Бантулар
Бантулар (өздерінде а-ва-ntu — адамдар деген ұғымды білдіреді) — Африканың оңтүстік аймақтарын мекендейтін халықтар тобы. Жалпы саны 200 млн. адам. Бантулар тобына кіретін халықтар: кикуйю (Кения), баганда (Уганда), руанда (Руанда, Бурунди), баконго, монго және балуба (Конго), умбунда (Ангола), зулустар (Оңтүстік Африка), т.б. Бантулар Танзания жерінде көп шоғырланған және халқының 98,9%-ін құрайды.[1]
Бантулар | |
а-ва-ntu | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
200 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Шығыс Африка, Орталық Африка және Оңтүстік Африка | |
Тілдері | |
Діні | |
Тілі
өңдеуКөптеген банту халықтары екі және көп тілдесөйлейді. Суахилитілінде сөйлейтіндер саны бойынша банту тілдерінің ішіндегі ең үлкені (50 миллионнан астам адам) кең таралған.
Діні
өңдеуБантулар – христиандар мен сүнниттік мұсылмандар, кейбіреулері дәстүрлі наным-сенімдерін сақтайды, афро-христиандық шіркеулерді ұстанушылар бар.
Таралуы
өңдеуЭкваторлық Африкада бантулар Экваторлық Гвинеяда, Габонда, Конго Республикасында, Камерунның батыс және оңтүстік аймақтарында, Орталық Африка Республикасының оңтүстік-батысында, Конго Демократиялық Республикасының басым бөлігінде, Ангола мен Замбияда тұрады. Ең ірісі: дуала, буби (фернандтар), фанг (фанги, пангве), теке (батеке), нгала (бангала), монго, тетела (батетела), куба (бакуба), луба (балуба), лунда (балунда), конго ( баконго), амбунду (бамбунду), овимбунду (мбунду), чокве (вачокве), луэна (валуена), лози (балози), тонга (батонга), бемба (бавемба).
Оңтүстік Африканың негізгі бөлігін банту тілінде сөйлейтін зулу (амазулу, зулу), коса (амакоса, кафрлар), свази (амасвази), ндебеле (амандебеле), матабеле, цвана (цвана, бечуан), суто (басуто), педи (бапеди), тсонга (батцонга), венда (бавенда), шона (машона), гереро (овагереро), овамбо және басқа халықтары мекендейді.[2]
Кәсібі
өңдеуБантуларға 19-ғасырдың аяғында қолмен атқарылатын егіншілік тән болды. Көптеген халықтардың аралас егіншілік-малшылық (сукума, тонга, т.б.) және негізінен мал шаруашылығы (сутхо, коса, т.б.) болды. Ара шаруашылығы мен аңшылық маңызды рөл атқарды, 19 ғасырда піл сүйегіне сұраныстың артуына және атыс қаруының таралуына байланысты пілдерді аулау коммерциялық сипатқа ие болды. Отарлауға дейінгі кезеңде бантулар темір, мыс және алтынды балқыту мен өңдеуді білген. Олар ағаштан, сүйектен жоғары көркем бұйымдар жасады, алмасу жүйелерін дамытты (айырбас эквиваленттері – каури қабықтары, мыс және темір бұйымдары, ірі қара мал, төсеніштердің ерекше түрлері). Ұсталық, зергерлік жақсы дамыған. Балта, қылыш, пышақ жасап, оларды ұлттық өрнекпен безендіреді.[3]
Өмір салты
өңдеуОрта ғасырларда жекелеген банту халықтары ерте саяси құрылымдарды құрды - торолар арасында китара, шона арасында мономотапа және басқалар, шығыс жағалаудағы суахили қала-мемлекеттері. Негізгі өндірістік-қоғамдық бірлік егіншілік қауымдастығы болып қала берді, ал билікті ұйымдастырудың негізгі нысаны ру-тайпалық және тайпалар одағы болды. Рулық-тайпалық қатынастардың дәстүрлері қоғамның барлық саласында күшті болды.
Отырықшы бантулар ағаш бұтақтарынан өріліп, сырты балшықпен сыланған, төбесі пальма жапырақтарымен немесе шимен жабылған үйлерде тұрады. Теңіз жағалауында төрт бұрышты үйлер көбірек.
Киім орнына ертеректе теріден жасалған кейде өсімдіктерден тоқылған жамылғыштарды пайдаланған. 19 ғасырдан бастап Бантулар еуропалық үлгідегі киімдерді киетін болды. Қазіргі кезде ұсақ ұлыстар көп санды этностардың төңірегіне топтасып, солармен бір ұлт болып бірігуге бағыт алуда.[4][5][6]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Top 30 analogous words or synonyms for бантулар https://wordsimilarity.com/kk/%D0%B1%D0%B0%D0%BD%D1%82%D1%83%D0%BB%D0%B0%D1%80 Мұрағатталған 6 наурыздың 2023 жылы.
- ↑ Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/861331
- ↑ народы мира / Банту http://www.etnolog.ru/people.php?id=BANT
- ↑ Қазақ Энциклопедиясы
- ↑ Р.Н., Этнические проблемы современной Тропической Африки, М., 1973
- ↑ Страны мира, М., 1997.