Бандура (грекше bandura — үш ішекті аспап) — украин халқының шертіп ойнайтын көп ішекті (7-ден 40-қа дейін) аспабы. Бандура сол жағы үлкейтілген алмұрт формалы болып ағаштан жасалады. Үстіңгі қақпағы жазық, дыбыс шығаратын тесігі дөңгелек немесе жұлдызша пішінді, мойны қысқа. Орындаушы дыбысты күштірек шығару үшін оң қолдың саусағына оймақ киеді. 16 ғасырдағы әдеби нұсқаларда Бандураның аты тұңғыш рет кездеседі. 19 ғасырға дейін Бандураның тұрқы мен аты тұрақты белгіленбеген. “Бандура” және “кобза” терминдері синоним ретінде қолданылатын. Бандураның сүйемелдеуімен бандурашылар душаларды, тарихи, тұрмыс-салт, эпикалық (батырлық) әндерді, би әуендерін орындайды. 20 ғасырдың 20-жылдары Бандура жетілдірілді. Ішектері көбейіп, Бандура-прима, Бандура альт, Бандура бас және Бандура контрабас болып бөлінді. Ең үздік Бандура жасаушы шеберлер — И.М.Скляр мен В.Е.Герасименко. Бандураны бандурашылар капеллаларында, оркестрлер мен ұлт аспаптық ансамбльдерде кеңінен пайдаланып жүр. [1]

бандура

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ Энциклопедиясы


  NODES