Ақ түлкі (лат. Vulpes lagopus) – иттер тұқымдасына жататын жыртқыш аң.

Ақ түлкі

Амандық күйі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Жыртқыштар
Тұқымдасы: Иттер тұқымдасы
Тегі: Vulpes
Түрі: V. lagopus
Екі-есімді атауы
Vulpes lagopus
Linnaeus, 1758[1]
Ареал
Ареал
Синонимдері

Alopex lagopus
Canis lagopus


Ақ түлкілер Солтүстік Америка мен Еуразияның орманды тундрасында, тундрада және Солтүстік Мұзды мұхиттың аралдары мен Командор, Алеут, Прибылов аралдарында таралған. Дене тұрқы 45 – 75 см, құйрығы 25 – 52 см, салмағы 2 – 9 кг. Сыртқы пішіні қызыл түлкіге ұқсас, бірақ тұмсығы мен құлағы қысқа келеді. Терісінің түсіне қарай ақ және көгілдір болып бөлінеді. Ақ түлкі жылына 2 рет түлейді. Қыста жүні ұзын қалың, жұмсақ және біркелкі ақ, ал жазда ақсары бурыл болады. Көгілдір түлкі түлемейді. Ақпан – наурызда ұйығып, 52 күннен кейін 3 – 15, кейде 22 күшік табады. Күшігін баулып жетілдіргенше інінен ешқайда кетпейді. Күз – қыс айларында тамақ іздеп кезіп жүреді. Тамақ талғамайды. Олар көбіне тышқантәрізді кеміргіштерлеммингтер мен және тоқалтістермен, құстармен қоректенеді. Қолда бағылып та көбейтіледі. Ақ түлкі – терісі өте бағалы аң, сол үшін ауланады.[2]

Дереккөздер

өңдеу
  1. a b Angerbjörn, A., Hersteinsson, P. & Tannerfeldt, M. (2008). Alopex lagopus. In: IUCN 2008. IUCN Red List of Threatened Species. Downloaded on 11 ақпан 2009.
  2. Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V- том


  NODES