін тоқтатады, өздерінің әскерлерін қалқалайды, әуе десанттарының түсуін және олардын қарсыластың тылындағы қимылдарын қамтамасыз етеді. ізіне түсуші әскерлер қарсыластың тыл тереңдігіне ене отырып авиацияның орналасуына жарамды аэродромдарды басып алады, қорларын жояды, олардың шегінуші әскерлермен қосышуына мүмкіндік бермейді, басқармалары мен жабдықтарын құртады.ізіне түсу шегіну бағытындағы көп жолдарды пайдалана отырып ауа-райының барлық жағдайларында барлық күштердің толық, жарақтарымен күні-түні жүргізіледі. Шетел әскерлерінде ізіне түсу шабуылды табысты дамытудың аяқтаушы фазасы болып саналады.[1]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|