Ацетилен (латынша acetum — сірке және грек. nyle — ағаш, орман, зат), HC≡CH — түссіз газ, қайнау температурасы — 83,8 °С, тығыздығы 1,0896 г/л. Оны 1836 жылы ағылшын химигі Э. Дэви ашқан, 1862 жылы француз химигі Бертоле синтездеп алған. Ацетилен сутегісінің қышқылдық қасиеті болғандықтан сілтілік металдармен ацетиленидтер түзеді, ал -электрондар бұлтының қатысуы арқылы әр түрлі элементтермен комплекстер құрайды. Ацетиленге қосылу реакциясы тән. Ол екі сатыда жүреді: алдымен этилен, одан кейін алқан туындылары түзіледі. Ацетиленді галогендеу реакциясы тетрахлорэтилен, трихлорэтилен, винилхлорид т.б. галогенді туындылар өндіруде қолданылады. Ацетилен әр түрлі катализаторлар көмегімен сумен әрекеттесіп сірке алдегидін түзеді. Ацетиленге спирт қосу арқылы әр түрлі бағалы полимерлер және сополимерлер алу үшін қолданылатын мономерлер өндіріледі. Ацетиленді ĕ-пирролидонға қосқанда N-винилпирролидон, ал оны полимерлеу арқылы жасанды қанның негізін құрайтын зат алынады. Ацетиленнің карбонилді қосылыстармен әрекеттесуінен ацетиленді спирттер, ал олардан әр түрлі биология активті және микроэлектроникаға қажетті заттар өндіріледі. Ацетиленнің циан қышқылымен әрекеттесуінен акрилонитрил, ал көміртек тотығымен, спирттермен не аминмен әрекеттесуінен акрил қышқылының эфирлері мен аминді түзіледі. Бұлар өте құнды полимерлер алуға жұмсалатын мономерлер. Ацетилен кальций карбидін сумен өңдегенде алынады. Ацетиленді табиғи газды электрокрекингтеу, термототықтыру крекингі, пиролиздеу арқылы және плазмохимиялық жолмен де өндіреді. Ацетилен 5000°С температурада немесе 0,2 МПа қысымда жарылғыш келеді. Басқа газдармен араластырса (азот, метан, пропан т.б.) жарылу қаупі азаяды. Ацетиленді инертті керек заттармен толтырылған (ағаш көмірі) болат баллондарда, ацетондағы ерітінді түрінде 1,5 — 2,5 МПа қысымда сақтайды және тасымалдайды. [1] Молекулаларында бір және екі қос байланысы бар көмірсутектерден басқа да қанықпаған көмірсутектер болады. Қарапайым өкілі ацетилен болып табылатын тағы бір қосылыстар тобы болады.

Ацителен формуласы

Ашылуы

өңдеу

1836 жылы Эдмунд Дэви ацетиленді ашқан. Оны «көміртегі мен сутегінің жаңа қосылысы» деп атаған. Ал француз химигі Марселин Бертло 1860 жылы қайтадан ашып, оны «ацетилен» деп атаған.

Ацетиленнің құрылысы

өңдеу

Ацетилен қатарындағы бірінші мүше түссіз газ, суда аздап ериді. Ацетилен молекуласының құрылысын зерттеу, көміртегі және сутегі атомдарының бәрі бір түзу сызық бойына орналасқанын көрсетеді, молекула сызықтық құрылысты болады. Жүйелеу номенклатурасына сәйкес, үш байланысты көмірсутектер атаулары өздеріне сәйкес қаныққан көмірсутектердегі –ан жұрнағын –ин жұрнағына алмастыру арқылы шығады. Ацетилен көмірсутектерінің изомері бутиннен басталады.

Химиялық қасиеттері

өңдеу

Осы қатардағы көмірсутектердің қасиеттерін практикалық маңызы зор ацетилен мысалында қарастырамыз. Ацетиленнің метаннан және этиленнен айырмашылығы – ол күйелі жалын шығарып жанады. Ацетиленнің қанықпаған қосылыс екенін анықтау үшін ацетилен толтырылған цилиндрге калий пермаганаты ерітіндісін құямыз. Ерітінді тез түссізденеді. Сөйтіп, этилен сияқты, ацетилен де оңай тотығады.


Қолданылуы

өңдеу

Молекуласында үш байланысы бар көмірсутектерден ең көп қолданылатыны – ацетилен. Осыдан аз – ақ бұрын ацетилен металл пісіру және кесу үшін жанғыш зат ретінде ғана пайдаланылатын. Қазір ол әр түрлі органикалық қосылыстарды синтездеу үшін көбірек қолданылады.

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ Энциклопедиясы, 1 том


  NODES
Done 1