Байғыз (лат. Athene noctua) — жапалақтәрізділер отрядына жататын Нақтылы жапалақ тұқымдасы Байғыздар туысының құсы.

Байғыз

Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Жапалақтәрізділер
Тұқымдасы: Нақтылы жапалақ тұқымдасы
Тегі: Байғыздар туысы
Түрі: A. noctua
Екі-есімді атауы
Athene noctua
(Scopoli, 1769)
Байғыз ареалы
Байғыз ареалы
Синонимдері

Carine noctua

Athene noctua vidalii

Таралуы

өңдеу

Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-шығысынан басқа жерлердің бәрінде мекендейді, әсіресе, Үстіртте, Маңғыстауда, Арал, Балқаш жағалауында, Қаратауда, Алтайда жиі кездеседі. Республикамызда байғыздан басқа, орман байғызы (Aegolius funereus), байғызша (Glaucidium passerinum) деген түрлері бар.

Биологиялық сипаты

өңдеу

Байғыздың қоразы қанатының ұзындығы 153—172 мм, салмағы 154—157 г, мекиенінің денесі ірілеу, қанатының ұзындығы 157—175 мм, салмағы 195—260 граммдай болады. Арқасы қоңыр теңбілді, бауыры ақшыл тарғыл, тұмсығы сүйір, имекті келеді. Жарқабақтардағы індер мен жартастағы үңгірлерге ұя жасап, оған 4—6 ақ жұмыртқа салады.[1] Оны мекиені бір айға жуық басады, балапандарын 35—40 күнде ұядан ұшырады.

Қорегі

өңдеу

Байғыз — отырықшы құс. Олар майда кеміргіштермен, торғай тәрізді құстармен, ұсақ жәндіктермен қоректенетіндіктен, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді. Алайда қазақ халқының дәстүрлі ұғымында байғыздың шақыруы жаман ырымға баланып, бұл құсқа қатысты әр түрлі аңыздар пайда болған.[2][3]

Дереккөздер

өңдеу
  1. «Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007
  2. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;
  3. "Ордабасы": Энциклопедия.- Шымкент:"Ордабасы".2008.
  NODES