Амилопектин крахмал құрамындағы тарамдалған глюкоза тізбектерінен тұратын полисахаридтің бірі. Йод әсерінен көкшіл қызғылт түске боялады. Суық суда аз ериді, ыстық суда крахмал дәні бөрткенде, оның Амилопектині ұйыған желім тәрізді затқа (клейстерге) айналады. Амилопектиннің молекуласы мыңдаған глюкоза қалдығынан құралған. Олардың өзара химиялық байланысы 1 – 4 және 1 – 6 көміртек атомы арасында орналасқан. Өсімдік крахмалының 70 – 90%-ы, әсіресе, күріш, жүгері, арпа дәндерінің крахмалы 76 – 81%-ы Амилопектиннен құралған. Амилопектин организмде γ, β амилаза және фосфорилаза ферменттерінің әсерінен ажырап қантқа айналады.[1]

Сілтеме

өңдеу
  1. Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;
  NODES