Атлантида — ежелгі грек аңызы бойынша Атлант мұхитында болған құрлық немесе арал. Алғашқы деректер біздің заманымыздан бұрынғы 4 ғасырда жазылған Платонның «Тимей» және «Критий» диалогінде Геркулес бағанасының (қазіргі Гибралтар бұғазы) артында, теңіз суының ортасында орналасқан құрлық ретінде айтылады. Құдайлар жерді бөліскенде, Атлантида теңіз құдайы және жер сілкінісін тудыратын құдай Посейдонның иелігіне берілген. Ондағы тұрғын халық – атланттар Посейдонның жұбайы Клериодан туғандар деп есептелген. Табиғаты бай, жері шұрайлы құрлықтың мәуелі бай сыйын жергілікті тұрғындар пайдаланып отырған. Биік таулар Атлантиданың солтүстігінен келетін суық желдерден қорғаған. Шұратты да құнарлы жерлерін әр түрлі жан-жануарлар жайбарақат мекендеген. Қабырғасы алтыннан, күмбезі күмістен жалатқан қалаларында жоғары мәдениетті, ізгі, рақымшыл адамдар өмір сүрген. Олар жақсы шабандоз, шебер теңіз саяхатшылары болған. Осылай жылдардан жыл, ғасырлардан ғасырлар жайбарақат өте берген. Күндердің күнінде, табиғаттың миуалы сыйына тойынған немесе алып жатқан аумағы таршылық жасаған, билігін бүкіл әлемге жүргізбек болған. Олардың осындай іс-әрекетіне қарсы шыққан көршілері – афиналықтар ұрыста Атлантиданы жеңіп шыққан. Бұған ашуланған Посейдон өзінің бар ашуын бақытсыз аралдан алмақ болып Атлантиданы су астына жібереді. Бұл қайғылы оқиға біздің заманымыздан бұрынғы 9500 жылы болған. Құрлықтың гүлденіп, одан апат болып жер бетінен жойылып кетуі жайлы аңыз-әңгімелер адам баласының ой-жорамалы мен қиялын сарп етті. Жоғалған құрлықты іздеуге, табуға шабыттандырды, рух берді. Нәтижесінде жер туралы ғылымды одан әрі дамытуға үлкен ықпал етті. Атлантида туралы екі мыңнан астам кітап жазылған. Қазірге дейін жұмбақ болып келген Атлантиданың қай уақытта және қай жерде орналасқаны жайлы жаңа болжамдар жасалуда.[1]

Посейдон

Дереккөздер

өңдеу
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Atlantis
  1. Балалар Энциклопедиясы, II- том


  NODES
Done 1