Амариллис (лат. Amaryllis) – амариллистер тұқымдасына жататын көп жылдық пияз тектес өсімдік.

Амариллис

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Дара жарнақтылар
Сабы: Asparagales
Тұқымдасы: Amaryllidaceae
Кіші тұқымдасы: Amaryllidoideae
Тайпасы: Amaryllideae
Кіші тайпасы: Amaryllidinae
Тегі: Amaryllis
L.
түрлері

2 түрі белгілі

Кейбір түрінің отаны — Оңтүстік Америка. Жапырағы қос қатарлы, ұзынша, жылтыр; бір түсті не теңбіл жолақты 3—6 ірі гүлі жуан гүл сағақта өседі.

Амариллис жарықты сүйеді, бөлмейін оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағындағы терезе алдын ұнатады. Түйнек салып кө-бейеді, оны қыркүйек-октябрьде құмыраға түйнек биіктігінің 2/3 бөлігіндей тереңдікке бір талдан отырғызады.

Топырақ құрамы бір үлес жапырақ аралас топырақ, бір үлес шым топырақ, бір үлес қарашірік және бір үлес құмнан тұрады. Бой алып өскен кезде қалдырыл суарыл, тыңайтқышпен қо-ректендіреді. Отырғызғаннан кейін 2—3 жыл өткен соң гүлдейді.

Гүл сағағы жапырақ түзілгенге дейін өседі. Гүлдегеннен кейін тыныштық кезеңі басталады; осы кезде амариллисті температурасы 8—10оС қараңғы қоңыр-салқын бөлмеге орналастырыл, суаруды сиретеді. Желтоқсан айында қайтадан жарық жерге шығарыл, өсуін жеделдету үшін суаруды жиілете бастайды.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9


  NODES
Idea 2
idea 2
os 2