Базиликата (итал. Basilicata) —Италия әкімшілік ауданы.

Аудан
Базиликата
Basilicata
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Енеді

Провинциялар:
Матера, Потенца

Әкімшілік орталығы

Потенца

Басшысы

Вито Де Филиппо

Тарихы мен географиясы
Жер аумағы

9 992 км²

Тұрғындары
Тұрғыны

597 768 адам (30.11.2011)

Тығыздығы

60 адам/км²

basilicatanet.it

Базиликата картада

Физика-географиялық сипаттамасы

өңдеу

Географиялық орналасуы

өңдеу

Базиликата Италияның оңтүстік бөлігіндегі Таранто шығанағында Иондық теңiзінде орналасқан.Жер аумағы - 9 992 шаршы км.Тұрғыны шамамен 600 000 мың адам.Астанасы - Потенца.Аумақ 2 провинцияға бөлінеді - Потенца және Матера.Тарихта Лукания атымен танымал.Рим империясының құрамына бірге кірген көршілес елдермен тарихи байланысы бар. Нормандық жаулап алулардан кейін Екi Сицилия хандығы мен Неаполитандық хандығы құрамына, 1861 жылдан бастап Италия хандығының құрамына,кейін Италия республикасының құрамына кірді.1932 жылдан бастап 1947 жылға дейін аумақ Лукания деп аталды,сосын қайтадан қазіргі атына ие болды.

Базиликата солтүстікте Апулиямен,шығыста Иондық теңізбен,оңтүстікте Калабриямен,батыста Тиррен теңізімен және Кампаниямен шекараласады.

Рельеф

өңдеу

Базиликата аумағының 47%-ын таулар алып жатыр.Ең биік нүктесі Дольчедорме, 2267 м Поллино массиві жартылай кіреді.Сол сияқты Сирино массиві, биік нүктелерімен Монте Папа, 2004 м, Монте Рапаро, 1764 м және Маддалена таулар жүйесі - биік нүктесі Монте Вольтурино,1836 м.Провинцияның солтүстігінде Спенто жанартауы орналасқан.Аумақтың 8%-ын жазықтар алып жатыр.Брадано, Базенто, Агри, Синни және Кавоне өзендері танымал.

Климат

өңдеу

Климат —субтропиктік жерорта теңіздік. Жағалауларында - теңіздік,төмен қарай континенталды болып келеді.Базиликата - көптеген ұлттық парктер мен фауна, флораға бай.

Тарихы

өңдеу

Археологиялық жазбалар бойынша Базиликатада көне заман адамдары өмір сүрген.Италиядағы Базиликата және Лукания деген екі атқа ие болған жалғыз аумақ. Аттарының қалай пайда болғаны туралы түрлі тұжырымдар көп.Соның бірі грек сөзінен шыққан «басилеос» -византия императорының титулы.Бұл аты Италияның Византия қармағында болған кезде пайда болған.Қазір бұл ат ресми түрде танылады,бірақ 1799 - 1820 жылдар аралығымен 1939 - 1942 жылдары арасында Лукания аты қайтадан берілді.Бұл ат лукан елінен тараған,латын тілінде «лукус» -орман,грек тілінде «люкос -қасқыр деп аударылады.

 
Базиликата провинциялары

Базиликата елдері туралы деректер көне авторлардың жазбаларында кездеседі:Страбон,Антиоха Сиракузский және т.б.Көне жазбалардағы деректер бойынша,басқа тайпаларға қарағанда лукандар тайпасы ел болып кеш қалыптасқан.Самниттерден тараған деген деректер кездеседі.Бұдан ертеректе осы жерлер мен басқа да Оңтүстік Италияның көршілес жерлері гректердің отарлығында болған.Отарлықтар ол кезде Ұлы Грекия деп аталынған.Лукандар самниттармен және бруттиялармен бірге грек,рим отаршылығына қарсы тұрған.Соңында қуатты ел латиндар Италияны басып алды.Римдік үстемдік орнатылғаннан кейін Италияның оңтүстік бөліктерінде ашаршылық бет алды.

Орта ғасырларда Базиликата герман тайпасының,готтар және лангобард тайпаларының шапқындарына ұшырады,одан кейін Византияның қармағында болды.847 жылы Базиликата Салерно автономдық княздігіне кірді, Салерно лангобард Беневенто герцогтынының құрылуы нәтижесінде пайда болған. Веноза, Мельфи, Дженцано, Форенца, Монтепелозо жерлері сол сияқты норман елдерінің құрамында болып,кейін Пулия провинциясын құрған.11ғ.Базиликата Екі Сицилия хандығының құрамына, сосын Неополитандық хандықтың құрамына кірді.Бұл хандықтарда билік үшін анжуй және арагон династиялары таласқан.Базиликата Италиядағы ең кедей аумақ, сондықтан да көптеген көтерілулер,креситьян көтерулері,жаппай миграциялар жиі болып тұрады.

Экономикасы

өңдеу

Италиядағы ең кедей аумақ.Базиликатаның ЖІӨ-і 0,7% ол 10.539,3 млн еуро.ЖІӨ жан басына шаққанда — 17.781,9 еуро.Ауыл шаруашылығында көбінесе дәнді-дақылдар жақсы дамыған - бидай,кукуруза,арпа,сұлы.Мемлекет ішінде Базиликата дәнді-дақылдардан 1 орынға ие.Белестерде - жүзімдктер,жеміс плантациялары - алқоры,шабдалы,алмұрт,киви және цитрустар.Мал шаруашылығы - шошқалар,қозылар,қойлар.Балық аулау аз дамыған(Ион теңізінің жағалауларында).Альянико дель Вультуреде шығарылатын танымал шарап.

Сілтемелер

өңдеу
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Basilicata


  NODES
Done 1