АпелдорнАмстердамның шығысынан 90 км қашықтықта орналасқан орталық Нидерландыдағы қала[1]. Гелдерланд провинциясындағы Апелдорн муниципалитетінің аймақтық орталығы. Аумағы – 341 13 шаршы км.

Қаладағы Парк Оранг, Принзенпарк, Ферзец-Стрэйдерс-Парк , Мхенпарк , Парк Доггерсбанк, Спрангенпарк , Оңтүстік парк , Каналпарк , Матенпарк секілді әсем саябақтар қаланы көріктендіріп тұр. Қалада елдегі ірі қағаз және қатты қағаз өндіретін фабрикалар мен көптеген қаржылық мекемелер орналасқан.

Сондай-ақ 1971 жылы негізі қаланған Апенхеуль хайуанаттар паркі қаланың батыс бөлігінде орын тепкен. Аталған хайуанаттар паркі маймылдардың қонақтармен қатар еркін жүріп-тұруына мүмкіндік берген әлемдегі тұңғыш парк ретінде ерекшеленеді.

Дереккөздер

өңдеу
  1. http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BF%D0%B5%D0%BB%D0%B4%D0%BE%D1%80%D0%BD
  NODES