Автомат (қару)

Автомат қару (Автомат деген грекше autуmatos, яғни өздігінен іске қосылатын деген ұғымды білдіреді) — шағын қашықтықтағы ұрыстарда жеке адамның оқ атуына арналған соғыс қаруы. Ату кезінде дәрі газының күшімен қайта оқталып, үздіксіз атылады. Оның конструкциясы мен жұмыс істеу принципі дәрі газының күшін пайдалану тәсіліне негізделгендіктен автомат қарудан үздіксіз де, жекелеп те атуға болады.

Автомат қару қолданылу мақсатына қарай автомат тапанша, автомат (тапанша-пулемет), автомат винтовка (карабин), өздігінен оқталатын винтовка, қол пулемет, станокты пулемет, ірі калибрлі пулемет, автоматты зеңбірек түрлеріне бөлінеді. Автомат қару 19 ғасырдың 2-жартысында пайда болды. Америкада 1883 ж. автомат мылтық жасалды, сондай-ақ сол жылы америкалық Хайрем Максим жасаған станокты пулемет (Максим) пайда болды. Автомат қарудың жеңіл түрі 1-дүниежүзілік соғысқа дейін-ақ жасала бастады. Қару-жарақ ғылымы мен техникасының дамуына орай 2-дүниежүзілік соғыста тамаша жетілдірілген түрлері қолданылды. Автомат қаруды жасаушы конструкторлар: Михаил Калашников, Николай Макаров, т.б. Дамыған мемлекеттердің армияларында тек автоматты және өздігінен оқталатын қарулар ғана қолданылады. Автомат қарудың кейбір түрлері Қазақстанда Орал қаласындағы «Металлист» зауытында жасалады.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х

Қосымша мәліметтер

өңдеу
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Assault rifles
  NODES