Анри Грегуар (фр. Henri Jean-Baptiste Grégoire, аббат Грегуар (фр. abbé Grégoire); 4 желтоқсан 1750(17501204), Вео, Люневил маңы – 20 мамыр 1831, Париж) — 18 ғасырдың аяғындағы Ұлы француз революциясының қайраткері. Кедей шаруа отбасысында дүниеге келген. Дін иесі Грегуар барлық халықтардың теңдігін уағыздады, негрлерді құлдықта ұстауға қарсы шықты. Грегуар 1789 жылы Бас штатқа сайланып, қатардағы дін иелерін үшінші сословие өкілдеріне қосуды жақтады. Грант 1792 жылы Людовик ХVI тақтан құлатылғаннан кейін, Конветтің 1-мәжілісінде-ақ монархияны жоюды талап етті. 18-брюмердегі төңкеріске қатысты. Бурбондардың өкімет билігі қайта орнатылғаннан кейін монархистердің қуғынына ұшырады.

Анри Грегуар

Дереккөздер

өңдеу
  NODES