Аражегіш (лат. Pernis apivorus) – сұңқартәрізділер отряды, қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс.

Аражегіш

Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Сұңқартәрізділер
(немесе Қаршығатәрізділер, q.v.)

Тұқымдасы: Қаршыға тұқымдасы
Тегі: Pernis
Түрі: P. apivorus
Екі-есімді атауы
Pernis apivorus
(Linnaeus, 1758)
Orange: Summer range Blue: Breeding/winter range of Honey Buzzard.
Orange: Summer range
Blue: Breeding/winter range of Honey Buzzard.
Pernis apivorus


Қазақстанның батыс аудандарында, Тянь-Шань тауларында кездеседі.

Дене тұрқы 45 – 62 см, қанатының ұзындығы 37 – 47 см, салмағы 500 – 800 г-дай. Тұмсығы онша биік емес, танау тесігі саңылауланған және көлбеу орналасқан. Езуі мен маңдайы бірін-бірі бастыра өскен қысқа қауырсыншалармен тығыз жабылған. Сондықтан оны ара шаға алмайды. Тырнақтары үшкір болғанымен әлсіз, арқа жоны қоңырқай, мойны ақшыл, бауыры қошқыл қоңыр не шұбар болады. Жеңіл ғана қалықтап ұшады. Ұясын ағаш басына салады, кейде құзғын, қарға, т.б. құстардың ұяларын пайдаланады. Мекиені 2 – 4 жұмыртқаны 34 күндей басады, балапандары 40 – 45 күнде ұядан ұшады. Негізгі қорегі – ұсақ жәндіктер және шоғырланып тіршілік ететін аралар.


Аражегіш қаршыға – жыл құсы. Сәуірде ұшып келіп, қыркүйекте қоныс аударып, Оңтүстік Африкада қыстайды.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ энциклопедиясы I том

Сыртқы сілтемелер

өңдеу
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Pernis apivorus
  NODES