Бали
Бали (индон. Bali) — Индонезияның аралы. Ява аралынан жіңішке бұғаз (ені 7 км) арқылы бөлінген. Ауданы 5,8 мың км². Тұрғыны 3 млн. адам (1995 жылы). Жер бедері таулы, ендік бағытта орналасқан тау сілемдерінің биіктігі 1500 — 3000 м (Агунг жанартауы — 3142 м). Жағалары тік жар, аз тілімденген. Агунг жанартауы 1963 жылы наурызда, 613 жылдан кейін атқылап, 5 мыңнан астам адам өліміне және үлкен материалдық шығынға ұшыратты. Климаты тропиктік, муссондық. Жазы жауын-шашынды (жылына 1500 мм), қысы құрғақ. Топырағы қызыл-сары, ферралитті. Биік белдеулерде мәңгі жасыл орман, жағадағы батпақты ойпаттарда мангр өсімдіктері өседі. Арал Индонезия көне мәдениетінің ірі орталығы болып табылады. Мұнда “Король бейіті” (11 ғасыр), “Пілдер үңгірі” (13 ғасыр) сияқты архитектор ескерткіштер бар.[1]
Бали индон. Bali | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 5780 км² |
Ең биік нүктесі | 3142 м |
Тұрғындар (2010 жыл) | 3 890 757 адам |
Халық тығыздығы | 673,141 адам/км² |
Орналасуы | |
8°21′18″ о. е. 115°06′57″ ш. б. / 8.355° о. е. 115.1158° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 8°21′18″ о. е. 115°06′57″ ш. б. / 8.355° о. е. 115.1158° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Архипелаг | Малай архипелагы |
Акватория | Үнді мұхиты |
Ел | Индонезия |
Аймақ | Бали |
Бали Ортаққорда |
]]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |