Абиогенез (гр. 'a'болымсыздық, жоққа шығару, bіosтіршілік, genesіs — пайда болуы), жансыздан өрбу — тірі табиғатта ферменттердің қатысуынсыз организмнен тыс пайда болатын органикалық қосылыстар; кең мағынасында — эволюциялық даму барысында тіршіліктің яғни тірі организмнің органикалық емес заттардан пайда болуы жөніндегі теория; организмнен тыс, тірі табиғатта ағзадан тыс, ферменттердің қатысуынсыз таралған органикалық қоспалардың қалыптасуы.[1]

19 ғасырдың ортасына дейін ғылымда тіршілік өзінен-өзі пайда болған, өлі заттардан күрделі құрылымды тіршілік иелері шыққан деген ұғым сақталды. Бірақ 18 ғасырда италиялық ғалымдар Ф. Реди, Л. Спалланцани, француз ғалымы Л.Пастер бұл ұғымның қате екенін өздерінің ғылыми еңбектерінде дәлелдеп берді. Абиогенез теорияларының ішіндегі көбірек таралғаны — А.И.Опарин теориясы. Қазіргі кезде ғалымдар жер бетінде тіршіліктің пайда болуы, ерекше ғасыр дәуірде басталған күрделі де ұзаққа созылған процесс болғанын мойындайды. Жер бетінде қалыптасқан сол дәуірдегі жағдайларды жасанды түрде тудыру арқылы 20 ғасырдың ортасында тәжірибе жүзінде белок тектес және басқа да органикалық заттардың абиогенді синтезі жүзеге асырылды. Тіршілік— табиғи дамудың белгілі бір кезеңінде пайда болған материя қозғалысының ерекше түрі. Мұндай қозғалыстағы материя даму барысында алуан түрлі кезеңнен өтеді де, барған сайын күрделене береді.[2][3]

Аристотель теориясы

өңдеу

Тіршіліктің пайда болуы туралы Абиогенездік (өлі заттардан өздігінен пайда болған) теорияны мен ескі және заманауи деп бөлдім. Ескі теория Аристотельдің "Жануарлар тарихы" кітабынан бастау алады. Онда ол "балықтар балшықтан, шлаушан топырақтан т.б. пайда болады" деген көзқарас ұстанған. Бұл теорияға тіпті Қайта өрлеу дәуірінің ғалымдары да сенген араларында "Теңіз жағасында шыршаны толқын ұрса одан қаздар пайда болады, кір жейдемен бидайды бірге қойсаң 21 күнде тышқан пайда болады" деп, ол тәжірбиелерді дәлелдегендері болды. Бұл Ескі абиогенез теориясына Ф. Реди 1668 жылы жоққа шығарып Биогензді ұсынды.

Опарин теориясы

өңдеу

20 ғасырдағы Опарин-Холдейндің тіршілік биохимиялық жолмен эволюциялық дамудан пайда болды деген теориясы Заманауи Абиогенездің негізін қалады. Оны Юрий мен Миллер (Miller–Urey experiment) 1953 жылы алғашқы жер шары жағдайын эксперимент жасай отырып, сол кездегі бейоргеникалық заттардан органикалық зат тіршіліктің негізін құраушы нәруыздың бірілі амин қышқылын алуы болды дегенді ұсынды. Бұл ғылымға серпіліс әкелді. Алайда тәжірбиені қайталаған ғалымдар екі нәрсеге әлі күнге күмәнданып келеді. Бірінші теория мен тәжірбиедегі алғашқы жер шары моделі қаншалықты шынайы деген мәселе. Екінші, ақуыздар тұнбаға түспейді. Сонымен бұл теория мен тәжірбие әлі дәлелденген жоқ. Есесіне бұл кейін органикалық заттар батпақтардан, теңіз шұңымасынан, мұздықтардан т.б. жағдайларда пайда болды деген абиогенздік көзқарастардың пайда болуы мен дамуына түрткі болды.

Дереккөздер

өңдеу
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
  2. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
  3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
  NODES
Done 1