Аденин
Атауы 9H-Пурин-6-амино
Альтернативті атауы 6-аминопурин
Брутто формуласы C5H5N5
Молекулалық массасы 135,13 г/моль
Қайнау нүктесі 360—365 °C
CAS саны 73-24-5
SMILES NC1=NC=NC2=C1N=CN2

Аденин (C5H5N5) - пурин негіздерінің тобындағы гетероцикінді қосылыс, түссіз кристалдар; балқу температурасы 360—365°С; ДНҚ және РНҚ нуклеозоидтер – нуклеотидтер нуклеин қышқылдары құрамында құрылымдық компонент ретінде болатын азотты негіз.

Пуриннің аминделген туындысы-пуриндік азотты негіз.[1]

Аденинді нуклеотидтердің құрам бөлігі және осы түрінде тірі организмдерде кең таралған (6-аминопурин).[2]

Клетка биоэнергетикасының негізгі көзі аденозинфосфор қышқылдарының, гормондар алмасуының реттеуші заттарының бірі, циклді 31,51-аденозинмонофосфаттың, коферменттердің (НАД, НАД], ФАД), т.б. құрамына кіреді.

Аденин сүт, ет, жұмыртқа, ашытқы, қызылша тамырында және көптеген өсімдіктердің жапырақтары мен гүлдерінде болады. Генетикалық кодтың (тірі организмде нуклеин қышқылы молекуласында бірыңғай тұқым қуалау жүйесінің мәліметін жазу) кестесінде «А» әрпімен белгіленеді. Аденин – организмнің нуклеин қышқылы молекуласында болатын тұқым қуалау қасиетін және белоктың биосинтезі процесінің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.[3]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 336 бет. ISBN 9965-36-416-8
  3. "Қазақ Энциклопедиясы"
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: category:Adenine
  NODES