Аббатсттық (abbey) ерлер немесе әйелдерге арналған, өз еркімен дін жолына қызмет етуші аббат немесе аббатистер басқаратын Монастыр орналасқан ғимараттар кешені. Алғашқы аббаттық пірадар Бенедикт Нурсий 529 жылы негізін салған Италиядағы Монте Кассино болды. Клуатр аббаттықтың үлкен маңызға ие ғимараттарын біріктіреді. Жалпы жатын бөлмелер клуатрдың шығыс жақ бетіне, тамақтану бөлмелерінің үстіне, бас шіркеумен тікелей байланысатындай болып салынған. Ал клуатрдың батыс жағында сыртқы әлемге шығарар қақпа болған. Монастырьдың оңтүстік бөлігінде үлкен ас үй, сыра қайнататын орын және цехтар орналасқан. Уағыз тыңдаушыларға арналған орын мен аурухананың өздерінің жеке кішкентай шіркеулері, моншалары, түстенетін залдары мен ас үй және бақшалықтары болып, барлығы бір ғимаратта орналасқан. Аббаттықтар 12-13ғғ. Еуропаның барлық жерлерінде, әсіресе Францияда көптеп салынған.[1]

Аббатсттық монастыр

Дереккөздер

өңдеу
  1. Encyclopedia Britannica ISBN 978-5-17-038532-4


  NODES